Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Кіріспе жұмыстарды Ә.Қоңыратбаев үш салаға бөледі



бет68/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Кіріспе жұмыстарды Ә.Қоңыратбаев үш салаға бөледі:

  1. заман, қоғам тірлігі жайындағы тарихи түсінік;

  2. жазушының өмірбаяны мен творчестволық жолы(көзқарасы) жайындағы түсінік;

  3. мәтін тұсында берілетін тақырыптық-текстологиялық(сөздік) түсінік.

Кіріспе жұмыстар кезінде мұғалім сөзіне елеулі мән беріледі. Кіріспе сөз логикалы, әдебиет пәні мақсатына шақ, қысқа да көркем, сөзге сараң, ойға толы, ұғымды, табиғи болуы шарт. Дайын тіркестерді қайталау, орынсыз ділмарлық, көп сөзділік, схемашылдық кіріспе сөздің мәнін кетіреді.
Кіріспе сөзге В.Голубков бірнеше түрлі талап қояды. Олар: а) кіріспе сөздің идеялылығы, принципшілдігі; ә)оның әдеби курсқа, тақырыпқа байланыстылығы; б) нақтылығы, көрнекілігі; в) білімдік-логикалық арқауының берік болуы; г) әдеби тілмен айтылуы.
Дауыс ырғағына шеберлік керек. Сөз жылдам айтылып, дауыс жамырап, құлақты жарса, оқушының зейіні сөз, ой, фактіге емес, шулы дауысқа ауып, кіріспе сөздің әсері кемиді. Сондықтан кіріспе сөздің өзін көркем әңгіме стилінде жай айтқан жөн.
Кіріспе сөз ылғи баяндау тәсілі емес, сұрақ-жауап(әңгіме) әдісімен де жүргізіледі. Мысалы, Ғ.Мүсірепов шығармаларын бастамас бұрын 11-сынып оқушыларына төмендегідей мазмұндағы сауалнама таратылып беріледі:

  • Ғ.Мүсірепов туралы не білесің?

  • Төменгі сыныптарда оның қандай шығармаларын оқыдыңдар?

  • Өз бетіңмен не оқыдың?

  • Ғ.Мүсірепов шығармасы өзіңе ұнай ма, ұнаса, неге ұнайды?

Көркем туындыны оқу - әдебиетті оқытудың ең негізгі мәселесі. Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім беру мүмкін емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу – мұғалім үшін мақсат.
Сыни еңбекті оқытудың жолдары, әдіс -тәсілдері
1.Еңбекті толық оқыту немесе арнайы оқыту. Мысалы, 11-сынып әдебиетінде Ғ.Мұстафиннің « Сәкен туралы бірер сөз» дегенмақаласындағы С. Сейфуллин өмірі мен шығармашылығына арналған сүбелі ой-пікірлерін оқытуға ерекше көңіл бөлуге болады. Осы сыныптағы әдебиет курсының ішіндегі ең басты мәселе ─ кеңес заманында дауылпаз ақын атанған Сәкеннің шығармашылығына жаңаша пайымдаулар қажеттілігі.Осы мақсатта сыншының жоғарыдағы мақаласын толық оқыттыруға тапсырма беріледі. Оқушыларға бұл еңбектің негізгі түйінді дәнін, маңызын бірден аңғарту мақсатында, әрі оны игерудің бірден-бір тиімді жолы ретінде «Нені міндетті түрде білу керек ?» деген тақырыпшамен мақаланың ең басты мәселелерін төмендегідей етіп жазып қою керек. Мысалы:
1.Сәкеннің портреті .
2.Сәкен жасынан топ жара шыққан жүйрік.
3.Сәкен социалистік дәуір сөзін әдебиетімізге арқау етіп енгізген жаңашыл..
4.С. Сейфуллин - қоғам қайраткері.
Бұл мақаланы оқу арқылы оқушылар Ғ.Мұстафиннің жазушы әрі сыншы екенімен танысады. Мерзімді басылымдарда әдебиеттанудың өзекті мәселелеріне көңіл бөліп, өз үлесін қосқан қаламгер сыншының бірегейі екеніне көздері жетеді. Сонымен қатар мұндай әдіс-тәсілдер сабақты әрлендіріп, оқушыларды оған әрі қызықтырып, әрі терең білім алуын қамтамасыз етеді.
Екінші, мәтінді талдау барысында көркем туынды мен әдеби сын еңбектің арасындағы байланысты, сабақтасып, толысып жатқан ой-пікірлерді ажыратып, екшей біледі.
Үшінші, ғылыми зерттеу еңбектерін оқытудың келесі бір жолы, негізгі түйіні ─ дәнін бөле ала отырып, оқыту болып табылады. Бұл мәселеде мұғалім еңбек бойынша өзі жұмыс істеп, негізгі мәселелерді сұрыптап, соны оқушыға жеткізу айналасында ізденеді. Мысалы, Ғ.Мұстафиннің «Сыр дәптері» күнделігінің негізгі өзегін құрайтын алашшыл әдебиет пен олар жөніндегі шындықтар туралы айтылған пікірлерінен үзінділер алынады. Мысалы: «Абайдан кейін біздің заманымызға дейін қазақтан туған білімді, талантты адамдардың ішінде аты мәлім төрт адам атаусыз қалып ұмытылып барады. Олар: Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев. Бұлардың ішінде М.Дулатовтың аты аталмайды. Бұған Міржақып Амангелдінің өлтірілуіне қатысы бар деген жалған айыптың әсері тиген болуы да мүмкін. Жазушы бұларды ақтайды: «Тап тартысын біздің белсенділер тап мақсатынан гөрі өз мақсаттарына көбірек пайдаланды. Өзімен бәсекелестерді құртып алған соң, жалғыз шауып жүйрік атанбақ болды. Егер ана төртеу қатарға қосылғанда, олар шаруаның бір шобыры болып қала берер еді. Қазір уақыт өзгерді, қауым жаңарды, тарихымызға сынай қарап, дұрысын дұрыс, бұрысын бұрыс дейтін шақ жетті. Сонда да Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрімдердің ғылыми, әдеби тамаша еңбектері әлі көмулі жатыр. Неге? Өйткені ол еңбектерді ұрлап, жырымдап пайдаланып атақ алғандар, қарнына қазы біткендер бар. Бұлар көмбені ашқызбауға тырысады» (сонда)- деп, ащы шындықтың шаужайынан алып, тырп еткізбей турасын айтқан. [4,242б.].
Немесе: « Біз бүркегенмен, олар ашады. Қазақ тарихы, қазақ әдебиеті жойылмаса, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрімдер жойылуы мүмкін емес. Тарихымыздың төрінен орын алады олар» [4,242б.],-деген.
Осы үзінділерді сабақ барысында немесе сныптан тыс жұмыстарда оның мәні мен мазмұны төңірегінде ой өрбітіп, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге болады.
Зерттеудің түйінді дәнін бөліп ала білуде сол жерлерді өзгертпей, ауқымында ғана, ішінара теріп пайдалану.
а)Еске ұстайтын, басшылыққа алатын бір маңызды мәселе ─ мұғалім зерттеуді қандай тәсіл, қандай жолдармен оқытпасын, оның мазмұн бірлігі,тұтастығын сақтай отырып, оқытуды ойластырған жөн. Мұғалім алдымен еңбек туралы сөз етіп, оның маңызын, мәнін, суреткер шығармашылығын зерттеудегі орнын әңгіме етуі керек;
ә)Осы еңбек туралы сөз етіп, соны негізге алуларына болады;
б)Зерттеулермен жұмыстың бұл түрінде де мұғалім түсіндірмелі оқуды, конспект-тезис, дәйексөз жаздыруды, еңбектен үзінді жазылған кесте-плакаттарды пайдаланады;
в)Оқушыларды әңгімелесуге, өз ойларын айтуға, пікірлесуге, әдеби айтысқа баулиды. Зерттеу еңбектерді оқытудың басты мақсатының өзі де осы. Бірнеше зерттеулерден мысал келтіріп, оқушыларды іздендіруге, салыстырмалы жұмысқа баулуға, өз беттерімен қорытынды жасауға, пікірлерін айтқызуға болады. Мысалы, Абай шығармашылығын өткенде М. Дулатов, М. Әуезов, Ғ.Мұстафиннің еңбектерінен дәйектеме келтіруге болады.


Үлгі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет