Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы 2-апта, Қыркүйек айы, 2022 – 2023 оқу жылы
Күн тәртібі
Орта топ:
Ересек топ:Сәрсенбі
Аралас топ:
Ұйымдастырылған іс-әрекетіне дайындық
Ұйымдастырылған әс-ірекет мазмұнына байланысты көрнекіліктер мен құралдарды дайындау.
Ұйымдастырылған іс-әрекет. Ортаңғы топ,аралас топ.
Қазақ тілін тыңдап, түсінуге, қабылдай алуға үйрету, ересек адамның үлгісі бойынша амандасуды, қоштасуды, өзін таныстыруды білдіретін сөздерді түсініп, қолдана алады, сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздік қорына келесі сөздер мен сөз тіркестерін енгізу, "сәлеметсіз бе", "сау болыңыз", "балабақша", "топ", "топ бөлмелері", "шкафтар", "ойыншықтар", "топ ережелері".
Қуыршақ Дана. Сергіту сәтіне арналған орташа темптегі ырғақты әуен.
Балабақшаның, музыка залының, спорт залының демонстрациялық суреттері.
"Кел , сәлемдесейік!" жаттығуы.
Ғажайып сәт. Қуыршақ Дананы балалармен таныстыру.
"Балабақшамен таныстыру" тақырыбында слайд материалдарын ұсыну.
Балабақша ішіне саяхат.
Сергіту сәті: "Ойыншықтар әні".
"Нені қайда қоямыз?" дидактикалық ойыны.
Көркем сөз "Балабақшам". Өлеңін мәнерлеп оқу, қайталату.
Кейіпкермен қоштасу.
Ойын рефлексиясы "Смайлик".