№ 16 колледж МКҚК Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Тунгушбаева Марина Акилбековна Бөлім: 1 Бөлім Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті. (Әлеуметтік-экономикалық бағыт). Тақырыбы: Қоғам құндылығы – халықтың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі. Орфографиялық норма.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелері
-Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
Сабақтың мақсаты:
мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, өз біліміне сүйене отырып тақырыпты жалғастырады.
мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографикалық нормаға сай жазады.
Барлық білім алушыларды оқу процесіне тартуға ықпал етеді
Оқушыларды жеке және ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқытуды қарастырады
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу;
ә) білім алушыларды түгелдеу;
б) аудиторияға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жағымды психологиялық ахуал
“Мен саған сенемін!” әдіс-тәсілін қолданамын.
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың!». Осылай бір-біріне сенім білдіреді.