Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет57/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі

Балалардың қысқы спорттық (коньки, хоккей, шаңғы) ойын түрлері туралы түсініктерін кеңейту; оның ішінде; іс-қимыл тәсілдері және қысқы ойын-сауықтың қандай да бір түрлері туралы түсініктерін дамыту; денсаулықты нығайтуға ықпал ететін қысқы мезгілдегі көшедегі тәртіп ережелерімен таныстыру; мнемо карталарға, іс-әрекеттері, пантомималары бар суреттерге сүйене отырып, балалардың қыс қызығы тақырыбы бойынша қазақ тілінде түсінік беру дағдыларын дамыту; балаларды достыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
- аққала; коньки; қарлы төбе; шана; қар; шаңғы; таудан сырғанайды; шана сүйрейді, күшікті сырғанатады; коньки тебеді; екі бала құшақтасып, жымияды; шаңғы тебеді; қолқаппен қар ұлпасын ұстайды; аққалаға арналған шарлар; қар лақтыру.
Тыныш қарқынды әуен.
Көрнекіліктерге арналған демонстрациялық тақталар, нұсқау таяғы,
интерактивті тақта.
Қар үстімен жүрген дыбыстың жазбасы.
Көңілді ырғақты әуендердің аудиожазбалары.
Аққала-хоккейшінің демонстрациялық суреті.
Сөздік жұмысына арналған мнемокарталар.
"Біз не істейміз?" ойынына арналған суреттер.
Қысқы ойын-сауықтың демонстрациялық суреті."
"Қыста әр түрлі киінген балалардың суреттерінің үлестірмелі
сериясы:біреуі тым жылы киінген, екіншісі жеңіл, үшіншісі спортпен
шұғылданады. Суреттер саны балалар санына орай немесе екі
адамға арналған бір жиынтық болуы мүмкін.
"Амандасайық" жаттығуы.
Мнемокарталар мен түйін сөздер негізіндегі сөздік жұмыс. "Сөзді аяқта".
Суреттерге негізделген әрекеттерді көрсететін етістік сөздерді таңдау бойынша ауызша жаттығу. "Біз не істейміз?".
Сөйлем түрлеріне негізделген қысқы көңілді оқиғаны құрастыруға арналған ауызша жаттығу. "Қыс қызығы".
Пантомима мен музыкаға негізделген ауызша-ырғақты жаттығу. "Өзендегі мұз".
Жеке қажеттіліктер мен сыртқы жағдайларды салыстыру негізінде тәртіп ережелерін құруға арналған ауызша-логикалық жаттығу. "Не дұрыс емес?".
Есте сақтау жаттығуы: "Денсаулық - зор байлық".





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет