Тапсырмалар:
1. Мәтін не туралы? [1]
А) күй құдіреті
В) атақты күйшілер
С) танымал күйлер
D) барлық нұсқалар дұрыс
2. Сөйлемді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. Ойды қорытындылаңыз. [1]
Күй – қазақ халқының ұлттық өнері.
____________________________________________________
3. Ақпараттарды дұрыс/бұрыс/айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз. [2]
1. Дина 5-6 жасында қолына домбыра ұстайды.
|
|
А) дұрыс
|
2. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ.
|
В) айтылмаған
|
3. Күй арқылы тазаруға, жан дүниеңді емдеуге
болады.
|
С) бұрыс
|
4. Мәтін бойынша мәліметтерді толықтырыңыз. [1]
Құрманғазы күйлері: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (әр оқушыға 2 минут).
Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз. [10]
Диалог тақырыптары:
1. Біз отбасында Наурыз мерекесін қалай қарсы аламыз?
2. Төрт түлік малдың адамға пайдалы екенін білесіз бе?
3. Өзін баратын не барғын келетін үйірме саған қандай көмек береді?
4. Қазақстан аймақтарындағы тұщы су көздерінің мәселесі қалай шешілуде?
Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, өз ойыңызды жазыңыз. Эссе 150 сөзден тұру керек. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазыңыз. Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді орынды қолданыңыз. Тақырыпқа қатысты күрделі сөздерді қолданып жазыңыз. Жазылымда ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. [10]
Тақырыптар:
«Ғаламторды дұрыс пайдалану – мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор
адамзатқа қауіпті» деген пікірмен келісесіз бе? Неге?
«Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу - міндет» деген пікірмен келісесіз бе?
Жаңа мамандық меңгергіңіз келсе... ХХІ ғасырдан кейін пайда болатын жаңа мамандықтар туралы не ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |