V. Үйге тапсырма: 225-жаттығу.
VI. Бағалау.
Дана ОРАЗАЛИНОВА,
Астана қаласындағы
№63 орта мектептің
мұғалімі.
ЕКПІН
(5-сынып)
Сабақтың мақсаты: тіл білімінде екпіннің атқаратын
рөлі туралы кеңірек түсінік беріп, оның ойды жеткізу
ісінде ерекше маңызды орын алатындығын нақты мысал
сөйлемдер арқылы дәлелдеп, анықтамасын тұжырымдап
беру. Міндеттері: білімділік – оқушыларға екпін және
оның түрлері туралы білім беру, жаттығу жұмыстары
арқылы тереңдету, екпіннің буынмен тығыз байланысты
екенін ұғындыру, олардың үйлесуі, байланыстығының
маңызын түсіндіру; дамытушылық – шығармашылық
жұмыс істеуге ұмтылдыру, анық та нақты мақсат қоюға
мүмкіндік беру, мағынаны ажырата білу қабілеттілігін
арттыру; тәрбиелік – бір-бірінің пікірін құрметтей алатын,
өз ойын тұжырымды жеткізе алатын, тілін құрметтейтін,
ортаны сүйетін, шығармашылық қабілеті жоғары дамыған
азаматтарды тәрбиелеу.
|