"Қазақ тілі және әдебиеті" пәнінен 6 сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспар 2022-2023 оқу жылы Түсінік хат «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет1/7
Дата03.09.2022
өлшемі60,15 Kb.
#38403
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6-сынып


"Қазақ тілі және әдебиеті" пәнінен 6 сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспар
2022-2023 оқу жылы


Түсінік хат

«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқыту орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-11 сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар .


«2022-2023 оқу жылында ҚР Жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ҚР БҒМ әдістемелік нұсқау хаты.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты: негізгі орта білім беру деңгейіне арналған .
«Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты– оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
-шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
- білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;
-туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;
-оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
-оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
-оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


Жылдық жүктеме 144 сағат, аптасына 4 сағат.


I-тоқсан-34
II-тоқсан-32
III-тоқсан-40
IV-тоқсан-38

Оқулық: Алматы «Мектеп» 2018 . Г.Қосымова, А.Сатбекова, К. Берденова, К.Рахимжанов


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Қазақ тілі пәні 6-сынып Барлығы: 144 сағат, аптасына 4сағат





№ реті

Бөлім

Сабақ тақырыбы

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескертпе



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет