Орта ғасырлық түркі ойшылдарының сөз өнері туралы ой-пікірлері.
Негізгі сұрақтар:
1.Түркі дүниесіндегі ислам дәуірі кезеңінің негізгі құндылықтары.
2. Орта ғасырлық түркі дүниесіндегі сөз өнеріне қатысты ой-талғамдары.
3. Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, А. Йүгінеки, Қ. А. Яссауи еңбектеріндегі сөз құдіреті, көркем ойлаудың негіздері туралы қағидаттары.
4.Қазақстандағы әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы.
|
Қалар мұра-сөз, кісіден кісіге,
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе.
(Ж.Баласағұн)
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар. (Ж.Баласағұн)
Адамды аталмыш өнердің белгілі бір түрі немесе аспектісі бойынша мамандандыруға және басқа түрлері мен аспектілерін жек көруге дейін әкеледі. (Әл-Фараби)
Ойлы сөз- ұтқыр,
Ойсыз сөз- жұтқыр. (А.Йүгінеки)
Асыл сөз- аз,
Қалжың сөз- көп. (А.Йүгінеки) Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым. (Әл-Фараби)
|
Түркі дүниесіндегі ислам дәуірі кезеңінің негізгі құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа аманат, жәдігер болып қалатындығы белгілі. Қазақ әдебиетіндегі сөз өнерінің орта ғасырдағы тарихын айқындай, зерделейтін болсам, сөз өнерінің тізгінін ұстаған ойшылдар,ақын жазушылар өздері өмір сүрген қоғамның саяси-әлеуметтік жағдайынан немесе халық мүддесінен барлық жағдайдан тысқары болмаған. Қайта сол қоғамның барлық қайшылықтары мен мақсат-мұраттарын өздерінің рухани шығармашылығына арқау болған.Қожа Ахмет Яссауи заманы ежелгі қазақ даласында өзін исламның кең қанат жаюымен қарастырылатыны да сол уақыттардан жеткен рухани жәдігерлердің ақпараттық тұрғыдан ойымызды дәріптейді. Қазақ ағартушы-демократтары, эстетика мәселелеріне арналған арнайы еңбектер қалдырмағаны жұртқа мәлім,бірақ өздерінің ғылыми және әдеби еңбектерінде алар қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің дамуы мәселелеріне үлкен назар аударған. Ы. Алтынсариннің қазақ халқының эстетикалық мәдениетін дамытудағы рөлі оның әдебиет саласындағы қызметінде айқын. Қазақ халқының эстетикалық ойының шыны қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ағартушы- демократ Абай Құнанбайұлының шығармалары.
Абай Құнанбайұлы-эстетикамен қатар,этика дүниесін де қатар дамытқан.Оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі теңдесіз.Ол халқымыздың-бас ақыны,ұлы Абайы..
|