Балаларға сәлемдесу мен қоштасу ережелері туралы түсінік беру, ересектермен және құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидаларымен таныстыру; өздері жайлы жалпы мәлімет беруді меңгерту; дауысты дыбыстар туралы түсініктерін қалыптастыру, ойыншықтар мен балабақша туралы білімдерін бекіту. Балаларды қазақша сөйлеуге, ересектердің сәлемдесу мен қоштасу үлгісін білдіретін сөздерді түсіну және қолдануды, өздерін атауды үйрету; сөздегі дауысты дыбыстарды дұрыс дыбыстауға жаттықтыру.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "сәлеметсіз бе", "сәлеметсің бе", "сау бол", "Менің атым...", "менде...бар", "сенде не бар?" сөздері мен сөз тіркестерін еңгізу; ойыншық атауларын дыбыстау оларды еркелету мәнерінде атау арқылы сөздік қорларын молайту.
Әртүрлі көңілді, ырғақты әуендер аудиотаспалары
Интерактивті тақта немесе көрнекіліктерге арналған тақта, көрсеткіш.
Демонстрациялық сурет: Еркежан әже мен Дана.
Сәлемдесу жаттығуына арналған суретті карточкалар.
Демонстрациялық сурет: балабақша.
Заттық суреттер: текше, доп, қуыршақ, машина, пирамида, смартфон, қол сағат, аю, қоян.
Демонстрациялық сурет, "Ойыншықтар": құлын, бота, қозы, бұзау.
Таратпалы заттық суреттер: текше, доп, қуыршақ, машина, пирамида, смартфон, қол сағат, аю, қоян.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
"Егер адам" тіл ұстарту жаттығуы.
Лексикалық жаттығу. "Менің атым...".
Топтау мен жалпылау бойынша әңгімелесу-тапсырмасы: "Ойыншықтар".
Сөйлеу қабілетін қалыптастыруға арналған жаттығулар: "Иә, мынау ойыншық", "Жоқ. Ойнамаймыз, ойыншықтар емес".
Фонетикалық ырғақ. "Ойыншықтар билейді".
Сөзді түрлендіруге арналған сөздік жаттығу. "Еркелет".
Диалог ойыны "Менде мынау бар".
Тақпақты жаттауға арналған тапсырма. "Ойыншықтар"".
|