Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы өзгерістерді халыққа дұрыстап



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі0,88 Mb.
#6961
  1   2   3

№12(153), желтоқсан 2015

www.nap.kz



Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы өзгерістерді халыққа дұрыстап 

түсіндіре алмайтын министрлерге шүйлікті. Бюджет ақшасын үнемдей 

алмайтын ысырапшыл Үкіметтің жұмысына да көңілі толған жоқ. Ми-

нистрлер кабинетін түгел Ақордаға шақыртып, кеңес өткізген президент 

елде  азық-түлік  құнының  негізсіз  өсуіне  жол  берілмейтінін  мәлімдеп, 

базардағы бағаны тексеретінін қатал ескертті. Елбасыға тіпті ақшаны 

қалай үнемдеу керектігіне дейін үйретуіне тура келді.

әлемдік дағдарыс, мұнай мен газға бағаның 

түсуіне  қарамастан,  бюджет  ақшасын 

орынсыз  шашу  тыйылмай  отыр.  Еліміздің 

бас  есепшісін  орнынан  тұрғызған  Елбасы 

оның кемшілігін бетіне басты.



Нұрсұлтан  Назарбаев,  Қазақстан 

Республикасының Президенті:

–  Егер  бізде  жөні  дұрыс  Қаржы 

министрі  болғанда,  ол  әрбір  тиынды 

бақылап отырар еді. Ал сен сұрағанға бере 

бердің.  Мен  саған  мемлекеттің  қазынасын 

сеніп  тапсырдым,  ал  сен  –  мемлекеттің 

қалтасысың.  Мемлекеттің  қазынасы  мен 

қаржысын бақылап отыратын менің «жеке 

өкілімсің».  Сендер  мемлекеттің  есебінен 

бәрің  мейірімдісіңдер.  Одан  да  Жәмішевті 

қойсақ, ол ешкіммен де сөйлеспейді. Бәлкім 

Жәмішев  кейбіріне  ұнамайтын  шығар, 

маған да кей-кездері ұнамай кетеді, алайда 

оның тіке адам екені рас. Мемлекет мүддесі 

үшін сақтайды.

Жәмішев Қаржы министрі  

бола ма? 

«Ақшаны  үнеммен  жұмсайды»  деп 

мақталған  Болат  Жәмішев  енді  Қаржы 

министрі болып қайта тағайындалуы әбден 

мүмкін.  Себебі,  доллардың  қымбаттап, 

теңгенің құнсыздануынан экспорт азайып, 

ішкі жалпы өнімнің баяулағаны байқалады. 

Осы  кезде  азық-түлік,  жанармай  мен 

дәрі  -дәрмекке  бағаны  қасақана  көтеріп, 

пайда  табуды  көздегендер  көбейген. 

Мұндай алыпсатарларды жазалауға пәрмен 

берген Елбасы елге инвестор тартудың әлі 

дұрыс  жолға  қойылмағанын  сынға  алды. 

Ал бұл шаруаға атсалысуы тиіс шетелдегі 

елшілер ұйықтап отыр.

Нұрсұлтан  Назарбаев,  Қазақстан 

Республикасының Президенті:

–  Сыртқы  істер  министрлігі  де  ай-

налысуы  тиіс.  Басқа  немен  айналыспақ? 

Біз  әлемдік  саясат  пен  дипломатияны 

айқындайтын держава емеспіз. Бізде қайда 

барсаң  да,  елшілер  немен  айналысатынын 

білмейді.  Өз  істерін,  экономиканы,  тіпті 

білмейді...



«Айтшы, Арыстанбек, 550 

жылдың ішінде, қазақ дәл 

осылай өмір сүрді ме?»

Нұрсұлтан 

Назарбаев 

қазіргі 


экономикадағы  ахуалдың  құртына  қанат 

бітіп  жатқанда  қатты  ауырсынып,  ар-

тынан  осы  қанатының  арқасында  ұшып 

шығатын  көбелекке  теңеді.  Дағдарысты 

уақытша  құбылыс  деп  атаған  мемле-

кет  басшысы  орынсыз  дүрлігу  опық 

жегізетінін айтты.

Назарбаев:  Ел  аман,  жұрт  тыныш.  Өз 

шаруаларын  жасап  жатыр.  Дастарқанында 

тамағы  бар,  басында  –  үйі,  астында  ма-

шинасы  бар.  Қазақтың  550  жылдығын 

атап  өттік  қой.  Айтшы,  Арыстанбек,  550 

жылдың  ішінде,  қазақ  дәл  осылай  өмір 

сүрді ме, 1 күн?

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәдениет 

министрі: Енді Нұрсұлтан Әбішұлы, шы-

нын  айтқанда,  бақытты  кезде  өмір  сүріп 

жатырмыз ғой. 

Назарбаев: Сен жауап бер сұрағыма? 

Мұхамедиұлы:  Тәуелсіздіктің,  сіздің 

арқаңызда!



Назарбаев: Ертең мына сөзіңнен кейін 

даулассын сенімен ағайындар.

Елбасының 

сауалына 

«бақытты 

елде  өмір  сүріп  жатырмыз»  деген 

Мәдениет  министрі  жиыннан  сын  естімей 

шыққандардың бірі болды. 

Ал  экономика  мен  қаржыға  жауап-

тыларды  2  жарым  сағат  бойы  сілкілеген 

Нұрсұлтан  Назарбаев  мемлекеттік  қызмет 

туралы  заңға  қол  қоймай,  Парламентке 

қайтарып жіберді.

  Енді  зейнет  жасына  жетсе  де, 

орынтағынан  айырылғысы  келмейтіндер 

портфелімен  қош  айтысуы  мүмкін. 

Шектеудің  тек  президент  тағайындайтын 

саяси қызметкерлерге ғана қатысы жоқ.



Қосымша құн салығы жойылмақ

Қосымша  құн  салығынан  бірқатар  кемшіліктер  табылды.  Енді  оның  орнын 

жаңа салық түрі басады. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Іскерлер уақыты» 

бағдарламасының  қонағы  Алматы  қалалық  мемлекеттiк  кiрiс  департаментiнiң 

басқарма басшысы Едiл Әзімшайық мәлімдеді. Ол қосымша құн салығы бойын-

ша жүргізілетін жүйеге тоқталды.

Елшілер қысқарады

Елбасы  елшілердің  саны  мен  сапасын  сынға  алды 

Қазақстанның мүддесі бар елде ғана Елшілік қажет. Бұл ту-

ралы бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген 

отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Арқаның аязды күні премьер К.Мәсімов 

бастаған  министрлер  кабинеті  сүліктей 

қара көліктерімен Ақордаға ағылып келді. 

Соңғы  айларда  Үкімет  мүшелері,  күш 

құрылымдарының  жетекшілері,  ұлттық 

компаниялардың  басшылары  жеке-жеке 

президент кабинетінде болып, есебін беріп, 

тапсырма алып шыққан. Бұған қарамастан, 

Елбасы  шақырған  жиында  экономика  мен 

қаржыға  жауапты  министрлерден  бөлек, 

таяқтың ұшы мемлекет активтерін уысын-

да  ұстап  отырған  «Самұрық-Қазынаның» 

басшысына қаттырақ тиді. 



Назарбаев Шөкеевке  

неге ұрысты? 

Өмірзақ  Шөкеев  алдымен  шетел-

ден  көп  менеджер  шақыруға  әуестеніп 

кеткені үшін қатты сыналды.

Назарбаев:  Олардың  барлығы  келетін 

болса,  сендер  неге  керексіңдер?  Соларға 

беріп  қойып  отырсыңдар?  Сендердің 

керектерің жоқ. Сауат білмей ме жаңағыны 

жасауды, ұңғымалардың қуатын қалай арт-

тыруды білмейсің бе?



Шөкеев:  Жұмыс  жасап  жатырмыз. 

Топ-менеджерлердің  айлығын  азайттық. 

Қаптаған  ұлттық  компанияларды  жаппай 

қысқартып, біріктіріп, жекеге сатып жатыр-

мыз. «Самұрық-Қазынаның» шығындарын 

519  миллиардқа  кеміттім,  бірақ...  қордың 

шетелдегі тиімсіз 33 өкілдігін жабуға күші 

жетпей  жатыр.  Көмектесіңізші...Маған 

құзірет керек. 

Назарбаев:  Сені  тыңдамай  ма?  Сен 

жассың, білімдісің, күшің тасып тұр, саған 

өкілеттілік берілді, қызметің бар. Сен мені 

тыңдамайды  деп  шағымданбақсың  ба? 

Тыңдаудың өзі ыңғайсыз. Кім тыңдамайды, 

ал  айт?  «Самұрық-Қазынада»  Өмірзақты 

кім тыңдамайды? 

Шөкеев:  Ол  жерде  мүдде  жетерлік, 

маған сіздің бір ауыз сөзіңіз керек, болды.



Досаев пен Сұлтанов  

қалай таяқ жеді? 

Президент  ұлттық  экономика  мен 

қаржы  министрлері  Ерболат  Досаев  пен 

Бақыт  Сұлтановты  да  аяған  жоқ.  Себебі, 

– Сатылымнан түсетін салықтың енгізілу себебі 

Елбасы айтып өткендей, қосылған құн салығынан 

бірқатар  кемшіліктер  табылды.  Ол  көптеген 

салық  төлеушілердің  қашуына  әкеп  соқты.  Жал-

пы  сатылымнан  түсетін  салық  дегеніміз,  тек 

Қазақстанда ғана емес, біраз елде бар. Бұл салық 

түрі көптеген елде енгізілген. Зерттеу барысында 

осыны аңғардық. Мәселен, АҚШ-тан бастап көрші 

Қырғыз  елінде  де  бар.  Оларда  салықтың  атауы 

әртүрлі  «айналымнан  түсетін»  деп  те  аталады, 

бірақ  аты  бөлек  болғанымен,  заты 

бір, – деді Е.Әзімшайық.

Сонымен  қатар,  бағдарлама 

жүргізушісінің  «Әрбір  сатылған 

заттың  қанша  пайыз  көлемінде 

салық  төленеді?»  деп  қойған  сауа-

лына шамамен 1%-дан 5% көлемінде 

деп қысқа қайырды.

«Ол  әзірге  нақты  белгіленген 

жоқ.  Шамамен  1-ден  5  пайызға 

дейінгі көлемде. Кейбіреулер 3 пай-

ызды  ұсынып  отыр.  Сондықтан  әр 

салаға әртүрлі салық салу көзделген. 

Сатылымнан  түсетін  салық  құн 

салығын  алмастырады»,  –  деді  Ал-

маты  қалалық  мемлекеттiк  кiрiс 

департаментiнiң басқарма басшысы. 

Елбасы  өз  сөзінде  елімізге  ин-

вестиция  тарту  мәселесімен  айна-

лысатын бір адам болуы керектігін, 

қажет  болса,  оған  арнайы  мәртебе 

беру қажеттігін атап өтті.

«Сыртқы  істер  министрлігі  он-

сыз  да  осымен  айналысуы  тиіс. 

Басқа  немен  айналыспақ?  Біз 

әлемдік  саясат  пен  дипломатияны 

айқындайтын  держава  емеспіз»,  – 

деді ҚР Президенті.

Осы  ретте  Мем-

лекет 


басшысы 

қай  елге  барсаң  да, 

елшілердің 

немен 


айналысатындығын 

білмейтіндігін  сынға 

алды.

«Өз  істерін,  эко-



номиканы  тіпті  де 

білмейді.  Сондықтан 

да  бағдар  мынадай 

болуы керек. Бұл жай-

ында біз министрлік кездесулерінде, 

алқа  мәжілістерінде  айтатын  бо-

ламыз.  Барлық  жерде  қажет  бол-

сын,  болмасын  елшіліктер  негізсіз 

ұлғайтылған. Министрлікте мұндай 

елшілер қаншама? Ал біздерге қазіргі 

уақытта мұның қажеті жоқ. Біздерге 

қазіргі 


уақытта 

Қазақстанның 

мүддесі  бар  жерлерде  қана  өкілдік 

қажет», – деді Н.Назарбаев.



№12(153), желтоқсан 2015

www.nap.kz



Республикамызда жарты жыл ішінде лауазымды тұлғалардың заңды 

кәсіпкерлік қызметке 17 кедергі келтіру оқиғасы тіркеліпті. «Атаме-

кен»  ҚР  ҰКП  Сыбайлас  жемқорлыққа  және  көлеңкелі  экономикаға 

қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  кеңестің  кезекті,  бесінші  отырысында 

Ұлттық палатаның Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің 

директоры Олег Савеленко осылай деп хабарлады.

Темекі акцизі қымбаттай ма?

Темекінің  қымббаттағаны  дұрыс  па?  Елімізге 

контрабандалық темекі өнімдері жаппай ағылуы мүмкін.

Бензин бағасы екі есеге қымбаттай ма?

Танымал отандық сарапшы Денис Кривошеев елімізде бензин бағасы 220-230 теңге 

болады  деп  болжады.  Ол  бензиннің  қымбаттауы  оң  нәтижелер  беретініне  сенімді. 

Бұл туралы Caravan.kz сайты жазады.

имиджіне  нұқсан  келтіру  мақсатында, 

қаладағы  фармацевтикалық  ұйымдар  ара-

сына  мазмұны  Лихачева  Е.И.  ЖК  абы-

ройы  мен  іскерлік  беделін  қаралайтын 

хаттар  таратқан.  ҰКП-ға  сонымен  бірге 

«Ұлан»  ЖШС  құрылыс  компаниясы  келіп 

жүгінген.  Компания  қызметіне  Қостанай 

қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі кедергі 

жасаған.


Фирма  байқауда  балабақша  салуды 

жеңіп  алғанмен,  мемлекеттік  орган  басқа 

бір  құрылыс  компаниясымен  шарт  жа-

сасады.  Бұл  әрекеттің  заңсыз  екенін  сот 

та  растаған.  Ақырында  сот  шешімімен 

мемлекеттік орган екі ай өткен соң байқау 

жеңімпазы  «Ұлан»  ЖШС-мен  құрылыс-

монтаждау  жұмыстарын  жүргізуге  шарт 

жасасуға мәжбүр болды.

«Кәсіпкерлік  субъектісінің  үстіміздегі 

жылдағы  9  ай  бойында  сотта  ақтығын 

дәлелдеуіне тура келді. Бүгінде нысандағы 

жұмыстар  басталған.  Сонымен  бірге, 

Қостанай  қаласы  әкімінің  орынбасары 

К.  Сәндібековпен  бірге  өткен  жұмыс  жи-

налысы  хаттамасының  негізінде  «Ұлан» 

ЖШС  алдыңғы  жеткізуші  салып  кеткен 

іргетасты  бұзу  жұмыстары  басталды. 

Құрылыс  жұмыстарына  «Стройметсер-

вис-2007»  ЖШС-н  заңсыз  түрде  тартқан 

лауазымды  тұлғалар  кінәсінен  нысан 

құрылысына бюджет екі есе шығындалды. 

Жергілікті  атқару  органдары  әрекетінен 

мемлекеттік  сатып  алулар  туралы 

заңнаманы  бұзумен,  заңды  кәсіпкерлік 

қызметке  кедергі  келтірумен,  құрылыс 

мерзімін әдейі созу және т.б. көрініс берген 

қылмыс  құрамын  көруге  болады»,  –  деп 

атады  ҚР  ҰКП  Кәсіпкерлерді  құқықтық 

қорғау  департаментінің  директоры  Олег 

Савеленко.

Оның  айтуынша,  биылғы  жылдың 

қыркүйек айында сот сыбайлас жемқорлық 

қылмысын  жасаған  деген  айып  тағылған 

қалалық әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері 

үшін қамау мерзімін созуды бекіткен.

ҚР ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және 

көлеңкелі  экономикаға  қарсы  іс-қимыл 

кеңесінің  төрағасы  Азат  Перуашевтың 

пікірінше,  «бұл  жерде  мәселе  не  құқық 

қолдануда  не  нормалардың  өзін  орнату-

да».


«Еліміздің 

Президенті 

жақында 

Кәсіпкерлік  кодекске  қол  қойды,  онда 

көптеген  жағымды  нормалар  бар. 

Мәселен,  кәсіпкерлердің  есептілігі  сот 

керісінше  жағдайды  дәлелдемейінше  жа-

рамды болып табылатыны жайлы норма. 

Кәсіпкерлік  кодекстің  бірінші  бабында 

айтылғандай, егер қандай да бір заңнама 

нормалары  КК  нормаларына  қайшы 

келетін  болса,  онда  Кәсіпкерлік  кодекс 

нормасы  әрекет  етеді»,  –  деп  түсіндірді 

Азат Перуашев.

Осыған  орай  Кеңес  басшысы  ҰКП-

ға  кәсіпкерлер  арасында  Кәсіпкерлік  ко-

декс  нормаларын  түсіндіру  жұмыстарын 

күшейтуді  және  оларды  белсенді  түрде 

қолдануға  ұсыныс  берді.  Сонымен  бірге 

Кәсіпкерлік 

кодексте 

кәсіпкерлердің 

өзін-өзі  қорғауы  туралы  норма  бар 

екенін  баса  көрсетті,  яғни  кәсіпкерлердің 

жеке  меншігін,  кәсіпкерлік  қызметін 

қорғау  жөнінде  әрекет  жасауына  құқығы 

күшейтілген.

Азат  Перуашев  сонымен  қатар  ШҚО 

және Қостанай облыстары Кәсіпкерлер па-

латаларына Кеңесте сөз болған кәсіпкерлер 

мәселелерін  бақылауға  алуды  және 

Кеңеске қылмыстық іс жүргізу жайлы және 

қолданылған шаралар жайлы ақпарат беріп 

отыруды ұсынды.

–  Барлық  Өңірлік  палаталардың 

кәсіпкерлер  құқығын  түсіндіру,  мұндай 

жағдайларға  дұрыс  баға  беру  және 

Кәсіпкерлік  кодексі  нормаларын  түсіндіру 

жұмыстарын  белсендіруі  қажет,  –  деп 

қорытты Азат Перуашев.

–  Соңғы  жылдары  елімізде  шағын 

және орта бизнестің, жалпы кәсіпкерліктің 

дамуына  бөгет  жасайтын  кәсіпкерлік 

кедергілерді  жою  жөнінде  шаралар 

қолданылып  жатыр.  Статистика  көрсетіп 

отырғандай, мемлекеттік органдардағы лау-

азымды тұлғалар тарапынан азаматтардың 

заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға 

деген құқығын бұзушылықтар да тоқталар 

емес.  Лауазымды  тұлғалар  тарапынан  бо-

латын  осындай  заңға  қайшы  әрекеттердің 

жағымсыз тенденциясы алаңдатады, – деп 

атады ӨКП өкілі.

Сөйтіп,  Қазақстан  Республикасы  Бас 

прокуратурасы Құқықтық статистика және 

арнайы есептер комитеті берген деректер-

ге сүйенсек, 2014 жыл бойында кәсіпкерлік 

қызметке  кедергі  жасау  деректері  бойын-

ша 4 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 

үш іс сотқа жолданған және бір іс мойны-

на алып, өкіну білдіргені үшін, яғни қайта 

ақтамайтын негіздемелермен тоқтатылды.

«Үстіміздегі жылдың 6 айында аталмыш 

санатта 17 қылмыстық құқық бұзу тіркеліп, 

оның ішінде үшеуі сотқа жолданып, үшеуі 

–  қылмыстық  құқық  бұзу  құрамының 

жоқтығынан  тоқтатылды,  ал  жеті  іс  сотқа 

дейінгі  тергеу  сатысында  жатыр.  Атал-

мыш  қылмыстың  қоғамдық  қаупі  оны 

мемлекеттік қызметті орындауға уәкілетті 

немесе  оған  теңестірілген  тұлғаның  жаса-

уында болып отыр. Ол уәкілеттігін пайда-

ланып,  кәсіпкерлікті  дамыту  жөнінде  ша-

ралар  қолдануға  тиіс.  Аталмыш  тұлғаның 

осындай заңға қайшы әрекеттері салдары-

нан  мемлекеттік  билік  немесе  жергілікті 

өзін-өзі  басқару  органдарының  беделіне 

нұқсан  келеді»,  –  деп  ақпарат  берді  Олег 

Савеленко.

Мысал  ретінде  Лихачева  Е.И.  ЖК, 

«Ұлан» ЖШС өтініштері келтірілді. Сөйтіп, 

бірінші  жағдайда  дәріханалар  желісінде 

жұмыс  жасайтын  кәсіпкер  Шығыс 

Қазақстан облысы бойынша Медициналық 

және  фармацевтикалық  қызметті  бақылау 

комитеті 

департаменті 

басшысының 

орынбасары 

Л.Кусябгалиева 

жүзеге 

асырған  көптеген  заңсыз  тексерістерге 



шағымданды.

Оның  үстіне,  шенеунік  қолында  заңды 

бұзудың  дәлелді  деректері  жоқтығына 

қарамастан, 

кәсіпкердің 

компаниясы 

Акциздердің  бірден  3  есе 

қымбаттауының салдары осындай 

болады  дейді  осы  салада  жүрген 

кәсіпкерлер,  деп  хабарлады  КТК 

арнасы. 

Қазірдің  өзінде  арзан  бағамен 

саудаланып  жатқан  шылымның 

басым 


бөлігі 

Ресей 


мен 

Қырғызстаннан  жеткізілген  кон-

трабанда  көрінеді.  Дегенмен,  бұл 

кәсіпкерлердің  пікірімен  мүлдем 

келіспейтіндер де көп. 

Осындай  ұйымдар  елімізде 

шығарылатын әрбір мың темекінің 

акцизін  3900  теңгеден  12  мыңға 

дейін  көтеру  жайлы  ұсыныс  жа-

сапты. Егер мұны Үкімет қолдаса, 

бір  қорап  темекінің  бағасы  мың 

теңгеге дейін көтерілмек. 

Қымбат  шылым  –  осы  жаман 

әдетке құмарлардың санын еселеп 

төмендетеді  дейді  белсенділер. 

Кәсіпкерлердің  де  өз  уәжі  бар. 

Еуразиялық  экономикалық  одақ 

аумағындағы  баға  саясаты  бірдей 

емес.  Егер  акциз  қымбаттаса, 

компаниялардың  басым  бөлігі 

көлеңкелі  бизнеспен  айналы-

сып,  бөлшек  сауданы  қадағалау 

қиындайын деп тұр.

Бұған дейін бензинге акциздер 2015 жылдың 25 

қарашасынан бастап Қазақстанда екі есеге артатыны 

хабарланған болатын.

«Бензин  құны  әлі  күнге  толықтай  еркіне 

жіберілмеген. 

Жанармайдың 

нақты 


бағасы 

әлдеқайда  жоғары…  Мен  бұған  дейін  баға  литріне 

140  теңге  болып  көтерілетінін  болжаған  болатын-

мын. Солай болды да. Алайда одан кейін халықтың 

дүрлігуінен  қорқып,  бағаны  күрт  түсірді.  Мұнай 

бағасын  ескеретін  болсақ,  бензиннің  160-170  теңге 

тұруы  –  қалыпты  жағдай.  Мұның  өзінде  Ресей 

бензин  бағасын  көтермеген  жағдайда.  Ресейде 

бензиннің литріне 34 рубль алады. Алайда бағам 

өзгеруімен қоса, бензин де литріне 45 рубль болып 

көтерілетіні  айтылды.  Егер  Ресей  көтерсе,  бізде 

литріне  220-230  теңге  болады  деп  ойлаймын”,  – 

дейді Кривошеев.

Маманның ойынша, Ресей бензинді 40 рубль-

ге көтерсе, Қазақстанда 180-185 теңге болады. Ал 

егер  50  рубль  болса,  біздің  ел  литріне  220  теңге 

ететін болады.

Сарапшы  бензин  қымбаттаса  оң  нәтижелер 

беретінін алға тартты.

–  Бензин  бағасы  адамдардың  көлікпен  жүру-

жүрмеуіне  қатысты  таңдауына  әсер  етеді.  Алай-

да халық көп ұзамай өз таңдауын жасап, әлдеқайда 

экологиялық  жанармай  түрі  –  газға  көшетін  бо-

лады.  Алматының  жағдайын  ескерсек,  бұл  жаман 

қадам болмайды. Ауаны ластауды доғару керек. Көп 

жағармай құртатын көліктер тиімсіз болып қалады… 

Не қымбаттайтыны маңызды емес. Маңыздысы – әр 

нәрсе өз құнын табады. Ал тұрғындардың табысы өз 

орнында қалады. Сәйкесінше, тауар құны мен тауар 

құндылығының арақатынасы ауысатын болады. Бұл 

өте жақсы, – дейді Кривошеев.


№12(153), желтоқсан 2015

www.nap.kz



Үкімет бір доллардың құнын 300 теңге көлемінде бекітті Осы бағам 

еліміздің  алдағы  үш  жылғы  басты  қаржылық  құжатына  жазылып 

отыр. Бұл туралы кеше Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Ербо-

лат Досаев хабарлады.

Бір  айта  кетер  жайт,  қазіргі  қиын 

шаққа  қарамастан,  Қазақстан  бұрынғыдай 

бюджеттің  «әлеуметтік  бағдарланған» 

сипатын  сақтады:  мемлекет  әлеуметтік 

міндеттемелерін  толық  көлемде  орын-

даумен  шектелмей,  әлеуметтік  төлемдер 

мөлшерін арттырады.

Бюджет  биыл  алғаш  рет  кештеу,  жыл 

аяқталар  тұста  қабылданғалы  отыр: 

бұрындары ол қыркүйек-қазан айларында-

ақ  Парламент  қабырғасынан  шығып, 

Ақордаға  бет  алатын.  Бюджет  кодексіне 

сәйкес,  республикалық  бюджетті  Мәжіліс 

пен  Сенат  1  желтоқсаннан  қалдырмай 

қабылдауға міндетті. Бұл ретте үшжылдық 

құжатты  алдымен  –  Төменгі  палата,  со-

дан кейін Жоғарғы палата қарайды. Бұған 

екі  аптадан  аз  уақыт  бар.  Министрлер 

кабинетінің  өкілдері  бұлайша  кешігудің 

бір  себебі  ретінде  «валютаның  айырбас 

бағамының белгісіз болғанын» алға тарта-

ды.

Бір  айта  кетер  жайт,  ел  Үкіметі 



қыркүйекте  Парламентке  енгізген  2016-

2018  жылдарға  арналған  республикалық 

бюджеттің әу бастағы жобасында теңгенің 

айырбас  бағамы  1  доллар  үшін  250  теңге 

болады  деген  болжам  белгіленген  еді. 

Кейін Ұлттық банктің басшылығы ауысты 

да, АҚШ валютасының құны қаржыгерлер 

тілімен  айтқанда,  «жаңа  тарихи  биікті 

бағындырды». 

Осы  орайда  кеше  Мәжілістің  Қаржы 

және бюджет комитетінің кеңейтілген оты-

рысынан шыққан министр Е.Досаевты жур-

налистер сұрақтың астына алды. Баршаны 

қызықтырғаны келесі мәселе еді: «биржада 

қазір  308-ге  теңелген,  оның  алдында  313 

межесіне  дейін  жеткен  доллардың  құны 

бюджетте  небары  300  теңгеге  бағаланып 

отыр?» 


–  Біз  Ұлттық  банк  ұсынған  бағамды 

алдық, – деді Ерболат Асқарбекұлы. – Қазір 

де  валютаның  айырбас  бағамы  құбылуда. 

Курс  бірде  308-ге  жетеді,  ал  келесі  күні 

306-ға  қайтады.  Біз,  Ұлттық  экономика 

министрлігі  де,  Қаржы  министрлігі  де, 

Ұлттық  банк  те  «1  доллар  =  300  теңге»  – 

бюджетті  есептеу  үшін  сайма-сай  бағам» 

деп санаймыз. 

Теңге  бағамына  мұнайдың  әлемдік 

нарықтағы бағасы да әсер етеді, егер «қара 

алтын»  құны  келесі  жылы  қымбаттаса, 

теңге  де  салмақ  қосуы  ықтимал.  Әзірге 

мұнайдың  бағасы  тек  төмендеуде:  кеше 

тіпті 40 доллардан да түсіп кетті. «Баррель 

құнын  біз  өзгеріссіз  қалдырдық.  Алдағы 

екі жыл бюджетінде мұнай бағасы 40 дол-

лар тұрады деген болжам қалды. Рас, 2018 

жылға  «50  долларға  көтеріледі»  деген 

тұспалды  жазып  отырмыз»  деді  Е.Досаев. 

Осылайша,  Қазақстан  сақтық  танытуда. 

Мысалы,  көрші  Ресей  өткен  аптада  мұнай 

бағасына  қатысты  болжамдарын  50  дол-

лар  көлемінде  белгілеп,  келер  жылғы 

бюджеттерін соған сай есептеп шықты. 

Министiрдiң  айтуынша,  Қазақстан 

экономикасының  даму  көрсеткіштері 

өзгеріске  ұшырамаған.  Атап  айтқанда, 

еліміздің  жалпы  ішкі  өнімінің  (ЖІӨ-нің) 

нақты өсімі 2016 жылы – 2,1%, 2017 жылы 

–  3,6%,  2018  жылы  –  2,9%,  2019  жылы  – 

3%, ал 2020 жылы 3,1% болады деп күтіліп 

отыр.  Яғни  тұтастай  ал ғанда,  алдағы 

бесжылдықта  ел  экономикасы  қазіргі 

көлемінен тағы 15 пайызға өсуге тиіс. 

Басты  қаржылық  құжат  жобасында 

бензиннің  акциздік  алымдарының  ставка-

лары көтерілетіні қарастырылған. Жақында 

ел Үкіметі №887 Қаулысын қабылдаған, ол 

бойынша  бензиннің  акциз  салығы  қазіргі 

4500 және 5000 теңгеден екі есеге – 10 500 

және 11 000 теңгеге дейін қымбаттайды.

«Бұл  жайт  бензин  құнының  да 

қымбаттауына  алып  келмей  ме?»  деп 

сұрады  журналистер.  Ұлттық  экономи-

ка  министрі  «бұл  мәселелердің  өзара 

байланысты»  болуы  мүмкіндігін  жоққа 

шығармады. 

–  Осының  алдында  бензин  бағасы 

128  теңгеге  дейін  өскен  болатын,  –  деді 

ол.  –  Біздің  ойымызша,  нарық  теңгерімге 

келді, қазіргі бағамен жеткізгісі келетіндер 

қалды,  қолай  көрмегендер  кетті.  Акциздік 

ставкалар  неге  көтерілуде?  Сол  арқылы 

бірінші  кезекте,  көтерме  саудамен  бен-

зин  жеткізушілердің  бағаны  қымбаттату 

есебінен  алған  қосымша  табыстары  бюд-

жетке алып қойылады. Акциз – жергілікті 

бюджетке  құйылатын  алым,  демек, 

жергілікті бюджеттер толығады. Біздіңше, 

бұл – дұрыс. 

Министр жанар-жағар май нарығының 

жағдайын  өздерінің  жеке  қарайтындарын 

жеткізді.  «Алдын  ала  айтарымыз:  біз  бұл 

мәселені зауыттармен талқылағанбыз, олар 

алда жеткізуді көздеп отырған ЖЖМ үшін 

бағаны бұрынғы көлемде қалдырмақ» деді 

Е.Досаев. 

Сонымен  бірге,  ол  АИ-92-93  маркалы 

бензин бағаларын реттеуден Үкіметтің бас 

тартқанын еске сала кетті. «Қайталап айта-

мыз: біз нарық жағдайында өмір сүрудеміз! 

Дегенмен,  компаниялардың  бағаны  ретсіз 

өсірмеуін қадағалауға, сондай-ақ баға бой-

ынша  ымыраласу  фактілеріне  жол  берме-

уге  Табиғи  монополияларды  реттеу  және 

бәсекелестікті  қорғау  комитеті  жауапты», 

– деп нықтады еліміздің бас экономисі. 

Айтқандай,  үшжылдық  бюджет  жо-

басына  сәйкес,  халықтың  осал  топтарын 

қолдау  бойынша  әлеуметтік  маңызды  іс-

шаралар  қолға  алынады.  Мысалы,  2016 

жылдың  1  қаңтарынан  бастап,  азаматтық 

қызметшілердің  жаңа  еңбекақы  төлеу 

моделі  өмірге  жолдама  алады.  Бұған  бюд-

жеттен  қосымша  305,5  миллиард  теңге 

бағытталуда.

Сонымен  қатар  мүгедектік  және  асы-

раушысынан айырылу бойынша төленетін 

мемлекеттік  әлеуметтік  жәрдемақылар  25 

пайызға  артады.  Студенттердің  стипенди-

ялары да 25 пайызға өспек.

Базалық зейнетақыны 2018 жылдан ба-

стап көтеру жоспарлануда.

Еліміз 

қандай 


экономикалық 

дағдарысты  бастан  кешсе  де  халықтың 

алдындағы  әлеуметтік  міндеттемелерін 

орындауы  керек  екенін  Мемлекет  басшы-

сы  атқарушы  билікке  қадап  тұрып  айтты. 

Сондықтан  Үкіметтің  алдағы  жылдары 

доллар бағамы 300 теңгенің маңайында бо-

лады деп болжам жасап, бюджетті белгілеуі 

орынды  шешім.  Әлемдегі  жағдай  алай-

түлей.  Сол  себепті  түрлі  жағдайға  дайын 

болуымыз керек.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет