Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет49/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі

Балаларды "Ф-В" дыбыстарымен, "Ф ф-В в" әріптерімен таныстыру. "Ф-В" әріпін ауа арқылы жазып көрсету. "Ф-В" дыбыстарының нақты артикуляциялық қалпын қалыптастыру, естіп, ажыратуға үйрету, буындарда, сөздерде дұрыс айтуға дағдыландыру. "Ф-В" дыбыстарының сөздің кез келген жерінен (сөз басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету. "Ф-В" дыбыстары кездесетін сөйлем ойлатып, сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы, сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу. Төзімділікке, ұқыпты, әдемі, таза жазуға дағдыланады. Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы білімдерін кеңейту.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Ф", "В", "Жаңа жыл", "вафли", "вагон", "трамвай", "вокзал", "аквариум" сөздерін пайдалану.
Шаттық шеңбері, әңгімелеу, сергіту сәті, артикуляциялық гимнастика, сұрақ-жауап, жаңылтпаш, жұмбақ жасыру, көркем сөз, дидактикалық ойындар, саусақ жаттығуы, тіл ұстарту жаттығулары, фонопедиялық жаттығулар, тыныс алу жаттығуы.
Артикуляциялық гимнастика
«Ф» және «Б» дыбыстарының артикуляциясын салыстыру.
Буындарда есту, табу жаттығуы: "Қатты - ақырын - сыбырлап" ойыны, "Тез - ақырын" ойыны, "Жалғасын тап" ойыны.
Жұмбақтар жасыру.
«Үш торай» ертегісін мәнерлеп оқу.
"Ф", "В" дыбыстары бар сөздерді естігенде қолды көтер" жаттығуы.
Көркем сөз. "Жаңа жыл".
Тіл ұстарту жаттығулары
Дыбыстық талдау: "Фара", "Ваза".
Сергіту сәті: "Еркiн ұста денеңдi".
Жазылым жаттығуы.
Есте сақтайық: Ф және В - қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстар.
"Ф" дыбысы орыс тілінен енген дыбыс: фонтан, футболшы, ферма, шкаф.
"В" дыбысы орыс тілінен енген дыбыс: велосипед, вокзал, трамвай, автобус, вагон, аквариум, витамин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет