Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары



бет1/11
Дата26.01.2023
өлшемі101,86 Kb.
#63053
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
аза тілі мен дебиет п ндерінде о ушыларды функционалды сауа


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНДЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.

Әлемдік білім кеңістігіне енуде өмірге бейім, өзгеріске икемді, өзіндік ой-пікірін жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын тұлға қалыптастыру заман талабы болып отыр. Осындай оқушыны даярлауда олардың функционалдық сауаттылығын арттыру маңызды орын алады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту жұмыстары әр сабақ сайын қарастырылуы зор нәтиже береді. Оқушылар күнделікті шығармашылықпен айналысып, өзіндік пайымдауға дағдыланады.


Қазақ тілі мен әдебиеттен оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстарының мақсаты: оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.
Міндеттері:

  • мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;

  • тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;

  • ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлау.

Пән мұғалімдері оқушылардың оқу сауаттылығын жетілдіру тәсілдерін жоспарлы түрде жүргізу тиімді. Жоспарлауды 3 бөлімнен құрастыру ыңғайлы:
I-бөлім: Сабақтарда мәтіндер бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін беру.
II-бөлім: Сыныптан тыс сабақтар мен пәндік үйірмелерде оқу сауаттылығын арттыру тапсырмаларын ұйымдастыру, таңдау курстарын жүргізу.
III-бөлім: оқушыларды интеллектуалды сайыстар мен олимпиадаларға қатыстыру.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүйелі жүргізу – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың негізгі шарты болып табылады. Тіл сабақтарында мәтіндер бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін беру мұғалімнен зор дайындықта қажет етеді. Сұрақтар жүйесі оқушылардың белсенді ойлауын, білімі мен білік, дағдысын қолдана білуді қамтамасыз ететіндейетіп құрылуы керек. Мысалы: «Шығарманың басты ойы неде? Шығармада не жазылғаны туралы айтуға болады?(оның мазмұны туралы). Шығарма қалай жазылғаны туралы айтуға болады? (оның стилі туралы).» сұрақтары беріледі. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар рефлексия жасай отырып, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданып, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуына бағыттайды. Келесідегідей түрдегі сұрақтар «не мақсатпен көрсетілген? Қалай қолданасың?» берілсе, оқушылар мәтін мен сұрақты қолдана отырып, логикалық байланыс жасауға дағдыланады. Немесе, «Шығарманың қай бөліктері бір-біріне қарама қайшы? Неліктен?» сұрақтары арқылы байқағыштыққа, мәтіннің әр сөзін дұрыс қолдана білуге, тұжырымдауға үйренеді. Сондай-ақ, оқу материалдарының форматы аспектісін түсінуге бағытталған шығармашылық тапсырмалар ұйымдастыру сауаттылықты арттыруға бағытталады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында «Екі жақты түсініктеме күнделігі», «Стиктердегі сұрақтар», «Тұжырым кестесі», «Пікірлер парағы», «Үндестік парағы», «Эйлер шеңберін құрау» тәрізді тапсырмалар оқушыларды өзіндік жеке қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мұғалімдерінің біліктілігін арттыруына негізделген деңгейлі бағдарламалар мұғалімдерге үзіліссіз даму мен өзін-өзі жетілдіруге негізделген. Оларға сабақ беру мен оқытуда жаңа тәсілдерді түсінуіне, өздерінің жеке ойланулары мен тәжірибелеріне өзгерістер енгізуге бағытталған. Қазақстанда педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің бағдарламасымен оқу мұғалімдердің сабақ беру тәжірибесіне, оқушылардың оқуына, жалпы алғанда мектептің жұмысына оң әсерін тигізуде. Бағдарламадағы модульдерді сабақтарға тиімді ықпалдастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.
Модульдің бірі ретінде алынған сын тұрғысынан ойлау арқылы пәндік-білімдік парадигманы күрделі ой еңбегіне айналдыра аламыз. Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдана отырып, оқушының ішкі мүмкіндігін танып, оның сыртқа шығарылуына түрткі жасап, тілдік қабілеттің дамуына жағдай туғызуға болады. 7 модульдің сын тұрғысынан ойлау бағытын қолдану арқылы оқушылардың:

  • таным белсенділігін арттыруға;

  • өзіндік ізденуді жүзеге асыруға;

  • логикалық ойлаудың пайда болуына;

  • өзін-өзі дамытуға;

  • болжам жасай алуға;

  • іскерліктің пайда болуына;

  • шешім қабылдау әрекетінің дамуына жағдай туғызылады.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы ғылыми ойлау, креативті ойлау, сыни бағалау, дәлелдерді пайдалану арқылы жасап қорытынды жасай алады. Оқушылар шешім қабылдаға, мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздестіруге тырысады, жаңа идеялар ұсынады. Сабақтарда оқушы сұрақ қоя білуге, әр кез сұраққа жауап іздеуге талпынады, екпінді іс-әрекетке түседі, әр түрлі идеялар мен пікірлерді сарапқа салады. Бұлардың барлығы оқушыдан үнемі тілдік қатынасқа түсіп отыруға итермелейді, оқу сауаттылығын арттырады. Оқушы шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы бір-бірінің пікіріне бақылау жасайды, айтылған ойға баға бере алады. Терең, тиянақты, сапалы білім беру мақсатында жүргізілген әдіс-тәсілдердің барлығы ауызша, жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Сын тұрғысынан ойлаудың ұтымдылығы сонда –қолданатын стратегиялар ғылыми-танымдық мәтіндермен жұмысқа да, көркем-әдеби мәтіндермен жұмыс жасауға да қолайлы. Ендеше, қандай пән болса да мұғалімдер сабақ кезеңдерін басқаша құра отырып, оқытудың сапалы болуына қол жеткізе алады. Нәтижесінде, өз пікірін тұжырымдап айтатын, көпшілік ортада батыл сөйлей алатын, өзгемен еркін сөйлесім қарым-қатынасына түсетін тұлға қалыптастыра аламыз.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында диалогтік оқыту модулін жүйелі енгізсе, оқушылар бірлескен оқу әдістерін қолдану арқылы білімді зерттей отырып игеруді қамтамасыз етеді; бірін-бірі оқыту арқылы топтық жұмыстың тиімділігін түсініп, білімді белсенді игеруді жүзеге асырады; оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім қарым-қатынасын дамыту тәрізді маңызды оқыту түрлерін жүзеге асырады. Бұл оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуда зор рөл атқарады. Себебі, сынып оқушыларының әрқайсысы оқу үдерісіне белсене қатысып, өз көзқарастарын, біліктерін ортаға салады. Бұл олардың әлеуметтік және эмоционалды тұрғыдан дамуына жағдай туғызады.
II. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында сыныптан тыс сабақтар мен пәндік үйірмелерді жүйелі өткізу оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың бірден-бір жолы. Пәннен ұйымдастырылған мұндай сабақтардың негізгі мақсаты – оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша көркем тілін дамыту, олардың қабілет, дарынына әсер ету. Жан-жақты ойластырылған танымдық шаралар мен қызықты сабақтарда неғұрлым оқу сауаттылығын дамытуға негізделген жұмыстарды ықпалдастыру қажет. Сондай-ақ, «Біз таңдаған қаламгер», «Ең әлсіз топ», «Мәтінді бағалау», «Пікірлер білдіреміз» тәрізді сабақтар жүргізу оқушылардың шынайы танымдық мүмкіндіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Пәннен ұйымдастырылған сыныптан тыс сабақтар келесідегідей сауаттылықты дамытады:

  • оқушы тіл ұстарту амалдарын дұрыс ажыратып, орынды қолдана алу, функционалдық сауаттылық дағдылары (тұжырымдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, дәлелдеу); 

  • тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадыр-қасиетіп түсіне білу;

  • әдеби тілдің даму тарихынан олу, дамуын саналы түрде түсіне білу; 

  • стиль түрлерін ажыратып алу;

  • шығармашылық жұмыстардың орындалу техникасын меңгеру;

  • көркем шығармадан автордың стильдік қолданысын түсініп, талдай білу;

  • мәтінді тақырыпқа сай баяндап, суреттей, талдай білу, поэзиялық шығармалардың әсемдігін түсініп, орындай білу;

  • жазбаша жұмыстарға талдау жасай білу, өз көзқарасын, әсерін кірістіріп, қорытындылай алу.

Сондай-ақ, оқушылар функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті мәтiннiң қолдану жағдайы немесе мақсаттары аспектісін үйренеді, мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары дамытылады. Жұмыстар барысында бағдарламадан тыс көркем әдебиеттерге талдау жасалынады. «Кітаптың авторы кім? Не мақсатпен жазды? Басты ой неде? Кітапты басқаша қалай атауға болады? Неге?Тағы қандай тарау қосуға болады?» тапсырмалары оқушыларды мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия жасауды және олардың бағасын шығаруды үйренеді. Сыныптан тыс сабақтарда оқушыларды даяр мәтіндер бойынша тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеуге төселдіру меңгерген дағдыны қолдана алуға үйретеді. Оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға бағытталған сабақ түрлері қарастырылды. «Қазақ тіл өнерінің құдіреті», «Поэзия тілінің құдіреті, «Әдеби тілдің қолдану аясы» тақырыптарында өткізілген үйірме жұмыстары жазбаша мәтіндерді ұғуына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия жасап, олардың мазмұнын меңгеруге бағытталды.
III. Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен интеллектуалды сайыстар мен олимпиадаларға оқушыларды жүйелі даярлау оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға әсер етеді. Себебі мұндай сайыстар қазақ тілінің бай қолданыстарын және астарлы ойды түсінуге, қабілетті ұштауға әсер етеді. Оқушылар ойын жүйелі жеткізуге бейімделген сөз сазына зер салатын тұлғаны даярлауға бағытталды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы таным көкжиегі кең, сөйлеу мәдениеті жоғары, өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білетін, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделген тұлға тәрбиелейміз. Осы мақсаттағы жұмыстар оқушылардың ойын, тіл шеберлігін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыратын, тіл шеберлігінің ұшталуын, тіл ұстартуды көздейді. Себебі, астарлы ойды түсіну қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген, сөз сазына зер салатын, өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін, жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленіп шығуына жол ашу әр мұғалімнің міндеті.

Функционалдық сауаттылықты дамыту- заман талабы. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012- жылғы 27- қаңтардағы “Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды үкімет алдында нақты міндет етіп қойды. “Қазақстан- 2050″Стратегиясы: Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін жоғары білімді ұлт болуға тиіспіз. Бүгінгі таңда адамдардың қарапайым сауаттылығы жеткіліксіз екені айқын. Балалардың жалпы алғанда өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына көп көңіл бөлу қажет. Бұл балаларымыздың қазіргі өмірге бейімделуі үшін маңызды”,- деп атап өткен болатын.


Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, білім беру жастардың сауатын ашып қана қоймай, оны әлеуметтік бейімделу кезінде пайдалануға үйретуі қажет.
Оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі олардың функционалдық сауаттылығы дамуының нәтижесін береді.
Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады.
Негізгі құзыреттіліктер кез келген адамның таңдаған мамандығына қабілеттіліктері мен біліктігіне, бәсекеге қабілетті орта жағдайында өзінің жеке өмірі мен кәсіби жұмысында нәтижеге жетуін түсінуіне мүмкіндік береді.
Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Осыған орай барлық сабақтарда оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамытуды ескере отырып әр түрлі тапсырмалар берілуі керек.
Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды.
Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Пәндік білім, білік, дағдыларды меңгертудегі шығармашылық ұстаным сабақты шығармашылық үдеріс ретінде құруды мақсат етеді. Оқу үдерісінде жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен шығармашылық тапсырмалар мен жобаларды орындауға үлкен мән берілді. Белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешу барысында оқушылардың өз тілек-емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі болады. Оқу үдерісінде оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды, біліктерін жаңа жағдаятта қолдана алуына қажетті дағдылары дамытылады. Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден қойылады.Ол үшін қазіргі таңдағы оқыту технологияларының әр түрлі әдіс – тәсілдерін пайдалану тиімді болып келеді: «Джиксо-ұжымдық оқыту» , «Дана үкілер» , «Ажурлы ара» , «Мозаика немесе Ара ұясы» әдіс – тәсілдері. Мақсаты: Жалпы мәселені жұпта, ұжымда талқылау. Бұл әдіс – тәсілдер мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыланады. Сондай–ақ, мұғалімді мектеп қызметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйретеді.
Сабақта әр бір өтілген мәтінді өмірмен байланыстырып отыру арқылы бүкіл табиғаттың, қоршаған ортаның сырын, өз туған өлкеңмен байланыстырып өту баланың қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын – әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет