«Халел Досмұхамедов – қажырлы қоғам қайраткері»



бет1/2
Дата22.04.2023
өлшемі1,75 Mb.
#85607
  1   2
Байланысты:
Халел Досмұхаммедұлы


«Халел Досмұхамедов – қажырлы қоғам қайраткері»
Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын. саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.1883 жылы сәуірдің 24 бұрынғы Орал облысыГурьев уезіТайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған  құмында №4 ауылында дүниеге кел­ген. Байұлы тайпасының Беріш руынан шыққан.
Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады.
 
ХХ ғасырдың басындағы бодандықтың бұғауындағы бейқам халықты өркениеттің өріне сүйреген көсемдердің көзге шалынар басты қасиеті – олардың қай-қайсысы болсын жан-жақты «сегіз-қырлы, бір-сырлы» тұлғалар болатын. Халел Досмұхамедовтың cаяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының білгірі болуы – кейінгі толқын жастарға үлкен өнеге.
1917 жылдың шілде айында Алаш қозғалысын жақтаушылардың съезі шақырылады. Оған барлық қазақ облысынан бар болғаны 20-дан астам делегат қатынасады. Осы съездің өткізілгендігіне және оған Халел Досмұхамедовтың төрағалық еткендігіне дәйектеме ретінде «Қазақ» газетінің 31-шілде күнгі санында жарияланған Қаулысын келтіруге болады. Жалпы қазақ съезінің қаулысы: «Жалпы қазақ съезі 21-шілдеде Орынборда ашылып, 26-шілдеде жабылды. Съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарының һәм Бөкейліктің өкілдері қатысты. Съезд төрағасы – Халел Досмұхамедов, төраға серіктері – А.Байтұрсынов, хатшылар: Ә.Көтібаров, М.Дулатов, А.Сейітов». Бұл съезде 14 мәселе қаралған, әрқайсысына байланысты бірнеше пункттен тұратын қаулылар қабылданды. Әйел мәселесі тұңғыш рет осы съезде көтерілді. Осыдан кейін, араға бес ай салып, желтоқсанда ұлттық мемлекет құруға байланысты ұлттық-территориялық Қазақ автономиясы, милиция, ұлт Кеңесі, ұлт қазынасы, халық соты туралы негізгі мәселелерді күн тәртібіне қойған жалпы қазақ съезі шақырылды.
Міне, осы съезде қазақ-қырғыз автономиясын Алаш деп атау жөнінде қаулы қабылданған еді. Патша өкіметі құлатылған соң, 1917 жылы сәуірде қазақтардың Орал облыстық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1917 жылы желтоқсандағы жалпы қазақ съезінде Алашорда Халықтық-революциялық кеңесінің мүшелігіне өтті. Мұнда Кеңес үкіметі орнағанға дейін Земстволық мәдени-ағарту жұмыстарын атқарды. 1918 жылы наурыз айының соңында Халел Жанша Досмұхамедұлымен бірге Мәскеуде РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Ленинмен, ұлт мәселесі жөніндегі Халық Комиссары И.В.Сталинмен Қазақ автономиялы республикасын құру туралы келіссөз жүргізеді. Өкінішке орай, бұл келіссөз нәтижесіз аяқталады. Бұдан кейін Халел Досмұхамедов Түркістан және Қазақ Кеңес автономиялы республикаларында әр түрлі қоғамдық-саяси қызметтер атқарды.
Халел қажырлы қоғам қайраткері болумен қатар, ағартушы, ғалым, дәрігер екендігін де есте ұстауға тиістіміз. Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақтар арасында арнаулы білімі бар 20 ғана дәрігер даярланды. Халел 1913-1920 жылдары Темір уезінде учаскелік дәрігер қызметін атқара жүріп, оба ауруын жою ісіне қатысады. Ауруға сапалы медициналық көмек беретін ешкімнің болмағанына, сүзектен, суық тиюден, мерезден, обадан, тырысқақтан, қарасан, қызылша, безгек, туберкулез т.б. аурулардан халық жаппай қырылып жатқан кезде, біраз адамдардың өмірін арашалап қалды. Қазақ халқы алдындағы перзенттік парызына өмірінің соңғы сәтіне дейін адал болған Халел Досмұхамедовұлы – халқымыздың тарихы мен мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған біртуар перзенттердің бірі. Күні кешеге дейін бүгінгі ұрпақ оны «Алашорданың» көрнекті қайраткерлерінің бірі ретінде ғана білген болса, оның ғылыми-ағартушылық, педагогикалық мұрасы жеткілікті зерттелмеді. Кезінде жеке адамға табыну мен заңсыздықтың құрбаны болған Халел Досмұхамедұлы өз өмірінің ішінде артына орасан зор сарқылмас мұра қалдырды.
Халел Досмұхамедовтың табиғи дарынының ғұлама ғалым ретінде бай мүмкіншіліктерінің жан-жақты дамыған кезеңі – кеңестік кезеңде болатын. Оның энциклопедист ғалым ретінде қоғамдық-педагогикалық, ғылыми жұмысының ең жемісті кезеңі 1920-жылдан бастап, 1930 жылдарға дейінгі Ташкенттік кезеңі. Бұл кезең Х.Досмұхамедовтың әртүрлі қоғамдық, мемлекеттік, ғылыми-педагогикалық, оқу ағартушылық, ұйымдастырушылық, ұстаздық сан-қилы, әртүрлі деңгейдегі жауапты жұмыстарды атқарумен тығыз байланысты.
Сол кездегі белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері, ғалымдар, қазақ өнері мен мәдениетінің танымал майталмандары Халелмен бірге Ташкентте Санжар Асфендияров, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Мұқтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Темірбек Жүргенов, Әлімхан Ермеков, Мұқамеджан Тынышбаев, Әбубәкір Диваев және т.б. Түркістан Республикасының басшы орындарында ғылыми мекемелер, халық ағарту орындары мен жоғары оқу орындарында жұмыс істеді. Бұл кезеңде оның бүкіл ғылыми-педагогикалық, шығармашылық еңбектерінің дүниеге келуі осы кезеңде іске асты.
1920 жылы «Алаш» партиясы таратылып, оның Батыс бөлімінің жетекшілерінің бірі Халел Досмұхамедұлына Кеңес үкіметі тарапынан кешірім жасалды. Осы жылы ол Ташкент қаласына келіп, Түркістан Республикасының Денсаулық сақтау және Халық ағарту комиссариаттарында жауапты жұмыстармен қатар, жоғары оқу орындарында ұстаздық және ғылыми-педагогикалық, шығармашылық жұмыстармен айналысты. Х.Досмұхамедов Ташкентте өткізген 10 жылының ішінде шын мәнінде Қазақстан мен Орта Азияда денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы ұйымдастырушысы болды. Ол өзінің ғылыми-педагогикалық қызметімен өлкеде маман кадрларды даярлауға, халықтың денсаулығын сақтауды ұйымдастыруға, халық ағарту ісі мен жоғары білімді дамытуда ерекше үлес қосты. Әсіресе, ол Ташкент қаласында ұлт зиялыларын өз төңірегіне топтастыра отырып, ұлт мектептері мен жоғары оқу орындарына арналған алғашқы қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда сіңірген еңбегін ерекше атауға тиіспіз. ХХ-ғасырдың бас кезінде Х.Досмұхамедов Халық ағарту Комиссариатының Білім комиссиясын басқарып тұрған кезінде бір топ қазақ зиялыларына қазақ тілінде жоғары оқу орындары мен ұлт мектептеріне арналған әртүрлі ғылым саласында оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға тапсырма беріп, ұсыныс жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет