Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады.
Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы.
Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы,
халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының
алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген,
өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін
«Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған.
Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы,
Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен
еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы
Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ,
Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы
Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын
ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б. (167 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |