«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf көрінісі
бет11/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   145
нағыз  қитұрқы 
да  астарлы  саяси  принциптері  (ерекшелендіріп, 
астын  сызған – мен) дүниеге келеді...» деп жазды ғалым           
Нұржамал  Алдабек  өзінің  «Қытай  тарихы»  деп  аталатын 
оқулығында ( «Қазақ университеті» баспасы, 2007, 3-бет).
Еділ  (Аттила)  патшаның  адамзат  тарихындағы  рөлі 
туралы көптеген ғалымдар зерттеу еңбектер жазды. Ал ел 
ауызындағы  аңыз-әңгімелер,  қисса-дастандарда  Аттила 
«Аттылы  батыр»  деген  атпен  белгілі  болды.  Бесқаланың 
ақыны  һәм  жырауы  Өмірзақ  Қалбайұлы  Еділ  (Аттила) 
патша  туралы  «Алаңқай  батыр»  қиссасын  жырлады.  Ал 
Бесқаланың  Тақтакөпір  елді  мекенінде  жасаған  Қосым, 
Өтім,  Құдайберген  жыраулардың  «Алаңқай  батыр» 
қиссасында  Еділдің он екі жасар бала кезіндегі ерлік істері 
мен  тапқырлығы  жайында  қызықты  сюжеттерге  құрылған 
оқиғалар жырланады.
Тарихшы  ғалым  Самат  Өтениязов    Еділ  (Аттила) 
патша  туралы  зерттеу  еңбектер  жазғандар  қатарында 
француз  ғалымы  Дегин,  онан  соң  Амедей  Тьиерри,  ХХ 
ғасырдың  бірінші  жартысында    Иностранцев,  Бартольд, 


12
Мак  Говери,  Мэншен-Хэлфэн,  Руденко,  Томпсон,  Толстов, 
Бернштам  екендігін  атап  көрсетеді.  Ал  ХХ  ғасырдың                                                  
екінші  жартысына  қатысты  Гордон,  Артамонов,  Гумилев, 
Вернер,  Такат,  Мандельштам,  Серебренников,  Сиротенко, 
Марғұлан, Засецкая, Удальцованың аттарын атайды.
Дегин  мен  Амедей  Тьиерридің  «Аттила  және  оның 
ізбасарларының тарихы» атты Парижде 1856 жылы жарық 
көрген  кітабы  еуроцентризм  әдіснамасына  соққы  болып 
тигені  рас.  Еуроцентристер  Еділ  мен  ғұнтанушыларға   
қарсы  мақалалар  жазып,  олардың  тарихи-ғылыми                           
тұжырымдарына қарсы шығып жатты.
Самат  Өтениязов  Еділ  патша  мен  ғұндарды 
зерттеушілердің  тарихқа  орасан  зор  серпіліс  әкеліп,  осы 
саланың  одан  әрі  зерттелуіне  қомақты  үлес  қосқанын,  ал 
бұл зерттеулердің адамзаттың өркендеп даму сатысындағы 
ерекше  құбылыс  болғанын  атап  көрсетеді.  С.Өтениязов 
А.Н.Бернштамның еңбегіне тоқтала келіп былай дейді: «...
Ол  шын  мәнінде  аттилатану  мен  ғұнтану  проблемасының 
ардагеріне айналды. Бірақ оған осынау ғылымның жетістігі 
бақыт  әкелген  жоқ,  керісінше,  «Пантюркист»  деп  айып-
талды  және  көп  ұзамай  1956  жылы  бар-жоғы  46  жасында 
дүниеден  өтті...» 
(С.Өтениязов.  «Ғұн  дәуірі  және  Еділ 
патша», республикалық «Ана тілі» газеті, №9, 2013 жыл).
Самат  Өтениязов  одан  әрі  былай  деп  жазады:  «Жер 
кіндігі  Орталық  Азиядан  шыққан  хундар  Батысқа  қарай 
жылжығаны  туралы  алғаш  пікір  айтқан  Дегин  болатын. 
Әрине,  Еділ–Жайық  өңіріне  жеткенше  олар  Орта  Азия 
мен  Қазақстан  жерін  мекендеген  талай  тайпалармен 
байланыста  болғаны  –  тарихи  шындық.  Дегин  теориясы 
бойынша  хундардың  сонау  Азиядан  Еуропаға  өтуі  өте 
қиын үдеріс болған. Алайда осынша аралықты басып өткен 


13
хундардың бір жыл емес, жүздеген жылдар бойы жалғасқан 
миграциялық үрдісі түгелдей зерттелмеген еді. Хундардың 
Орта  Азия  мен  Қазақстанда  қалған  бөлігі  эфталиттер 
(абдалдар) мемлекетін құрып, әбден күшейген кезде (ІV–V 
ғасырлар) олар Ауғанстан, Пакистанды түгелдей, ал Иран 
мен Индияның бір бөлегін жаулап алып отарлаған еді...
Нақтылап  айтқанда,  ІV–V  ғасырларда  Батыс  хундар 
Еуропада  ат  ойнатып  жүргенде  ортаазиялық  хундардың  
да тасы өрге домалап тұрған. ХХ ғасырдың бірінші шире-                        
гінде  көшпелілер  проблемасы  туралы  ғылым  біраз 
дамыған  сияқты  болды.  Бұл  мәселемен  көбірек  айналыс-
қан  зерттеушілер  Н.Савицкий,  Н.Толль,  М.Ростовцев,  т.б. 
болатын.
ХХ  ғасырға  дейін  Еуропада  Хундар  тарихы  мен 
проблемаларын  зерттеуде  екі  үлкен  орталық,  яғни,  екі 
үлкен мектепті айтуға болады. Олар – Француз мектебі мен           
Неміс  мектебі.  Әсіресе,  француз  ғалымдары  ХІХ  ғасырда 
көп  жетістіктерге  жетті.  Солардың  ішінде  ерекше  атап 
өтетініміз – Амедей Тьиерридің екі томдық зерттеуі (1856).
ХХ  ғасырда  аталған  проблемаларды  зерттеуге  танымал 
ғалымдар  атсалысты  және  Ағылшын-америка  мектебімен 
қатар Кеңес өкіметі ғалымдары да араласа бастады. Оларды 
атап  айтсақ,  ағылшын  ғалымдары  Мак-Говерн,  Томпсон, 
Американ  ғалымдары  Хирт,  Гордон,  Ресей  және  Кеңес 
өкіметі  ғалымдары  Бартольд,  Иностранцев,  Сосновский, 
Тревер,  Толстов,  Мацулевич,  Тихонова,  Левченко, 
Артамонов,  Киселев,  Бернштам,  Гумилев,  Скржинская, 
Засецкая, т.б. көп еңбек сіңірді.
Хундар  мен  Еділ  проблемасы  көп  ғасырлар  бойы  
зерттелсе  де,  айтыс-тартысы  аз  болған  жоқ.  Орталық 
Азияда,  қазіргі  Қытай  жерінде  пайда  болған  Хун  ордасы 


14
түркі мәдениеті мен түрік тілінің  қайнар бұлағы болғаны-
на    көп  дау  айтылған  жоқ.  Хундардың  түркі  тілдес  халық 
болғаны, яғни, VІ ғасырдағы әйгілі Түрік қағанатының және 
басқа көптеген түркі тайпаларының атасы болғаны ғылымда 
әлдеқашан  дәлелденді.  Ал  Батыс  хундар,  яғни,  Еуропа 
хундары сол Азиядағы хундардың бір бөлігі деп дәлелденді.
Осы  теорияны  дамытқандар  –  Ресей  ғалымы 
К.А.Иностранцев,  Кеңес  өкіметі  ғалымдары  С.В.Киселев, 
М.И.Артамонов, 
Л.Р.Кызласов, 
Н.Я.Мерперт, 
А.Н.Бернштам,  Л.Н.Гумилев,  ағылшын  ғалымы  Мак-
Говерн,  чех  ғалымы  Е.Прицак,  т.б.  Ал  осынау  ғылыми, 
нақты  тұжырымдарға    қарсы  шыққандар  болды.  Олар: 
америка  ғалымы  Мэншэн-Хэлфэн  және  ағылшын  ғалымы 
Э.А.Томпсон  сияқты  зерттеушілер  хундарды  Азиядан 
келмеген, Орал тауы өңірінің  автохтонды, яғни, фин-угор 
тілдес жергілікті тұрғыны деп есептеді.
Ал хундардың адамзат тарихындағы алатын орынына әр 
түрлі баға берілді. Кейбір А.Н.Бернштам сияқты ғалымдар  
хундардың  Еуропаға  келуінің  тарихи  және    прогрессивтік 
маңызы  болғанын  дәлелдейді.  Әрине,  бұған  Еуропа 
ғалымдарының көп бөлігі қарсы болды. Олар Еуропадағы 
хундар тек жойқын шабуылшы, басқыншы, күйретуші ғана 
болды  деп  шындыққа  көз  жұмып  қарады  және  жазды...» 
(С.Өтениязов.  «Ғұн  дәуірі  және  Еділ  патша»,  респуб-
ликалық «Ана тілі» газеті, №9, 2013 жыл). 
Еуроцентризм  әдіснамасы  мен  Қытай  тарихшы-  
ларының 
ұлықытайлық 
тәкаппарлық 
көзқарасына 
қарсы  идеологиялық  күрес  жүргізе  отырып,  ұлттық 
идеологиямызды  дамытуды  бір  сәт  естен  шығармауымыз 
қажет.


15
Көкейкесті көзқарас


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет