Қазақ тілі мен әдебиеті Аралық бақылау Пән атауы: Қазақ тілінің тарихя мен жазуын оқыту Тақырыбы



бет2/3
Дата05.05.2023
өлшемі72,07 Kb.
#90207
1   2   3
2.Тапсырма. Соңғы абзацтағы көп нүктені толтырыңыздар, сұраққа жауап беріп, мәтін түзіңіздер.
Сонымен олар кейінгі дәуірге өздері және арғы аталары жайлы жазба тарих қалдырды. Орхон-енисей ескерткіштері қандай жанрда жазылған?
Көне түркі әліпбиінің құрамында 35 әріп бар. Оныңбағыты оңнан солға қарай оқылады. Алғаш «Тәңір» және «Түркі» деген сөзді оқып, әлемге жариялады.
Одан кейінгі сөз турколог ғалымдары В.В.Радлов пен С.Е.Маловқа берілді.
Қытай деректерінде Түркі деген сөз Ту-кю дегеннен шыққан деген болжам бар. Ту-түркі, кю-тер (көптік жалғау).
Түркі – Моңғолсөзі, мықты, күшті деген мағынаны білдіреді.
Қағандық лауазымға ие болғандар. Моңғол тектес «Аишн» тайпасынан шыққан 500-ге жуық отбасы. «Шано» - Моңғол сөзі, қасқыр деген мағына береді. «А» - құрметтеу прификсі. 552-жылы түркі тайпаларының өкілі Бумын деген кісібытыраңқы, көшпелі түркі тайпаларының басын қосып, жу-жандарға қарсы шабуыл жасайды. Осыдан кейін түркі тайпаларыТүркі қағанаты атты жаңа мемлекеторнатады. Мемлекет басына Бумын қаған «ел қағаны) отырады. «Ел қағаны» деген сөз Бумын қағанының атағы (император) бірнеше елді басқарды.
Руна – немістің готт тайпасынан шыққан «құпия» деген сөз. Жас тілшілер көкейіндегі сұрақтарға ғалымдардан осындай қызықты жауаптар алды.
Ескерткіштегі мақал-мәтелдермен сөз тіркестері ата-бабалардан қалған. «Өлімнен ұят күшті», «Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай».
Сөз ғалым Б.Кенжебаевқа берілді. Ол қай халықтың болсын ерте замандағы әдебиеті, жазба әдебиеті нұсқалары, сол халықтың бүгінгітілінде болуы шарт емес.
Жырда, әдебиеттанушы негізінен Білгеқоған, Күлтегін батыр, Тоңықұқ ерліктері суреттелген жырдың басты кейіпкері – Күлтегін батыр.
Күлтегін – түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі. Оның тұлғасында түркілерге тән ержүрек, өршіл, қайсар, қайтпасмінез бар. «Сондай батырым болса» деген ел арманы күлтегін ерліктерін сипаттау арқылы берілген қонақтарға алғыс айтылды.


Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған.
Енисей жазбаларының жалпы саны – 85 айналасында. Олардың ішінде кіші-гірім жазбалармен қатар ірі мәтіндер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады.
Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.
Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.
Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі -3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені –1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын бейнелейді. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіштің моделінің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет