«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf көрінісі
бет106/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   145
Рыскелді САБЫРБАЙ,
Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
«МЕРЕЙТОЙ - 55 ЖӘНЕ 50» 
АЙДАРЛАРЫ
Тұрақты  оқырманымыздың  бірі,  Қарағанды  облысы, 
Қарқаралы ауданындағы №4 орта мектептің мұғалімі Сайран 
Бәкенұлының 
«Тоқсаныншы  жылдардағы  журналдарда 
«1991 жылдың наурыз айынан бастап шығады» делінген. Ал 
бертін келе «1958 жылдың наурыз айынан бастап шығады» 
деп  жазылып  жүр.  Егер  журнал  1958  жылдан  шықса  сол 
кезде  жарияланған  мақалалардың  электронды  нұсқасын 
архивтеріңізден  көріп  оқуға  бола  ма?»  деген  сауалы  бар 
екен.
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  жұрналы  ССРО-ның  ұлт 
үшін      бір  жылымық  сәті  –  1958  жылы  жарық  көрген-ді. 
Коммунизмге  «орыстанғанда  ғана  жететін»  қоғам  үшін 
мұнысы  оң  болмай,  екі  жылдан  кейін  қайта  жабылған 
ғой.  Ұлттық  еңсеміз  едәуір  көтерілген  1990  жылы  Қазақ 
ССР-ы  Білім  министрінің  арнайы  бұйрығымен  жұрналды 
қайта шығару туралы қаулысы қабылданды, ал оның нақты 
жарыққа шығуы 1991 жылға орайласты. Сондықтан бастапқы 
кезде  қайта  жарық  көрген  мерзімі  көрсетіліп  (1991),  кейін 
тарихи датасы қалпына келтірілді. Ал енді, Сәке, сіз айтқан 
электронды  нұсқасы  емес,  сол  1958,  1959  жылдардағы 
жұрнал топтамасы редакцияда толықтай сақталынған. Оқып 
көруіңізге болады.
Иә,  биыл  жұрналдың  55  жасқа  келуі  ғой.  Кісі  жасын 
істеген  ісімен,  жұмысымен  үйлесімде  орайластырғанның 
еш  әбестігі  бола  қоймас.  Жұрнал  жасы  екі  бес  (55)  болып 
көзге көрінсе, сол 1958-ден бір 5-тен кейін дүние есігін біз 


107
де ашқан екенбіз.
2011  жылдың  желтоқсан  айында  Тәуелсіздіктің  20 
жылдығы  және  «Қазақ  тілі  мен  әдебиетіндегі»  еңбек 
жолымыздың  20  жылдығы  құрметіне  осы  жылдар  ішінде 
осы  жұрналда  жарияланған  мақалаларымызды  жинақтап 
бір  нөмірін  арнаған  едік.  Мақалада  сөз  болған  мәселелер, 
айтпақ уәжімізге жұрт назарын жүйелей аударту ойымызда 
бар  болатын.  Ауызша  хабарласулар  аз  болған  жоқ,  хат 
жазған майталман мұғалім оқырмандар да болды. Мәселен, 
соның бірі – Алматы облысы Балқаш ауданындағы Кәмшат 
Жұмабайқызы: «Сәлеметсіз бе, аса құрметті Рыскелді аға! 
Жұмысы  бастан  асатын,  таусылмайтын  қағазы  көп  оқу 
ісі  жөніндегі  орынбасар  бола  тұра,  жұрналға  жариялан-
ған  әрбір  дүниелеріңізді  екшеп,  мән  беріп,  қажеттерін 
қолданатынымды  несіне  жасырайын.  Сырттай  оқыған 
маған  сіздердің  басылымдарыңыздың  көмегі  көп  тиді. 
Алайда  ...  ...  сіздің  осы  жұрналда  үзіліссіз  20  жыл  еңбек 
еткеніңізді күнделікті күйбеңмен ұмытып кетіппін. Қолым 
қалт еткенде сіз туралы қайта оқып, есіме түсіп, қатты 
ыңғайсыздандым.  «Ештен  кеш  жақсы»  демекші,  мен 
сізге  шығармашылықтың  шыңын  тілеймін!  Әрдайым  дәл 
осындай  жігеріңізбен,  қажыр-қайратыңызбен  шаршамай, 
талмай  көпшіліктің  құрметіне  бөленіп,  табыстан 
табысқа жетуіңізге шын жүректен тілектеспін! Мейірімі 
шексіз Алланың өзі қолдап, денсаулығыңыз болаттай берік 
болсын!».
Айтқаның  келсін,  Кәмшат  қарындасым,  елгезек  әрі 
кішіпейіл  қасиетіңе  көптен-көп  рахмет!  Жарқылдай  жүріп 
шәкірттеріңнің, ата-аналардың алғысына бөлене бергін!
Иә, біздің де қол қысқа! Жазып жүйелеп, талдап таразы-
лап жөнге салынуы тиіс істер қаншама?! Уақыт керек, күш 
керек.


108
Бұрындары  мұғалімнің  айтқан  мәселесін  немесе  соған 
қатыстыны індете зерттеп мақала жазушы едік... Қазір келіп 
түскенді жинақтаушы, іріктеуші, дайындаушымыз, «педагог-
журналист» дегеннен гөрі «педагог-редактор» дегенге нақты 
сай  келеді.  Педагогикалық  басылымдар  көбейді,  педагог-
журналистер де көбеюі керек еді, бірақ азайды. Тіпті, олар 
бар ма қазір?! Бар болса кім-кімдер?
Егер  біздің  қол  ұзын  болса,  мәселен,  Мәди  ауылында-
ғы  (Қарағанды  облысы,  Қарқаралы  ауданы)  Мейрамгүл 
Күзембаеваның  хатындағы  сауалдарының  себебін  қамтып 
мақала  жазар  едік: 
«Мені  қынжылтатыны  –  ауыл 
мектебіндегі  жыл  сайын  бала  санының  азаюы.  Кейбір 
сыныптар қысқарып, бірігіп кетіп жатыр. Шағын мектеп 
болу  қаупі  бар,  соған  қынжыламын.  Қайда  барамыз...?! 
Алдымызда – 5 бала, кейбір сыныпта – 7 бала... Сіздерден 
өтінерім: шағын мектепте қалай сабақ өткізуге болады?..»
Сонда  жыл  сайын  бала  саны  азая  берсе,  мектептің  де 
жабылу  қауіпі  бар  емес  пе?  Мектепсіз  ауыл  болмайды.  
Сонда бұл арада ел ардақтысы – «Мәди жоқ болмақ... Алтын 
бесік – ауыл» жойылады.
«Тас  түскен  жеріне  ауыр»  демекші,  жалпы  мұндай 
мәселені  кең-молынан  сөз  ете,  мұғалімнің  өзінің  жазғаны   
да дұрыс екенін естеріңізге сала кетейік.
Жұрнал  сапасы  авторларының  еңбегіне  байланысты. 
Ақтөбе  облысы,  Шалқар  ауданы  мұғалімдерінің  сабақ 
үлгілері,  ғылыми-әдістемелік,  танымдық  мақалаларының 
құндылығы  аңғарылып-ақ  тұрады:  Төлеуова  Сая  Дәулет-
қызы,  Ниеталина  Әлия  Ниеталықызы,  т.б.  Қызылорда 
қаласы, облысы ұстаздары енді-енді суырылып алға шығып 
келе  жатқандай.  Батыс  Қазақстан  облысы  мұғалімдері 
мақала жолдау белсенділігімен көзге түседі.


109
Сондай-ақ  басылымның  тұрақты  авторлары  қатарында 
тараздық  Меңдібай  Әбілұлы,  жармалық  Рахметова 
Жұмабақыт  Толышқызы,  жаңақорғандық  Байдүйсенова 
Гүлнара  Сейітханқызы,  аралдық  Жанзақова  Рахия 
Тәңірбергенқызы,  т.б.  бар.  Осы  орайда  жуырда  зейнет 
жасына  сан  қырлы,  тәлімдік  қызметімен  келіп  жеткен 
Жұмабақыт  Рахметоваға  «Бейнетіңіздің  зейнетін  ғұмыр 
жасыңыз  көрсете  беруге  жазсын»  деп  бірауыз  тілек  айта 
кеткен орынды болар.
Нені,  қай  тақырыпты  жазу  керектігі,  жұрналға,  әсіресе, 
қандай мақала керектігі жөнінде хабарласқан оқырманымыз-
ға бағыт-бағдар беруге қашанда жалықпаймыз. Келіп түскен 
мақаласының  болмысынан  кісінің  жұрналды  мән  беріп 
оқитыны,  оқымайтыны  аңғарылып-ақ  тұрады.  Сарашы 
ретінде өткір дүниенің жүзін майырылтқан жеріміз жоқ.
Мектепте,  білім  беру  саласында  ер  адамдар  аз  дейміз. 
Барын  бағалай  білейік.  Қайта  жарық  көргенінен  бастап 
басылымның әр нөмірі мазмұнында кем дегенде үш ер адам 
еңбегі тіркелуін заңдылық ретінде ұстанудамыз.
«Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс», «Қазақ әдебиеті: 
озық  тәжірибе,  ортақ  әдіс»  айдарында  талай  жылдан 
бері  негізінен  жаңа  сабақ  үлгілері  орын  алуда.  Қайталау 
сабағыңызды  ол  арадан  іздеп  әуре  болмаңыз.  Мұғалімнің 
кәсіби  нақты  шеберлігі,  іскерлігі  жаңа  тақырыпты 
оқушыларға игертуі кезінде анық, айқын көрінеді.
Мағжан  Жұмабаев  1923  жылы  шығарған  «Пидагогика» 
еңбегінде (А., «Рауан», 1993) «Қазақтың тағдыры, келешекте 
ел болуы да мектебінің қандай құрылуына барып тіреледі. 
Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, 
үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-
ақ  серттесуге  болады»  депті  (109-бет).  Мектебімізді  «өз 
жанымызға  қабысатын,  үйлесетін  негізге»  келтіре  алдық 


110
па?! Қарайған-зорайғанды қалқа тұтып, соңынан ереміз деп 
жүріп далақтап айдалада ұлтсызданып қалмаймыз ба?.. Иә, 
айтуға – оңай, жазуға – қиын.
Алла  бұйыртып  жарты  ғасыр  ғұмыр  кешіппіз.  Бағалай-
тын  жандар  үшін  –  білімдіміз,  өсіппіз.  Алқын-жұлқын 
көзбояушы-пысықай (халтурщик) жазғаныңды, сызғаныңды 
неғылсын, олар үшін керексізбіз, құр бос сөзді бөсіппіз...
Ширек  ғасырдай  тіршілігіміз  осы  басылыммен 
байланысты  болды.  Жұрналдағы  жұмысымыздың  бағасын 
ұстаздар дұрыс берген болар, шындығы сол шығар. Бәлкім, 
көңілжықпастық, т.б. орын алды ма екен?..
Қалай  болғанмен  де  ұстаздардың  үш  жыл  көлеміндегі 
(2010,  2011,  2012)  пікірлерімен  сөзімізді  түйіндегенді  жөн 
көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет