Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары



бет10/11
Дата26.01.2023
өлшемі101,86 Kb.
#63053
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
аза тілі мен дебиет п ндерінде о ушыларды функционалды сауа

2. “Іс-әрекеттік оқу”
Ойынның негізгі сипаттамалары:
- ойын ережесін белгілеу
- ойнау
- рөлге ену
3. “Жасырынбақ” ойыны. Оқушылар ақпаратты оқып не жаттап алғаннан соң, ақпарат жасырылады немесе өзгертіледі, ал оқушылар еске түсіруге тырысады. Жасырынған ақпаратты қайта қарауға болмайды.
4. “Фрагменттерді қалыптастыру”. Үлкен көлемді ақпаратты есте сақтау үшін шағын, оңай есте қалатын “фрагменттерге” бөлу.
5. “Қауымдастықтар”: таныс емес нәрсені бұрыннан таныс нәрсемен байланыстыру арқылы есте сақтау.
6. “Мнемоника”: әрбір сөзі есіңізде сақтағыңыз келген нәрсенің алғашқы әрпінен басталатын тіркес немесе сөйлемді ойластыру; мысалы кемпірқосақтың түстерінің ретін еске түсіру үшін пайдаланамыз: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін – қалам қолымда, сағындым жазды, көктемде көңіл көтеріледі.
7. “Бейнелер тізбегі”: сөздер мен нысандар тізімін өзіңіз есіңізде сақтағыңыз келген ретпен кездесетіндей оқиғаны ойлап табыңыз.
8. “Адасқан оқиғалар”
9. “Стоп-кадр”
10. Сұрақтар
- оқылымда сұрақтар да маңызды рөл атқаратындықтан, ендеше сұрақтар туралы да айтып өтсек :
Сұрақтар туралы
Дұрыс қойылған сұрақтар оқылған білімді қолдануға, бағалауға ықпалдайды.
АЙҚЫНДЫҚ. Сұрағыңызда проблеманы айқынырақ көрсететін сөз немесе сөз тіркесі бар ма?
НАҚТЫЛЫҚ. Ақпаратты қалай нақтылай тексере аламыз?
ТЕРЕҢДІК. Бұл мәселеге қандай ерекшеліктер тән?
БАЙЛАНЫСТЫЛЫҚ. Бұл мәселеге қатысы қандай?
ӘДІЛДІК. Сіз бұл мәселеге шын мәнінде қызығушылық танытасыз ба?
(Сұрақтардың дұрыс қойылмауынан не болмаса дұрыс емес сұрақ қойылып, оған дұрыс жауап күткен жағдайларда оқушының жауап бере алмай басын төмен түсіріп тұрғанын байқауға болады).
Сұрақ түрлері:
Қадағалау сұрақтары:
Біз нені көре аламыз?
Шешім қабылдауға арналған сұрақтар:
Осы көлік түрін кімнің және қандай мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет