Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Бірөңкей, біртектес нәрселердің ішінен жеке біреуіне ғана тағылған



Pdf көрінісі
бет116/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   406
Бірөңкей, біртектес нәрселердің ішінен жеке біреуіне ғана тағылған 
арнаулы атауды білдіретін зат есім сөздерін ж а л қ ы е с і м дейді. 
Мысалы: 
Сабыр, Зейнеп, Сәруар, Астана, Орал, Алатау, Гималай, Арал, 
Шалқар, Ертіс, Шу, Іле, «Зерде», «Жас алаш», «Ботакөз».
Жалқы есім болып келетін зат есім сөздеріне мыналар жатады: 
а) кісі аттары мен тегі: 
Ыбырай, Абай, Шоқан, Мұқтар Әуезов, Әлия 
Молдағұлова, Қайрат Рысқұлбеков;
ә) мемлекет, облыс, аудан, қала, көше атаулары, кәсіпорын, ұйым, мекеме 
атаулары, өзен, теңіз, тау аттары тағы басқа да географиялық атаулар: 
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,Тараз қаласы, Райымбек ауданы, 
Абай көшесі, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі, Каспий теңізі, 
Балхаш көлі, Іле өзені;
б) кітап, газет, журнал аттары: 
«Абай жолы», «Толқында туғандар», 
«Қазақ әдебиеті», «Сынып жетекшісі», «Балдырған», «Қазақстан мұғалімі»;
в) зауыттар мен фабрикалардың, фирмалардың , мәдени және 
тұрмыстық қызмет көрсету кешендерінің, сауда орталықтарының , спорт 
кешендерінің атаулары: 
«Рахат» кондитер фабрикасы, «Астана- 
Арена»стадионы, « Қазақстан » қонақ үйі; «Рамстор» сауда орталығы, 
«Хан тәңірі» мейрамханасы, «Ұлар үміт» зейнетақы қоры, « Арман» 
кинотеатры, «Қайрат» фудбол клубы, т.б. 
г) кейбір үй жануарлары мен малға тағылған атаулар: 
Тайбурыл, 
Құлагер, Ақтөс, Жолдыаяқ, Қараторғай т.б. 
ғ) кино туындылары мен спектакльдердің, көркем әдебиет 
туындыларының, ән-күй т.б. аттары: 
«Көшпенділер», «Менің атым Қожа», 
«Тақиялы періште», «Ана – Жер-ана», «Айман-Шолпан», «Ақиқат пен аңыз», 
«Ақбілек», «Сырымбет», «Менің Қазақстаным», «Шалқыма», «Адай», «Көңіл 
толқыны». 
Жалқы есімдер сөйлем ішінде бас әріппен жазылады. 
Жалқы есім сөздері дара және күрделі болып келе береді. Жалқы есімдер 
біріккен сөз түрінде де, бірнеше сөздердің тіркесінен де жасалады. Кітап, 
газет, журнал аттары, басқа да шартты түрде қойылған атаулар тырнақшаға 
алынып, бірінші сөзі бас әріппен жазылады. Мысалы, «
Ботагөз» 
романы, 
«Жұлдыз» 
журналы, 
«Егемен Қазақстан» 
газеті, 
«Серпер» 
күйі, 
«Қазақстан » 
қонақ үйі, 
Бірнеше сөздің тіркесінен тұратын күрделі атаулардың ішінен ең жоғарғы 
мемлекеттік лауазымдық қызмет атаулары мен кұрметті атақтардың әрбір 
сөзі бас әріптермен жазылады. 
Мысалы: Қазақстан Республикасының 
Президенті, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының 


119 
Астана Саммиті, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрлігі,
Халық Қаһарманы т.б.


Кісі аттары кейде сыйлау, құрметтеу үшін өзгертіліп, қысқартылып 
қолданылады. Мұндай жағдайда бас әріппен жазылады. Мысалы: 
Сәрсен 
— 
Сәке, Сәбит 
— 
Сәбе, Мұқтар 
— 
Мұқа, Дүйсен — Дүйсеке, Жамбыл — Жәке. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет