Дәріс-15.Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика Мақсаты-педрпрактиканың мақсат-міндеттерімен және оның қажетті құжаттарының мазмұнын, әдістемесін игерту.
Жоспары: 1.Педпрактиканың мақсаты мен міндеттері
2.Практика барысында жүргізілетін оқу-тәрбиелік іс-шаралар.
Лекция тезисі: Студенттердің оқу – тәрбие жөніндегі педагогикалық тәжірибесі, үздіксіз білім беру принципі сияқты, олардың қоғамдық және мектептегі педагогикалық тәжірибелерімен тығыз байланысты жүргізіледі.
Педагогикалық тәжірибе студенттерді мұғалімдік мамандықты сүйе білуге, педагогикалық әдет – дағдыларын игеруге, алған теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Оқу – тәрбие жұмысының озық тәжірибелерін игеріп, білгір педагог маман болып шығуына мүмкіндік жасайды.
Педагогикалық тәжірибенің ұсынылып отырған бұл нұсқау студенттерді жоғары оқу орындарында алған педагогикалық – психологиялық білімдерін қолдана білуге үйретеді.
Атап айтқанда, олар бұл орайда ІІІ курста психологиядан, ІҮ курста педагогикадан, әдістемеден және осы пәндер бойынша өткізілген арнайы теориялық курстардан берілген білімдерге сүйенеді.
Олар тәжірибе барысында жеке оқушыларды, сынып ұжымын психологиялық – педагогикалық жағынан зерттеп үйренеді. Ол үшін оқушылардың өздік жұмыстарын, сынып журналдарын, күнделіктерін, оқушылардың басқа да шығармашылық жұмыстарын байқап зерттейді. Ата – аналармен әңгімелесіп, оқушы жөнінде мағлұмат алады.
Студенттер сабақ өткізуге дайындыққа байланысты мынадай шараларды жоспарлауға тиіс:
жеке оқушылармен арнайы жүргізілетін жұмыстарды белгілеу;
ата-аналармен, тәрбиешілермен байланысты жақсарту;
жекелеген ата-аналарды мектепке шақырып, үйінде әңгімелесу; ашық тәрбие сағаттарын өткізу, т.б
Студенттердің педагогикалық тәжірибесі кәсіптік мамандық алуды аяқтауына байланысты ұйымдастырылады.
Педагогикалық тәжірибенің ерекшелігі студенттердің әрекеттенуі біршама қалыптасып, кәсіптік дайындықтарының негіздері қалыптасқандығын танытумен бірге, олардың бұдан бұрынғы жылдардағы алған теориялық білімдерінің тәжірибелік әдет – дағдыларының белгілі дәрежеде сапалық қорытындысын шығарғандай үлкен сын іспеттес екендігінде.
Тәжірибе орта мектептің 5-11 сыныптарында өткізіледі. Педагогикалық тәжірибе студенттердің оқу тәрбие мекемелері әкімшілігінің әңгімесіне қатысудан басталады. Мектептің мұғалімдері мен басқа педагогикалық тәжірибені өткізуге байланысты ұжым мүшелерімен, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, оқушылар ұйымдарының активтерімен танысу, әңгімелесу алдындағы педагогикалық тәжірибенің мақсаты мен мазмұнын бағыттап айқындай түсу негізінде өткізіледі. Студенттер мектеп құжаттарымен, жоспарларымен таныстырылады.
Олар педагогикалық тәжірибе барысында төмендегідей оқу – тәрбие шараларын жүзеге асырып, үйренуге тиіс:
жеке оқушыларды, бүкіл сынып ұжымын зерттеп, мінездеме бере білу;
оқу процесінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру т.б.
Ал тәрбие процесінде сынып жетекші (тәрбиеші) міндетін атқаруға жаттығады. Адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі жүйелерін бір – бірімен байланысты жүзеге асырудың тәжірибелерін жинақтап үйренеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарымен ұштастыра өткізудің тәсілдерін үйренеді.
Студенттер ата – аналармен, қоғам ұйымдарымен байланысты жүзеге асырады. Мысалы ата-аналардың үйіне барады, оларға арнап жиындар өткізеді, педагогикалық тақырыпта дәрістер оқиды, конференциялар ұйымдастырады т.б.
Студенттер педагогикалық тәжірибе кезінде әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. Өздерінің тәжірибелік жұмыстарының нәтижесін мұғалімдердің оқу – тәрбие жұмысы саласындағы тәжірибе жұмыстарын талдап үйренеді. Мұғалімдердің әдістемелік кеңестеріне, семинарларға қатысады. Дипломдық және курстық жұмыстарға деректер жинайды.
Студенттер есеп құжаттарын дайындайды, кабинеттерді жабдықтауға қатысады. Төменгі курс студенттеріне педагогикалық тәжірибе жөнінде көмек көрсетеді. Педагогикалық тәжірибенің қорытындысына арналған конференцияға қатысады.
Осы жоғарыда көрсетілген педагогикалық тәжірибенің негізінде студент әр аптаға арналған жеке жоспар жасап, оның орындалуын қамтамасыз етеді.
Студенттердің педагогикалық тәжірибесі кәсіптік мамандық алуды аяқтауына байланысты ұйымдастырылады.
Педагогикалық тәжірибенің ерекшелігі студенттердің әрекеттенуі біршама қалыптасып, кәсіптік дайындықтарының негіздері қалыптасқандығын танытумен бірге, олардың бұдан бұрынғы жылдардағы алған теориялық білімдерінің тәжірибелік әдет-дағдыларының белгілі дәрежеде сапалық қорытындысын шығарғандай үлкен сын іспеттес екендігінде.
Тәжірибе орта мектептің 5-11 сыныптарында өткізіледі. Осы жоғарыда көрсетілген педагогикалық тәжірибенің негізінде студент әр аптаға арналған жеке жоспар жасап, оның орындалуын қамтамасыз етеді.
Іс-тәжірибені ұйымдастыру және басқару әдістемесі бойынша іс-тәжірибені өтуші стденттердің қатысуымен іс-тәжірибе алдындағы конференция ұйымдастырылып, студенттердің өз іс-тәжірибелерін өткізетін мектептерінің тұрақтары анықталып, студенттердің назарда ұстайтын негізгі міндеттері мен олардың жетекшілері белгіленеді.
Әр қайсысының өзіндік атқаратын міндеттері мен негізгі мақсаттары белгіленеді.
Іс-тәжірибе басшылары болып факультет деканы, әр кафедрадан белгіленген топ басшылары, яғни оқытушылар мен педагогика, психология кафедраларының оқытушылары саналады. Іс-тәжірибе басшылары іс-тәжірибенің бағыттылығы мен уақытын оқу бағдарламасына сай белгілеп, студенттерді іс-тәжірибеге бағыттау рәсімдерін жүргізеді. Жоғарыда аталған анықтаушы конференцияндан кейін іс-тәжірибе орындарында студенттердің инновациялық іс-әрекетте қатысу дәрежесін бақылайды және іс-тәжірибе бойынша есептерді дайындау және қорғау тәртібіне байлынысты ақыл-кеңестерін беріп, іс-тәжірибені өткізу тәртібі мен оның негізгі кезеңдерін талдауын қамтамасыз ете отырып, олардың іс-тәжірибеге бейімделуіне ықпал жасайды.
Факультет басшысы іс-тәжірибе өткізілетін базалық мектептер басшыларымен алдын-ала жасалатын келісім-шарттың іске асқандығын, ол мектептердің университет тарапынан қойылатын талаптарға сай екендігін және іс-тәжірибеші-студенттерге қалыпты жағдай жасалатындығын ескеруі қажет. Ал, топ басшылары болып табылатын кафедра оқытушылары мектеп тарапынан қойылатын талаптарға өз іс-тәжірибешілерінің жауап берулеріне, бағдарлама бойынша қойылатын талаптарға сай іс-әрекет түрлерін (кезекті сабақ, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар, тәрбие жұмыстары) жүзеге асыруларын қамтамасыз етулері қажет.
Базалық ұйым болып табылатын мектеп басшылары да өз міндеттерін орындай отырып, іс-тәжірибешілерге талапқа сай жағдай жасаулары қажет. Жалпы студент-іс-тәжірибеші факультет тарапынан белгіленген топ жетекшілері мен мектеп мұғалімдерімен үнемі байланыста болулары қажет. Сонымен қатар іс-тәжірибе барысында студент-іс-тәжірибеші сабақ кестесі бойынша белгіленген сабақтарды өткізуге және оның әрқайсысына зор дайындықпен келуге міндетті.
Кәсіби іс-тәжірибе оқу бағдарламасы бойынша 7-ші семестрде ұйымдастырылады. Іс-тәжірибе алдыңғы семестрлерде алған теориялық білімдерін іс-тәжірибеде жалғастыруға негізделіп, 10 аптаға жоспарланған.
Белгіленген уақыттың алғашқы аптасында мектептегі пән мұғалімдерінің сабақтары мен тәрбие жұмыстарына қатысып, студент-іс-тәжірибешілер өзіндік пікірлерін қалыптастырады және оқушылардың білім деңгейлеріне назар аударады. Ал, келесі апталарда негізгі іс-әрекеттерге, яғни сабақ кестесі бойынша белгіленген сабақтар мен тәрбие жұмыстарымен пән мұғалімі және сынып жетекшісі ретінде қызметке кіріседі. Бұл апталарда қалыпты сабақтар мен тәрбие жұмыстарымен қатар, бір ашық сабақ және ашық тәрбие сағаттарын өткізуге міндетті.
Сонымен қатар іс-тәжірибені өткізуде факультет, кафедра меңгерушісі, топ жетекшісі, базалық іс-тәжіирбе басшысы, зерттеуші топ пен ұйымдардың басшылары бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Топ жетекшісі әр аптада 2-3 рет базалық мектептерде болып, студент-іс-тәжірибешілердің өз міндеттерін атқару әрекеттеріне міндетті түрде бақылау жасауға және олардың тарапынан туындаған мәселелерге жауап беруге тиіс.
Университеттің базалық мектептері болып табылатын іс-тәжірибе базаларымен келісім-шарт рәсімдері жасалады.
Анықтаушы конференцияны өткізу уақыты мен тәртіб белгіленіп, студенттерді іс-тәжірибеге бағыттау рәсімдері жүргізіледі.
Іс-тәжірибе орындарында студенттердің инновациялық іс-әрекетте қатысу дәрежесі қалыптасуға тиісті шаралар жасалады.
Іс-тәжірибе бойынша есептерді дайындау және қорғау тәртібі түсіндіріледі.
Іс-тәжірибені өткізу тәртібі оның негізгі кезеңдерді талдауын қамтамасыз етуге арналған іс-тәжірибе алдындағы конференция ұйымдастырылып, онда қажетті мәселелерге көңіл аударылады.