Ұлболсын Бердешова. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
«Жаңа таң» орта мектебі.
...Біз шағын ауылда үш әдебиетші бармыз. Үш әдебиетші де 1 жылға жазыламыз. Өйткені біздің басты құралымыз, әдістемелік нұсқаушымыз – осы жұрнал. Сүйікті жұрналымды ай сайын сағына, асыға күтемін. Бастауыш сынып мұғалімдеріне насихаттаймын... Сәлеммен, шалғай ауылдағы әріптестеріңіз – Мейрамгүл Күзембаева. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Мәди ауылы.
116
«Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналын үнемі асығыстықпен күтіп, өзімізге қажетті материалдарды қызыға оқимыз. Республикамызда осындай қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларына арналған осындай қазіргі кездегі өскелең ұрпақтың бойына тіл білімі мен әдебиет нәрін төгер жұрналдың барлығына Аллаға мың алғысымызды айтамыз. Жұрнал бетіндегі сапалы мақалаларды қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы болғандықтан үздіксіз сабақ әдістемесіне пайдалана отырып, оқушыларымызды үнемі жаңа тақырыптардың қыр-сырын үйретуде тиімді пайдалана отырып, сапалы білім беруге асығамыз...