Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау. 9 сынып І. Оқылым Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір»
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау. 9 сынып І. Оқылым Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді.
Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.
1-2 Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз. /определите жанр текста/ ________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________[2]
3. Мәтінге ат қой./ дай название тексту/ ________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________[1]
4. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған? ________________________________________________________________________________
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[1]
5. «Жолаушы» деп кімді атаймыз?/кого мы называем путником?/ ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[1]
ІІ. Жазылым
Берілген екі тақырытың қайсысына жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз./выберите тему и поставьте галочку в квадрат.выбранной темй/
1
2
1 Қазақ жазуының дамужолы./эссе/ . «Елбасы 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшетініміз туралы Жарлыққа қол қойды. тақырыбында эссе жазыңыз.
2 Көшпенділермәдениеті./мақала-статья/ І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқығаннан кейін, мектеп журналын«Ұлы дала – көшпенділер әлемі» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.
(10)
Внимательно просмотрите задания и баллы!!!!!