Сайын мұратбеков



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата22.12.2016
өлшемі372,92 Kb.
#4
  1   2

Sauap.org 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

САЙЫН МҰРАТБЕКОВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖУСАН ИІСІ

 

 



 

Повесть 

 

 

 



 

 


Sauap.org 

 

 

ЖУСАН ИІСІ 

 

1 

 

Алыста  қалған  балалық  шағым...  Ойымнан:  жарғақ  сары  тоны 



қаудырлаған,  тобығы  тайған  сол  аяғын  сүйрете  жүгіретін,  шілбиген  арық 

ақсақ қара бала бір кетпейді. Кӛзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың 

ең  соңында  сол  аяғын  жер  сыпырғандай  кӛлденең  сүйретіп,  ес  қалмай 

далбақтай  жүгіріп  келе  жатқан  Аянды  кӛргендей  болам.  Сондайда  оның 

алқына  шыққан  әлсіз,  жіңішке  дауыспен:  «Ей,  тоқтаңдаршы,  мен  сендерге 

бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын»,- деген жалынышты үнін естимін. 

Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі 

біздің  ауылға  қырық  екінші  жылдың  жазында  кӛшіп  келген.  Мал  дегеннен, 

тек  бұзаулы  қоңыр  сиыры  бар  еді.  Аянның  әкесі  майданға  аттанып,  туған 

анасы  содан  екі  ай  бұрын  қайтыс  болыпты.  Біздің  ауылда  әжесінің 

жамағайын тӛркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек. 

...Біз,  балалар,  кӛшеде  екіге  жарылып  ап,  қағазға  топырақ  орап, 

бұрқылдата лақтырып, атысып ойнап жүргенбіз. Ары ӛтіп, бері ӛткен кемпір-

шал:  «Желкең  қиылғырлар-ай,  соғыс  аздай,  бұл  атысып  ойнады  дегенді 

қайдан  шығарды  осылар,  басқа  ойын  аз  ба-ей!..»  -деп  ұрсып-ұрсып  қуып 

тастайды.  Бірақ  олар  кетісімен  қайта  жиналамыз.  Қайта  атысамыз.  Желсіз 

тымырсық  күнде  бұрқылдаған  май  топырақ  тұманша  қалқып,  шаңытып 

тұрып алады. Жуық арада сейіле қоймайды. Соның арасында тұншыға жүріп, 

кӛзіміз  ғана  жылтырап,  бір-бірімізге  «уралап»  ұмтыламыз.  Ойынның 

осындай бір қызу шағында біздің «атаман» - Садық кілт тоқтай қап: 

− Әй, анау кім-ей? - деген. 

Бәріміз  сол  нұсқаған  жаққа  қарадық.  Анадай  жерде:  шолақ  жең  ақ 

жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай 

таза бір бала тұр екен. Біз қараған кезде ол ӛзінше әлдеқандай боп кейкиіп, 

екі қолын қалтасына сап шіреніп қойды. 

Ойынды  тастай  сала  бәріміз  бірдей  топырлай  жүгіріп  әлгінің  қасына 

келдік.  Адам  кӛрмегендей  бір-бірімізді  кимелеп,  қоршалай,  тұра  қалдық. 

Үстіміздегі киімнің кімдікі қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды, баттасқан 

шаң-топырақ.  Шетімізден  ит  талағанда  алым-жұлым,  алқа-салқамыз.  «Бұл 

кім-ей?  Қайдан  келген-ей»  деп  бірімізді  біріміз  түртпектей  береміз.  Ӛзіне 

бастан-аяқ шұқшия қарап шықтық. Ол да сынағандай әрқайсымызды бір-бір 

шолып  ӛтті.  Біздің  ұсқынсыз  түрімізге  кӛңілі  толмаған  сияқты  шолақ 

танауын  тыржитып  қойды.  Қоңырқай  жүзі  тершіп,  маңдайындағы  біркелкі 

етіп  қиылған  кекіл  шашын  үрлеп  тұрды.  Кекіліміз  жоқ  бізге  оның  сол 

қылығының ӛзі кереметтей сүйкімді кӛрініп, қызыға қарадық. 


Sauap.org 

 

− Кекілін  қара-ей,  ӛзінің,  жаман  әліне  қарамай,-  деп  қағытып  ӛтті 



Есікбай.  Біз  күлкіміз  келмесе  де  оның  сӛзіне  қошамет  білдіріп  сықылықтай 

күлдік. Жаңа келген бала қызараңдап теріс айналып кетті. 

− Ә... Мен білдім,- деді Садық мақтана дауыстап. Онан соң әлгі баланың 

алдын  орай  ӛтіп:  -  Ей,  бала,  сендер  кеше  кӛшіп  келдіңдер  ғой,ә?  Қоңыр 

сиырларың бар ғой, ә? - деді. 

− Иә  деді  томсырайып  тұрған  бала  оның  сӛзіне  күлімсіреп,−  Қоңыр 

сиырымыз бар. 

− Атың кім? 

− Аян. 

Біз,  бәріміз,  тегіс  ұмытып  қалмайық  дегендей:  «Аян,  Аян»...  деп 



күбірлесе қайталап қойдық. 

− Жүр,  жолдас  боламыз,-  деді  Садық  оның  аппақ  білегінен  қап-қара 

қолымен  ұстай  алып.  Аян  оның  қолына  қарады  да  қызараңдап  тұрып, 

ақырындап білегін босатты. 

− Сендер жақ суық екен. Суға түспей қалай шыдайсыңдар?- деді. 

− Түсеміз.  Анау  арада  тоспа  бар.  Жүр,  түсейік.  Суы  во!..-  деп  Садық 

ауылдың  жоғарғы  жағындағы  шұңқыр-тоспаны  жерге  сыйғызбай  мақтай 

жӛнелді. 

Аян бізге қосылып солай қарай жүрді. 

Ауылға  жаңа  бір  баланың  келуі  біз  үшін  нағыз  мереке  болатын. 

Әрқайсымыз  оның  кӛзіне  түсіп  қалуға  тырысушы  едік.  Сондықтан 

бірімізден-біріміз артық кӛрінбек боп, әй кеп мақтанатынбыз. 

− Мен  судың  астында  алпысқа  дейін  санап  жата  аламын,-  ...  деп  бӛсті 

Садық. 


− Менің  де  мынандай  ақ  кӛйлегім  бар.  Үлкен  сандықта  жатыр,  апам 

кигізбейді,- деді кӛп үндемейтін Қосым тырнауық та. 

Қосым  тӛбелескенде  ылғи  баж  етіп  кеп  бетті  тырнайтын,  сондықтан 

тырнауық дейтінбіз, ӛзінен кӛп балалар қорқатын. Оған тек Есікбай ғана тік 

келуші еді. Қазір де ол: 

− Ой,  кетші  ары,  тырнауық  мысық.  Сенің  үйіңде  алтын  барын  да 

білеміз,- деп ентелеп келе жатқан Қосымды кӛкірегінен итеріп жіберді. 

Есікбай - сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде 

алдына  жан  салмайтын,  ӛзі  тӛбелесқор,  сотқар  бала  еді.  Кейде  қараптан-

қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан 

шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. 

Қазір де ол Аянның алдында қыр кӛрсеткісі кеп: 

− Тырнағың  қайсы-ей,  мысық?  -  деп,  Қосымды  аяғынан  шалып  қалды. 

Қосым жалп етіп ұшып тусті де, терісі сыдырылған тізесін ұстаған күйі, кӛзі 

жасаурап  қайта  тұрды.  Біраз  жүргеннен  кейін  Есікбай  оның  басынан  түйе 

тоқай  ала  бастады.  Жылап  жіберген  Қосым  тырнамақ  боп  ызақорлана 



Sauap.org 

 

ұмтылған, Есікбай оны ұзын қолымен тұмсықтата салып жіберді. Қосымның 



мұрнынан қан дірдектеп, бақырып үйіне кетті. 

Сол  күні  біз  суға  түсіп,  күнге  қақталып,  кешке  дейін  тоспа  басында 

ойнадық. Аян бұрыннан таныс адамдай етене боп кетті. 

Ол ӛте ақ кӛңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары 

жүзі, не десең де тез кӛне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. Ең 

жақсы  қасиеті  -  ешкіммен  тӛбелесіп,  сӛзге  келмейтіндігі  еді.  Бір-екі  рет 

кейбір  шатаққұмар  балалар  тиісіп  те  кӛрген  ӛзіне.  Аян  үндеместен  қабағын 

түйіп,  ондайлардан  сырт  айналып  кетіп  жүрді.  Ӛзінің  жауап  қайыра 

алмағанына налығандай боп: 

− Менің кӛкем де жоқ, апам да жоқ, сондықтан тӛбелессем әжем ұрсады 

ғой,- деп қойды ол. 

Алыс-жұлыс ойын үстінде күрескенімізде ол біразымызды жығып кетті. 

Тек Есікбайдан ғана жығылды. 

Алғашқы күннен бастап Аянмен етене жақын дос болуды әркім-ақ ойлай 

бастаған. Бірақ ол ешкімге ерекше ықылас білдірген жоқ. Бірімізден-бірімізді 

бӛліп-жарған жоқ. Бәрімізбен де жақсы жолдас болды. 

Үш-тӛрт  күн  ӛткен  соң,  әбден  үйренісіп  алғаннан  кейін  ұрынарға  қара 

таппай  жүретін  Есікбай  басқа  балаларға  істейтін  қылығын  Аянға  да  істеді. 

Онымен  тӛбелескісі  келіп,  ӛзінен-ӛзі  жӛнсіз  тиісе  бастады.  Аян  оған 

жасқаншақтай қарап: 

− Қойсайшы енді,- деп күңкілдеген сайын, Есікбай ыржақтап кеп, қайта-

қайта оның басынан тоқай алып, аяғынан шалып, мазасын кетірді. 

Ыза болған Аян ақырында: 

− Тӛбелесесің бе? - деген. Есікбай оны мазақтай түсіп: 

− Сенімен бе, қойшы-ей! - деп кеп, сілекейін Аянның бетіне жаға салды. 

Мұнан әрі шыдау мүмкін емес еді. 

− Мен  бұл  кӛшенің  ортасында  тӛбелеспеймін.  Жүр  анау  сайға.  Ел 

кӛрмейтін жерге барып тӛбелесейік,-деді Аян. 

− Қойшы-ей,  мынау  дӛй  ғой-ей,-  деп  Есікбай  сілекейін  Аянға  тағы 

жақты.- Жүр, ал Есікбай кӛкеңнің жұдырығын иіскегің кеп тұрса. 

Ол  енді  Аянды  итермелей  түсіп,  сайға  қарай  жүрді.  Екеуінің  тӛбелесін 

кӛру  үшін  соңдарынан  біз  де  ердік.  Сайға  түскен  соң  Аян  жейдесін  шешіп, 

шеткі  бұтаның  басына  ілді  де,  бірден  Есікбаймен  алыса  кетті.  Есікбайдың 

бойы онан анағұрлым биік еді. Екеуі шартпа-шұрт белдескен кезде, ол Аянды 

белінен қапсыра қысып, қайқайтып бойымен басты. 

Бірақ қанша күшенгенімен жығуға шамасы келмеді. Дереу бір қолымен 

Аянды  кекілінен  шап  ете  қап,  шалқасынан  гүрс  еткізді.  Жығып  ап  Аянның 

бет-аузына  былшылдатып  соға  бастады.  Аян  тырс  етіп  үн  шығармастан, 

астында жатып құр қол-аяғын ербеңдете береді. Тек бір кезде Есікбай: 

− Ой-бай!..-  деп  баж  ете  түсті  де,  бір  жағына  қарай  бұраңдап  жығыла 

берді.  Аян  оның  қолын  бұрап  жіберген  екен.  Енді  Аян  күш  алды.  Ол  аузы 


Sauap.org 

 

қан-қан  болып  атып  тұрып,  Есікбайды  алқымынан  бүре  түсіп,  жер  сүздіріп 



тұқырта  берді.  Ӛздері  апыр-топыр  қылған  қара  топыраққа  Есікбайдың  бет-

аузын бір-екі рет кӛміп-кӛміп жіберген. 

Ойбай,  болды,  болды...-  деп  айқай  салды  Есікбай.  Аян  оның  басынан 

аттап тұрып кетті. 

Ұшып тұрған Есікбай тағы да тап берген. Аян оны белдесуге жібермей 

екі қолынан ұстай алды да, жата беріс тастап ыңқ еткізді. Бірақ үстінен басып 

соққан  жоқ.  Қатты  жығылған  Есікбай  біразға  дейін  тұра  алмай  ыңқылдап 

жатты. Аян болса бұлаққа барып бет-аузының қанын жуып, ақ жейдесін киіп 

түк білмеген, түк кӛрмегендей үйіне қайтты. 

Осы тӛбелестен кейін-ақ Аянға ешкім тиіспейтін болды. 

Күзде  оқу  басталып,  жеті  менен  он  жастың  аралығындағы  ӛңшең 

бірӛңкей балалар бірінші класқа бардық. Бізді Иманжанов деген шашы аппақ 

қудай,  қолы-басы  тоңған  адамша  дірілдей  қалшылдап,  кӛзі  қып-қызыл  боп 

жасаурап  отыратын  қарт  кісі  оқытты.  Бұл  кісі  -денсаулығының  нашарлауы 

себепті  қаладан  кӛшіп келген  мұғалім  екен.  Бізге күн  сайын үйінен әкелген 

қағазды бір-бір парақтан үлестіріп беріп, әріптерді үйрете бастады. 

Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен 

кӛзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп, 

тез жаттап алып жүрді. Тіпті келе-келе күніне бір-екі әріптен ғана ӛткенімізге 

кеңілі толмай: 

− Барлық  әріптерді  тезірек  неге  үйретпейді  екен.  Шіркін,  ағама  хат 

жазар едім,- деп күңкілдейтін. 

Әрине,  майдандағы  әке-ағамызға  хат  жазу  бәріміздің  де  кӛкейіміздегі 

асыл  арман  еді.  Сонымызды  сезгендей  Иманжанов  та  бізге  тезірек  хат 

танытуға  бар  күшін  салып  бақты.  Сӛйтіп,  бас-аяғы  бірер  айдың  ішінде 

әріптерді  тегіс  жаттап,  бірлі-жарым  сӛздерді  құрап  жаза  алатындай  халге 

жеттік.  Ал  Аян  болса  кәдімгідей:  «Аса  жаннан  артық  кӛретін  аға...»  деп 

бастап,  хат  жазатын  болды.  Ендігі  оның  қуанышында  шек  жоқ  еді.  Күнде 

сабақтан  кейін  үйіне  келісімен  тӛр  алдына  етбетінен  түсіп,  сиялы 

қарындашты тілімен жалап қойып, бет-аузын сия-сия ғып ағасына хатты үсті-

үстіне  жазатын  да  жататын.  Күніне  екі-үш  хаттан  жазады.  Кейде  әжесінің 

айтқанын жазса, кейде ӛз бетінше жаза беретін. 

Біз,  басқа  балалар  әлі  де  сӛйлем  құрастырып  жаза  алмайтынбыз. 

Сондықтан Аянға кеп: 

− Хат жазуды үйретші,- деп жата жабысатынбыз. 

Аян бәлденбейтін. Жымың-жымың етіп күлетін де: 

− Мә,  мына  менің  хатымды  кӛшіріп  жаз,  тек  менің  ағамның  орнына  ӛз 

ағаңның атын жаз,-деп қоятын. 

Сӛйте-сӛйте хат жазуды бәріміз де үйрендік. Енді біздің ауылдан күніне 

майданға  сӛзі  де,  мазмұны  да,  кейде,  тіпті  кісі  аттары  бірдей  жиырма-отыз 

хаттан кетіп жататын болды. 


Sauap.org 

 

Дәл  біздің  хат  тануымызды  күтіп  жүргендей-ақ  екі  айдан  кейін 



Иманжанов  қатты  науқастанып,  тӛсек  тартып  жатып  қалды.  Бір  қол,  бір 

аяғынан  паралич  болған.  Басқа  мұғалім  келмеді.  Осылайша  біздің  оқуымыз 

да келер жылға дейін тоқтаған еді. 

Бірде Аян ӛрістен мал қайырып келе жатып үйретемін деп, ӛзінің қасқа 

бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мӛңкіп-мӛңкіп жығып кетті. Сол жолы 

Аянның  тобығы  тайып  бір  айдай  үйінде  ауырып  жатты.  Осыдан  кейін-ақ 

Аянның  тобығы  тайғыш  болып  алды.  Қит  етіп  алысса,  иә  секірсе  тобығы 

тайып кететін де, Аян: 

− Ойбай,  ойбай,  аяғым-ай...  аяғым-ай...-  деп  жанұшыра  бақырып  жата 

қалатын. 

Бірте-бірте  ол  алысып-жұлысып  ойнайтын  ойындарға  араласпай, 

шеттеп, бар қызыққа тек анадайдан сырттай қызыға қарап тұратын болды. 

Тобығы үшінші рет тайғанда, ол үйінде бұрынғыдан да ұзағырақ жатты. 

Бұл  кезде  қыс  түсіп  қар  жауған.  Біз  болсақ  сырғанақтың  қызығына 

кіріскенбіз. 


Sauap.org 

 

 

Біздің  ауыл  Ешкіӛлмес  деген  кішкене  қоңыр  таудың  дәл  етегінде  еді. 



Ұзыннан-ұзақ бір кӛше боп жоғарыдан тӛмен қарай созылып жататын. Қыста 

осы  жалғыз  кӛшенің  басынан-аяғына  дейін  балалар  шуылдаса  топырлай 

жүріп  қарды  таптап,  сырғанақ  жасайтынбыз.  Қар  қалың  түскенмен  таулы 

жердің  күні  ӛте  жайма-шуақ,  жылы  болады.  Тапталған  қар  күні  бойы 

жентектеліп еріп, кешке қарай кӛк мұз боп қатып қалатын. Дәл сол кезде үй-

үйден шанасы барлары шанасын сүйретіп, конькиі барлары аяғына конькиін 

байлап,  бала  атаулы  тегіс  кӛшеге  шығатын.  Қас  пен  кӛздің  арасында  ұзын 

кӛше  бастан-аяқ  қыбырлаған  балаға  толып  кетуші  еді.  У-шу  боп,  біреулері 

тӛмен қарай оқша зулап шанасының табанынан от жарқылдап бара жатқанда, 

енді бір шұбалған топ шаналарын сүйретіп жоғарыға ӛрлеп бара жататын... 

Бүгін де сырғанақтағы ойынның сондай бір қызған шағы еді. Күннің кӛзі 

қанталағандай  боп  ерекше  қызарып  ұясына  қонуға  таянған.  Сірескен  ақ 

қардың  бетінде  бір  сәтке  жұқалаң  қызғылт  кілегей  тұрды.  Күні  бойы 

Ешкіӛлместің  күнгейінде  жайылған  мал  ешкім  қайырмаса  да  бір  ізбен 

шұбырып  ауылға  қайтқан.  Кенет  бүкіл  ауылды  шулыға  шыққан  ащы 

дауыстар селт еткізді. Тӛбе құйқаны шымырлатып жоқтау айтқан дауыстар. 

Аянның  үйінен  шығып  жатыр.  Мұндайда  балалар  еліккіш  келеді  ғой. 

Сырғанақты  тастай  бере  дәл  бірдеңеден  құр  қалатындай  бәріміз  бірдей 

дүрліге дүркіресіп, Аянның үйіне қарай лап қойдық. Артымыз жетпей жатып, 

алдымыз  не  боп  қалғанын  естіп  те  үлгердік.  «Аянның  әжесі  ӛліп  қапты»,- 

деген сыбырды алқына тұрып сүйінші сұрағандай бірімізге-біріміз жеткіздік. 

Жарғақ  сары  тон  киген  Аян,  күлімдеп  тұратын  қара  кӛзі  шарасынан 

шыға жаутаңдап, ӛңі боп-боз есігінің алдында тұр екен. Үйінде кӛрші-қолаң 

әйелдер  бір-бірімен  шуылдаса  кӛрісіп,  азан-қазан  боп  жатқанмен  ол  кӛзіне 

жас алмапты. Біз ӛзара сӛйлескеніміз болмаса, оған үн қатқамыз жоқ. Аян да 

бізді  үнсіз  қарсы  алды.  Сүйреткен  шанамызға,  конькиімізге  кӛз  салды. 

Тоңғаннан ба, танауын жиі-жиі тартып, дір-дір етеді. 

Күн  ұясына  еніп  бара  жатыр.  Аян  болса  сол  мелшиген  күйде  жалтақ-

жалтақ  етіп,  ауылдың  әр  тұсынан  «әжетайлап»  дауыс  қойып  келіп  жатқан 

үлкен адамдарға қарайды. Бірақ олардың бірі де бұған назар аударар емес. Біз 

болсақ, енді қайтер екен деп қызықтағандай одан кӛз айырмастан ортаға ап, 

қоршалай  тұрмыз.  Ӛзара  сыбырласқан  боп,  оған  да  естірте:  «Әжесі  ӛлгенге 

неге  жыламайды-ей?»  -  деп  қоямыз.  Аян  естісе  де,  естімеген  адамша  міз 

бақпайды. Тек әлдебір уақытта, бас жоқ, аяқ жоқ: 

− Ертегі  тыңдайсыңдар  ма?  -  деді.  Онан  соң  біздің  жауабымызды 

күтпестен  ӛзі  бастап  үйдің  бұрышын  айналды.-  Жүріңдер,  үйдің  сыртына 

отырайық. 

Біз  оның  соңынан  ердік.  Үйдің  сырт  жағына  кеп  шаналарымызды  қаз 

қатар  тіздік  те,  ӛзіміз  жайғаса  отырып,  енді  не  дер  екен  дегендей  Аянның 


Sauap.org 

 

аузына  қарадық.  Ол  со  тұнжыраған  қалпында  бәріміздің  жүзімізді  бір  сүзіп 



ӛтті де: 

− Күлкілісін айтайын ба? - деді. 

Біз үн-түнсіз бас изестік. Аян тонының омырауына тұмсығын тығып сәл 

күрсініп қойды да, ойға шомған күйде сыбырлағандай дауыспен: 

− Ертеде бір жетім бала бопты...- деп ертегісін бастады. 

Сол  күні  оның  ертегісі  түннің  жарымында  бір-ақ  аяқталды.  Әуелде 

тұнжыраған  күймен  жабырқау  басталса  да,  келе-келе  ертегінің  күлкілі 

оқиғасы  кӛбейіп,  Аян  да  бауырын  жазып,  бәріміз  кӛңілді  күлкіге  батып 

қарық  боп  қалдық.  Тіпті  Аянның  әжесінің  ӛлгенін  де  ұмытып  кетіппіз. 

Сықылықтап күлісіп мәз-мейрам боп: 

− Ей, тағы да айтшы. 

− Тағы да айтшы...- деп жан-жақтан шулап қоя бердік. 

− Жоқ,  ертең  айтайын,  бүгінге  осымен  бітті,-  деді  ол  салмақты  үнмен. 

Басын  кӛтеріп  аспанға  қарады.-  Е,  жұлдыздың  нуы  жиі  екен,  ертең  де  күн 

ашық болады,- деп қойды үлкен кісіше. 

Бәріміз  жапа-тармағай  аспанға  қарадық.  Шынында  да  жұлдыздар 

жайшылықтағыдан  әлдеқайда  кӛп  еді.  Баттиып-баттиып,  балқыған 

қорғасынша сорғалап ағып түсердей боп жарқырайды. 

Біз Аянның ертеңгі күннің ашық болатынын жұлдызға қарап айтқанына 

іштей сүйсіне таңырқасып қойдық. Менің қасымда отырған Садық: 

− Қалай біледі-ей! - деп, таңырқауын жасыра алмады. 

Енді бірде менің құлағыма сыбырлап: 

− «Нуы» деген не-ей? - деп сұрады. 

− Білмеймін,- дедім мен де. 

Бірақ бұл сӛздің мағынасын сұрап алуға батпадық. 

Ергеңіне  Аянның  әжесі  жерленді.  Жұрт  ат  қойып  зираттан  қайтқанда, 

Аян  әжесінің  қабірінің  басында  елдің  ең  соңынан  шошайып  жалғыз  қалды. 

Ол  бұл  күні  де  жылаған  жоқ.  Қарлы  топырақ  араласқан  жас  қабірге 

жаутаңдап  біраз  қарап  тұрды  да,  бір  уыс  топырақты  іліп  ап:  «Топырағың 

жеңіл болсын, әже!» деп шашып жіберді. Онан соң қып-қызыл боп тоңған екі 

қолын аузымен кезек-кезек үрлеп қойып, ауылға қайтты. 

Сол күні Аян әжесінің тумаласы Бапай деген шалдың үйіне кӛшті. 

Біз  кӛшеде  сырғанақ  тебуге  кіріскенбіз.  Дәл  осы  кезде,  азын-аулақ 

кӛрпе-жастық  тиелген  шананы  Бапай  айдап,  Аян  езі  қоңыр  сиырын 

бұйдасынан  жетелеп  кӛшенің  басындағы  шалдың  үйіне  кӛшіп  бара  жатты. 

Қоңыр  сиыр  үйренген  қорасынан  шыққысы  келмей  тартыншақтай  бастаған, 

біз  бір  топ  бала  шуылдаса  қаумалап  артынан  айдадық.  Қоңыр  сиыр  кӛзі 

шарасынан  шыға  шатынап,  танауын  пысылдатып  басын  шайқап-шайқап, 

Аянды  сүзіп  жіберердей  боп  алға  қарай  оқтана  жүрді.  Бірақ  сүзген  жоқ, 

жүріп  келе  жатқан  бойда  Аянның  қаудырлаған  сары  тонының  етегінен 



Sauap.org 

 

иіскеді  де,  тұмсығын  созып,  ыңырана  мӛңіреді.  Аян  ақсаңдаған  күйде  бізге 



бұрыла қарап: 

− Жануар, бәрін біледі...- деді. 

Аянның сиырын Бапай шалдың үйіне дейін айдасып барғаннан кейін біз 

сырғанаққа  оралып,  ойынға  қайта  кірістік.  Сәлден  соң  Аян  да  сырғанақ 

басына келді. Ӛзінің шанасы жоқ, сондықтан елдің шана тепкенін қызықтап 

қарап тұрды. Бірде менің кӛк тақтайлы шанамды нұсқап: 

− Менің  де  шанам  дәл  осындай  еді,  кӛшкенде  ана  жақта  қалды,-  деп 

қойды. 


Мен оның жаудырап қарап тұрғанына шыдай алмай: 

− Мә, Аян, сен бір жол теуіп кел,- деп шанамды бердім. Қуанғанынан ол 

езуін жия алмай ыржия күліп кеп шанаға отырды да: 

− Ал кім менімен жарысады! - деп айқайлап еңіске қарай зулата жӛнелді. 

Менен  кейін  оған  шанасын  Садық  берді,  онан  кейін  Есікбай  берді, 

қысқасы  Аян  бәріміздің  шанамызды  бір-бір  реттен  теуіп  шықты.  Ол  қып-

қызыл боп қара терге түсе ентігіп, алабұртып, елден ерекше даурыға сӛйлеп, 

сақылдап күлумен болды. 

Ымырт  сәулесі  ыдырап  қараңғылық  үйіріле  бастаған  кезде,  басынан 

тұмағын алып желпіне тоқтаған Аян: 

− Жүріңдер, бүгін мен кешегіден де қызық ертегі айтамын,- деді. 

Біз опыр-топыр болып шуылдасып, Аянның бастауымен Бапай шалдың 

үйінің іргесіне келдік. Аянды ортаға алып, енді жайғасып отыра бергенімізде, 

есік ашылып сыртқа Бапайдың кемпірі шықты да: 

− Үйібай  бетім-ай,  бұ  дүбірлеген  не  десем,  мыналар  екен  ғой.  Аулақ 

жүріңдер  әрі,  ӛй,  ӛңшең  топырлаған  немелер!  Онысы  несі-ай,  тап  терезенің 

түбіне кеп үймелегендері! - деп қуып жіберді. 

Енді қайттік, дегендей кӛшеде аңтарылып тұрғанымызда Садық: 

− Мен таптым қай жерге отыруға болатынын,- деді. Бәріміз соған қарай 

қалдық. 


− Анау  ат  қораның  тӛбесіне  шығайық  та,  шӛпке  белуардан  кіріп  ап 

отырайық... 

Біз  санымызды  шапақтап  уралап,  ауылдың  шетіндегі  ат  қораға  қарай 

жүгірдік.  Арт  жағы  аласа  тас  қораның  үстіне  тырмыса-тырмыса  шығып 

алдық та, сол күні ғана Қараойдан әкелінген кӛк жауқазын шӛпті үңгіп-үңгіп 

жіберіп,  отыра-отыра  кеттік.  Құрғақ  шӛптің  танауды  жарған  хош  иісі  мас 

қылғандай  тұла  бойды  шымырлатады.  Шетімізден  пысқырынып,  мұндай 

рақат  дүние  тапқанымызға  мәз-мейрам  боп,  бірімізді-біріміз  итеріп  қап 

шӛпке аунатып, сықылықтай күлісіп, жұмсақ шӛпке тығыла түсеміз. 

Бәріміз  алқа-қотан  жайғасқаннан  кейін  ортамыздағы  Аян  тісінің 

арасынан  сызылта  шырт  дегізіп  түкіріп  қойып,  кӛтеріле  түсіп,  астына  шӛп 

жұмарлап,  басқамыздан  орнын  биіктеу  ғып  отырды.  Онан  соң  қабағын 

шытып, ойға батқан күйде тӛмендегі үңірейе қарауытып жатқан терең құзға 


10 

Sauap.org 

 

кӛз  жіберді.  Біз  де  еріксіз  енді  солай  қарай  жалтақтадық.  Құз  іші 



қорқынышты. 

− Ертеде бір жетім бала бопты...- деп Аян екінші ертегісін бастады. 

Сыбырлай  шыққан  даусында  ӛз  айтқанына  қалайда  қалтқысыз 

сендіретіндей керемет бір күш бар. Біз тым-тырыс боп тына қалдық. Бір сәтке 

дәл  астымыздан  -  қораның  ішінен  жылқылардың  күтір-күтір  шӛп  жеп 

тұрғаны, пысқырғаны, тарпығандары, қасынғандары естілді. Бірақ біртіндеп 

Аянның ертегісі қызған сайын, әлгі дыбыстардың бәрі құлақтан шет қалып, 

тӛңіректі  -  бүкіл  Ешкіӛлмес  баурайын,  тӛмендегі  терең  құзды  ғажайып  бір 

тыныштық  басты.  Бұл  дүние  -  ертегі  қиял  дүниесіне,  сиқырлы  дүниеге 

айналып, біз ӛзіміздің бар-жоғымызды да ұмытқандай болдық. 

Сол күннен бастап күнде кешкісін ат қораның тӛбесіне жиналуды әдетке 

айналдырдық.  Екінші  күні  тағы  да  әлгі  Садық  бір  пәлені  шығарған:  үйінен 

алақандай газет жыртындысы мен темекі ұрлап алып кепті, әлгісін кәдімгідей 

ешкі  сирақтандырып  ұзын  етіп  орады  да,  қалтасының  түбінен  әзер  тапқан 

сіріңкенің жалғыз шиімен тұтатып, сонысын насаттана сорып қойып отырып, 

ертегі тыңдады. 

− Ей,  әкеші  бір  сорайын,-  деді  ақыры  Садықтың  жанында  отырған 

Қосым  шыдай  алмай.  Садық  шылымын  оған  бір  сорғызды.  Қосым 

қомағайлана  түтінді  ішіне  тартамын  деп  қақалып-жӛтеліп  тұншығып  қала 

жаздады.  Біз,  бәріміз,  оны  мазақтап,  ӛзін  біраз  жерге  апарып  кеу-кеулеп 

алдық. 

− О,  маубас,  тарта  алмасың  бар  сұрал  неғыласың-ей,-  деп  табаладық. 



Онан Есікбай: 

− Кәне, Садық, мен сорайыншы,- деді. 

Садық  шылымын  оған  да  бір  сорғызды.  Есікбай  қақалған  жоқ,  түтінді 

аузын  толтыра  сорып  алды  да,  ақырындап  танауынан  бұрқ-бұрқ  еткізіп 

шығара отырып, «міне, қалай тарту керек» дегендей мақтанып қойды. Онан 

кейін  темекіні  мен  де  сұрап  бір  сордым,  менен  кейін  тағы  біреу.  Ақыры 

Садықтың ұзын темекісін барлығымыз бір-бір сорумен-ақ тауыстық. 

Келесі күні қораның тӛбесіне жиналғанымызда кӛпшілігіміз үйден қағаз 

бен  темекі  ұрлап  алып  шыққан  екенбіз.  Енді  бір-бір  шылым  орап,  темекіні 

жарыса тартатын болдық. Темекі тартып отырып тыңдағанда Аянның ертегісі 

де  әлдеқайда  қызық  сияқты  кӛрінді.  Бір  күндері  кейбіреулеріміздің  үйіміз 

темекі  ұрлап  жүргенімізді  біліп  қойып,  енді  аналарымыз  темекіні  қиындау 

жерлерге тығатын болды. Бірақ біз бұған да амал тауып кеттік. 

− Осы  анау,  мақау  Тұрдағұл  ылғи,  жылқының  кепкен  тезегін  шылым 

ғып тартып жүреді ғой,- десіп, біз де енді, күндізден қалтамызға жылқының 

кепкен  тезегін  жинап  салып  жүрдік.  Сӛйтіп,  Аянның  ертегісін  тыңдаған 

кезде, кейбіріміз ішіне жылқы тезегі салынған ешкі сирақ темекіні бұрқырата 

сорушы едік. 

Ғажап ертегілер еді... Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, 

ізгілік  те,  сұлулық  пен  ақылдылық  та,  әйтеуір  адамға  тән  не  бір  асыл 



11 

Sauap.org 

 

қасиеттің  барлығы  сол  Аянның  ертегілерінде  болушы  еді.  Аян  батырлық 



туралы ертегіні айтқанда, біз - алым-жұлым киінген қара борбай балалар бір 

сәтке  жадау  қалпымызды  ұмытып,  шетімізден:  кӛк  семсерді  жарқ-жұрқ 

еткізіп,  ат  ойнақтатып  жауға  қарсы  арыстанша  ақыра  шабатын  нағыз  қас 

батырдай  сезінуші  едік  ӛзімізді.  Ӛмірімізде  қос  ауыз  мылтықтан  бізге 

ештеңені  кӛрмесек  те  жарқ-жұрқ  еткен  кӛк  семсер  тұрғанда  зеңбірек, 

пулемет  дегендер  айтар  сӛзге,  кӛңілге  олқы  түсіп,  ойыншық  сияқты  боп 

қалатын.  Ӛйткені  Аянның  ертегілеріндегі  батырлар  сілтеген  кӛк  семсерге 

қызығып иланатынымыз сонша, оны қару біткеннің құдайы кӛретінбіз. 

− Ух,  шіркін,  сондай  семсерім  боп  мен  де  соғысқа  барсам,  фашистерді 

тура бауша қияр едім,- деп тістенетін Есікбай. 

− Ал мен бар ғой тек бастарынан ғана шабар едім,- дейтін Садық арман 

еткендей даусын соза сӛйлеп, құшырланып.- Кӛк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп 

келе жатқанымда, алдымнан кӛкем шыға келсе... Ой, керемет болар еді-ау, ә? 

Мұнан  әрі  соғысқа  баруды,  фашистерді  қыруды,  сӛйтіп  әке-

ағаларымызды  тауып  алуды  әрқайсымыз  ӛзімізше  сӛз  етіп,  тәтті  арманға 

шоматынбыз... 

Ӛзі жетім болған соң ба, кім білсін, Аянның ертегілері кӛбіне жетім бала 

туралы  болушы  еді.  Жетім  баланың  тағдырына  байланысты  үрейлі  ертегіні 

бастаған кезде, ауылдың шетіндегі сай-саланы, жыра-құзды тегіс: жалмауыз 

кемпірлер,  жезтырнақтар,  жалғыз  кӛзді  дәулер,  дию-перілер  жайлап 

кеткендей болушы еді. 

Тӛңірек  тегіс  үрейге  толатын.  Құз  жақтан  соққан  суық  желдің  ызыңы 

неше түрлі боп құбылып естілетін. Бірде сыңсып, бірде ұлығандай үн келетін 

құлаққа...  Біз  әр  дыбысты  қалт  жіберместен  үрпиісіп,  біреу  «а!»  десе, 

«ойбай», «аттанға» бірдей салып тым-тырағай зытуға дайын отыратынбыз. 

Ғажап ертегілер!.. Біз бір кештің ӛзінде ұзындығы екі қарыс «темекінің» 

екі-үшеуін  тауысатынбыз.  Ақыры  қолымыз  темекі  орауға  икемге  келмей, 

тісіміз-тісімізге  тимей  сақылдап  тоңатынбыз.  Бірақ  Аянның  ертегісі 

таусылмай  ешкім  тырп  етпеуші  еді.  Танауымызды  қос-қосынан  тартып 

қойып, шӛп қуысына тығыла түсетінбіз. 

Ертегі  біткен  кезде  ғана  «уһ»  деп  еркін  тыныстап,  құрыстап  қалған 

бойымызды  жазып,  керіліп-созылып,  жетім  баланың  бақытқа  кенелгеніне 

шып жүректен қуанатынбыз... 

Кей  күні  Аян  сирек  тістерін  кӛрсете  отырып,  жымың-жымың  күліп 

қойып  кӛңілді,  күлдіргі  ертегілерді  бастайтын.  Ондайда  біз  қыстың  сай-

сүйектен  ӛтіп  дірдектеткен  ызғарлы  суығын  ұмытып,  ішекті  түйнеген 

күлкіден  қиқылдасып-шиқылдасып,  кӛзіміз  бен  мұрнымыздан  сорамыз 

бірдей  ағып,  әрқайсымыз  әр  жаққа  ішімізді  басып  домалайтынбыз  да 

қалатынбыз.  Ол  күні  біз  бұ  дүниеде  соғыс  дегеннің  бар  екенін, 

әрқайсымыздың  әке-ағаларымыздың  алыста  -  сонау  батыста  жауған  оқтың 

астында жүргенін де естен шығаратынбыз. 


12 

Sauap.org 

 

− Аян,  тағы  да.  Енді  осылай  тағы  бір  ертегі  айтшы,-  деп  тұс-тұстан 



жалынатынбыз оған. 

Бірақ Аян бір түнде бір ертегіден артық қалай жалынсаң да айтпайтын. 

Орнынан тұрып, үстін қағып: 

− Түн  ортасы  боп  қалды  ғой,  жетер  енді,-  дейтін  салмақтана  сӛйлеп,- 

сендер  қызықсыңдар,  бір  күннің  ішінде  екі  ертегіні  ойлап  шығару  оңай 

дейсіңдер ме?! - деп қоятын онан соң. 

Біз ертегілердің бәрін Аянның ӛзі күнделікті ойлап шығаратынын білсек 

те, оған пәлендей мән бермеуші едік. Бар білетініміз: Аян күнде неше түрлі 

ертегілерді ойлап кеп, кешкілік бізге айтып беруі керек, ал біз ұйып отырып 

тыңдағанды ғана білеміз. Ертегі ойлап шығару оңай ма, қиын ба, ол жағында 

еш шаруамыз жоқ. Тіпті ол жағын сӛз ете қалғанның ӛзінде де, «Аян ғой күн 

сайын бір жаңа ертегі ойлап шығарады, ендеше ертегі шығару қиын да емес 

шығар,  тек  басқамыз  ертегіні  қалай  құрастырудың  әдісін  білмейтін 

болармыз»,-  деп  түйетінбіз.  Ал  ол  нендей  әдіс,  ол  жағын  қазбалап  ойлай 

түсуге  не  ӛреміз  жетпейтін  де,  не  мойнымыз  жар  бермейтін.  Таң  атқаннан 

күн  батқанша  салп-сұлп  етіп,  кӛшенің  аяғынан  басына  дейін  шана  сүйретіп 

сырғанақ  ойнауды  ғана  білетінбіз.  Кешкісін  тесік  пималарымыз  бен  сырма 

шарықтарымыз  зілдей  боп,  шылқылдап  су  ӛткеніне  қарамастан,  ат  қораның 

тӛбесіне тартатынбыз... 

Алғашқы күндері күндізгі ойын кезінде Аянға шанамызды кезекпе-кезек 

сырғанауға  беріп  жүрдік  те,  келе-келе  шетімізден  сараңси  бастадық.  Қызық 

ойынның  үстінде  шанаңды  бір  жолға  болса  да  біреуге  беріп  қойып,  ӛзің 

сырттай  қарап  тұрғанға  тағатың  жетпейтін.  Сондықтан  ендігі  жерде  Аянға 

шана күніне бірер рет қана тиетін, онда да ойынның қызуы бәсеңсіген шақта 

барып біреуміз: 

− Мә, Аян, бір рет теуіп кел,- деп, оны мүсіркегеннен амалсыз бергендей 

болушы едік. 

Аян  да  енді  бұрынғысындай  шанаға  отырғанына  қуана  даурықпайтын. 

Қызараңдай  күлімсіреп  кеп  шананы  қолыңнан  именшектеп  алатын  да,  бір 

сырғанап кеп қолыңа беретін. Онан соң сары тонының омырауына тұмсығын 

тығып,  суық  сорған  ӛңі  кӛкпеңбек  боп  бозарып,  біздің  ойынымызға  қарап 

шетте үнсіз состиятын да тұратын. Тек Бапайдың кемпірі: 

− Әй,  Аян,  қайдасың?!  Анау  сиырды  байла!  Қаз-үйректі  қама!  Биені 

суғарып,  шӛп  сал!  -деген  кезде,  бізге  жалтақтай  қарап  үйге  кететін,  едәуір 

уақыттан кейін қайтып оралатын. 

Оның  асыға  күтетін  шағы  -  күннің  ұясына  қонуы.  Күн  ұясына  қонды 

дегенше-ақ жүзі жадырап сала береді. 

− Ал  жүріңдер,  мен  кешегіден  де  қызық  ертегі  айтамын,-  деп  еліктіре 

жӛнеледі. 

Кейде ертегі тыңдауға ол күндіз де шақыратын. 

− Сырғанақ  деген  немене,  тек  киім  тоздырып,  шаршау,-  деп 

менсінбегендей  ернін  шүйіріп  қоятын.  Ондай  кезде  оған  «ағатай,  мә, 



13 

Sauap.org 

 

сырғанашы»,-  деп  шанаңды  алдына  кесе-кӛлденең  тосып  жалынсаң, 



пысқырып  қарамайтындай  кӛрінетін.  Сонан  кейін-ақ  ойынның  сәні  кетуші 

еді. «Шынында да, ей, менің шарығымнан су ӛтіп кетті, жүріңдер, ат қораның 

тӛбесіне  барайық»,-  десіп  сетіней  бастайтынбыз.  Біздің  бұл  түрімізді  кӛріп 

Аян  сырғанақты  онан  әрмен  жамандайтын.  Онан  біздің  шаналарымызға 

қарап қойып: 

− Мыналар шана ма?! - дейтін мұрнын тыжырайтып.- Шіркін, ӛзінің рулі 

бар, алдында шамы бар ылдиға да, ӛрге де бірдей сырғанайтын шана болса. 

− Ой, қойшы, ондай шана болушы ма еді? 

− Болғанда қандай. Қобыланды батырдың Тайбурылындай ұшатын аттар 

бар ма? Бар. Ендеше ылди-ӛрге бірдей сырғанайтын рульді шана да бар... 

Мұнан  әрі  Аянмен  сӛз  таластыра  алмайтынбыз.  Кім  білсін,  мүмкін 

сондай шана бар да шығар. 

Әркім-ақ іштей: «Шіркін, Аян айтқандай ылди-ӛрге бірдей сырғанайтын 

рульді шанам болса»,- деп қиялдайтын сияқты едік сол бір сәтте... 



14 

Sauap.org 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет