Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ортаңғы топ
Бейсенбі
|
Үй жануарлары мен құстардың аттарын жатқа білуге, қазақ тіліндегі балаларға арналған тақпақтарды («Көшеде») мұқият тыңдауға, тақпақ-мазақтамақтардың мазмұнын түсінуге, педагогтің үлгісімен жатқа айтуға үйрету, еліктеу сөздерін дұрыс қайталап айтуға, оларды сұрақтарға жауап беруде қолдануға үйрету; төл сөздерді еркелетіп айтылған атауларына сүйене отырып анықтауға үйрету.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздік қорына «тақпақ - жаттамақ», «сиыр», «жылқы», «қой», «ешкі» сияқты сөздерді енгізу. Сөздік қорын келесі сөздер мен сөз тіркестері арқылы: «далада», «тауық», «қаз», «үйрек» белсендіру.
Ойыншық балапан немесе балапанның суреті. Сиыр, жылқы, қой (ешкінің) дыбыстары жазылған аудиожазба. Сергіту сәтіне арналған орташа темптегі ырғақты әуеннің аудиожазбасы. Көрсеткіш, суретті қарауға арналған "сиқырлы сақина". Үй жануарларының демонстрациялық заттық суреттері: сиыр, жылқы, қой, ешкі. Шарбақ бойымен біраяқты жолмен қаз қатар келе жатқан үйрек, қаз, тауықтың сюжеттік суреті (мультипликациялық бейнесі).
"Кел, сәлемдесейік!" жаттығуы.
Ғажайып сәт.
"Дауысын танысаң, не екенін айт!" сөздік жаттығуы.
Көркем сөз. "Үй жануарларының дыбыстарын қайталау" (артикуляциялық жаттығулар, диалогтар).
Сергіту сәті: "Шалғынға шықты балалар".
Суреттер көрсету.
"Көшеде" тақпақ-мазақтамақты мәнерлеп айтқызу.
Кейіпкермен қоштасу.
Ойын түріндегі рефлексия.
|