болмаса шылау сөздері тіркескен күрделі баяндауыш түрінде қолданылып,
тұлғалык жағынан тиянақсыз болады. Мысалы: 1)
Әшім күлкіге аралас-тырып
сөзінің ізін жасырмақшы болса да, Әсетті адастыра алған жоқ. (К. 0.)
2)
Абай сәлем беріп үйге кіргенде, кең үйдің іші лық толған кісі екен. (М. Ә.)
Бұл
сөйлемдер де екі жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлемдер. Бірақ бұл
кұрмаластардағы жай сейлемдердің ара қатынастары мен баяндауыш
тұлғалары бұдан бұрынғы талданған сөйлемдерге ұқсамайды. Құрмаласқа
енген жай сөйлемдердің
Әшім күлкіге араластырып сөзінің ізін жасырмақшы
болса да... Абай сәлем беріп үйге кіргенде...
деген бөлімдері белгілі ойды
өздігінен тиянақтай алмайды, мағыналық жағынан өздерінен кейінгі айтылған
ойға бағынышты. Баяндауыш
тұлғалары да
жасырмақшы болса да, кіргенде
түрлерінде айтылып, тиянақсыз түрде колданылып жүр.
Сөйтіп, кұрмалас сөйлемдер компоненттерінің мағыналық қарым-қатына-
сына, өзара грамматикалық байланысу тәсілдеріне қарай негізгі үлкен үш
топқа жіктеледі: 1)
салалас құрмалас сөйлемдер,
2)
сабақтас құрмалас
сөйлемдер.
3)
аралас құрмалас сөйлемдер.
Достарыңызбен бөлісу: