Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет69/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

М. Дулатов



М. Әуезов

Ғ.Мұстафин

Әдебиетміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш ─ Абай сөзі, Абай аты оларға керек. Абайға дейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында, қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болаған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы да сол. Бәлкім, мұнан кейін Абайдан үздік, артық ақындар шығар, бірақ ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз ─ Абай

Абай-қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.


Жұлдызы өлең-жырдың сөнбейтұғын.
...Биік шыңдар аласа белес, төбешік, шоқылар ортасынан көтеріледі. Солардың ішінде жүрсең, биік шың онша байқалмайды. Ал шыңның басына шықсаң, немесе алыстан байқасаң, шыңның шың екені сонда ғана анық байқалады.. Сонау алыстан жаңағы шыпырлаған белес, төбешік, шоқылар көрінбей қалады, тек шыңды ғана көресің. Біздің Абайымыз әдебиет тарихына көз жіберсек, дәл осы биік шың тәрізді болып тұрады. Әрине, ешбір шың тек өзі ғана тіп-тік шығып көтерілмейді. Шың неғұрлым биік болса, солғұрлым оны қоршаған төбе, шоқылар да көп болмақ. Абайды Абай еткен өзінің халқы. Тастақ жерге өсімдік өспейді. Абайды өсіретін ортасы, әріден келе жатқан халықтың мұрасы, шығыстан, Еуропадан алған білім нәрлері.

Ғылыми мақалалардағы дәйектемелермен танысып болғаннан кейін топта салыстыру жұмыстарын жүргізуге болады. Олар өз пікірлерін ортаға салып, сыншы ғалымдар пікірлеріне талдау жасайды, баға береді.


Топтық жұмыстардан кейін салыстыра талдау жүргізу, өз пікірлері мен ойларына жол ашу, Ғ.Мұстафиннің әдебиет туралы пікірлеріне баға беру ─ бәрі әдеби сын еңбектерді оқытудың тиімді жолы болып табылады.

Әдебиеттік шығарманы талдау – жинақтау әдісімен оқып үйрену, қорыту және қорытындылау жұмыстарын талап етеді. Мақсат: оқушыларды шығарманы өтуде алған білім –дағдыларын жинақтап, жүйелі тәртіпке келтіру, бекіту болып табылады. Бұл жұмыстар 5-8 сыныптарда қорытуға ранлағн сұраулар, тапсырмалар немесе мұғалімнің қорытып айтып беруі сияқты жолдармен қайталанып, пысықталып, бекітіліп отырады. Қорыту жұмысы қажеттігіне қарай жеке сабақтардың ішінде болып отырады. Мысалы...


Оқушылардың әдебиет сабақтарында өтілген материал бойынша алған білім-дағдыларын нығайитып бекітуде, жүйеге келтіріп жетілдіруде қайталау жұмысы да маңызды орын алады. Өйткені қайталау мен жаттығу жұмыстарын кезінде дұрыс ұйымдастырып, мезгіл-мезгіл жүйелі түрде жүргізіп отыру оқушыларға әдеби білім берудегі негізгі тәсілдердің бірі. Қайталау жұмысы көркем шығарманы өту барысында да, өту жұмысын аяқтау соңында да жүргізіліп отырады. Оқу жыдллы бойында тоқсанды, жарты жылдық және жылдық қайталаулар жүргізіледі. Мұндай қайталауларда қандай тақырыптар, әдеби материалдар қамтылатынын шешетін және белгілейтін – мұғалім. Бірақ қайталау жұмысы жалпылама болмай, оқу материалдары бірімен бірі байланысты, нақтылы жоспар бойынша жүргізілуі қажет.
Мектеп тәжірибесінде әдебиет мұғалімі қайталауға жататын мәселелерді күнтізбелік жоспарда көрсетеді. Бұған білімдік, тәрбиелік маңызы зор негізгі материалдар, оқушылардың үстірт ұққан мәселелері алынады. Мұның өзі қайталау сабақтарының сабақтың өзге түрлерінен айырмашылығы барлығын аңғартады. Бұл ретте әсіресе оқу жылы соңында бағдарлама бойынша өтілуге тиісті оқу материалдары аяқталған кездегі қайталау жұмысы маңызды оырн алады. Өйткені бұл – қайталаудың жауапты кезеңі. Сондықтан оны мұғалім дұрыс ұымдастырп, дұрыс жүргізе білуге міндетті. Сөйтіп жылдық қайталаудың нәтижесінде оқушылардың мәтінді мәнерлеп оқи білуі, өтілген ақын-жазушылардың өмірбаяны мен шығармаларының мазмұнын білуі, оларда қай кездің өмір шындығы бейнелетіндігі жөніндегі білім –дағдылары қайтадан еске түсіріліп толықтырылады, пысықталып, бекітіледі, қажетті жағдайда қосымша білім алып шығатын болады. Қайталуға негіз болатын, оқушыларды іздендіруге бағыттайтын негізгі нысандар: теория элементтерін біраз жинақтау, композиция, тіл элементтерінің көркемдік қызметін анықтай түсу, сюжеттің элементтерін таныту, суреттеу тәсілдерін табу, шығарманың образдары, оны жасаудағы ақын идеясы мен тәсілдері, шығарманың тақырыбы мен идеясы, жанр табиғаты, оқушылардың жазба тілін дамытуда жыл бойынша істелеген жұмыстардың түрін түйіндеу т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет