Құрмангүл Баяхметова, Алматы облысы, Алакөл
ауданының «Үшбұлақ» ауылындағы орта мектептің
мұғалімі.
Төл жұрналыма 1993 жылдан бері үзбей жазылып,
ұстаздық қызметім мен педагогикалық тәжірибеме алтын
арқау етіп келемін. Сол үшін де сіздерге шексіз ризамын.
Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!
Темірболатова Айнагүл Қарымсақызы, Атырау
облысы, Қызылқоға ауданы Кенбай орта мектебінің
мұғалімі.
Сіздердің жұрналдарыңыздың өз өмірін ұрпақ тәрбие-
сіне арнаған, қазақ тілінің қыр-сырын меңгертіп, кестелі
сөздермен өрілген ана тіліміздің қадірін ұғындыратын
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін берері
мол екені сөзсіз. Бұл жұрнал, әсіресе, еңбек жолын жаңа
бастаған жас мамандардың өз тәжірибесін жетілдіруші
шеберханасы, бағыт сілтер бағдаршамы...
Достарыңызбен бөлісу: |