Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§21. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы



Pdf көрінісі
бет50/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   406
§21. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы 
 
Әрбір сөздің беретін екі мағынасы болады: а) сөздің лексикалық 
мағынасы, б) сөздің грамматикалық мағынасы. 
Мысалы,
Студент кітапты жолдасынан алып оқыды
деген сөйлемді 
алатын болсақ, бұл сөйлемде бір-бірімен тиісті дәрежеде грамматикалық 
байланысқа еніп айтылған бес сөз бар. Әрбір сөз, ең алдымен, белгілі 
лексикалық мағынаны білдіріп, сонымен қатар бір немесе бірнеше 
грамматикалық мағыналарға да ие болып тұр. 
Студент 
деген сөз түбір тұлғада келіп, заттық атауды білдіріп, орта не 
жоғарғы оқу орнында кәсіптік білім алып жүрген жігіт (қыз) деген 
лексикалық мағынаға ие болып тұр. Ал сөйлем ішінде өзге сөздермен 
грамматикалық байланыста тұрғандықтан, осы тұлғасының өзінде негізгі 
лексикалық (заттық) мағынасына қосымша төрт түрлі грамматикалық 
мағынаны білдіреді: зат есім екендігі, бір ғана студент екендігі, атау тұлғада 
тұрғандығы, сөйлемде бастауыш қызметінде қолданылатындығы. 
Кітапты
деген сөзде де бір лексикалық, төрт грамматикалық мағына бар. 
Лексикалық мағынасы қағаздан жасалып, баспаханада теріліп, түптеліп, 
басылып шыққан көп тиражды оқу құралының, көркем шығарманың т. б.
атауы балуында. Грамматикалық мағыналары: зат есім екендігі, заттың біреу 


49 
екендігін білдіретін жекелік грамматикалық мағынасы, түбір сөзге жалғанған
-ты
қосымшасы арқылы қимылдың обьектісін ( қимылдың әсеріне ұшыраған 
затты) білдіретін табыс септік грамматикалық мағынасы және сөйлемде тура 
толықтауыш қызметінде қолданылатындығы.
Жолдасынан
деген сөзде бір 
лексикалық, бес грамматикалық мағына бар, жолдас – лексикалық мағынасы 
адам

кісі
, оған қосымша заттық грамматикалық мағынаны, жекелік 
грамматикалық мағынаны, тәуелдік грамматикалық мағынаны 
(-ы
), септік 
грамматикалық мағынаны 
(-нан
) білдіріп, сөйлемде жанама толықтауыш 
қызметінде қолданылып тұр. 
Алып
деген сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.
Ал

қимыл атауы, лексикалық мағына
,
-ып-
көсемше, сөйлемде сын - қимыл 
пысықтауыш қызметін атқарып тұр. 
Оқыды
деген сөзде бір лексикалық, үш грамматикалық мағына бар. 
Оқы – 
лексикалық мағынасы -қимыл, 
-ды
- жедел өткен шақтың үшінші жақ 
грамматикалық мағыналары. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұр. 
Сөйтіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет