А) «Сен – маған, мен – саған» ойыны арқылы үй жұмысы
тексеріледі.
5. Көркем жазу (5-слайд).
Қолға қалам алайық,
Кітапты ашып қарайық.
«Жж» әріпін дұрыстап,
Әдемілеп жазайық.
Ә) Ойқозғау. «Бергі ата» үйі. Жаңа сабаққа ребус құрау.
Сан есімді қайталауға арналған сұрақтар: 1. Сан есім
дегеніміз не? 2. Сан есімге қандай сұрақтар қойылады? 3.
Сан есім қандай сөз табымен байланысады? 4. Сан есімнің
қандай түрлерін білесің? 5. Есептік, реттік сан есімдер нені
білдіреді? 6. Реттік сан есімдердің жұрнақтарын ата.
1-жаттығу. Өлеңді оқып, сұраққа жауап беру. Сан есімді
тауып, сұрақ қойғызу. Егіз, жалқы деген сөздерді қандай
санмен ауыстырып айтуға болады?