4. Бақылау сұрақтары:
1.Сөз тудырудың қандай тәсілдері бар?
2. Сөздердің негізгі түрлерін атаңыз.
4.Жалаң сөздер дегеніміз не?
5.Күрделі сөздерге тән белгілерді атаңыз.
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
Жаттығу жұмыстары.
1-жаттығу. Мәтін нұсқаларындағы сөз формаларын анықтап, талдау жасаңыз
1-нұсқа.
Мүсіреп атын қораға кіргізіп байлады да, жымдастырып теңдеп, артына бөктеріп алған қасқыр терілерін шошалаға апарып тастай салды. Сорлының зары арлыға кездеспей деп жіберіп еді... айтар арызымызға құлақ ассаңыздар екен. Есеней сөзін Шыңғысқа бұрыла қарап отырып бастады. Мүсіреп келіп жеткенде, Ұлпан әлі көз жасын тыя алған жоқ еді. Бірнеше жақын аудандардың орталықтарын, жеке колхоздарын, өндіріс орындарын, кей совхоздарын барып көріп қайттым.
2-нұсқа
Арқасы таңулы, етбетінен жатыр, мойнын да бұра алмайды екен. Біраз күн жатып қонағым болыңыз деп өтініш еткендей болып еді, Есеней мойны бұрылмады. Араб тіліндегі дұғаларға тілім де келмейді, жаттап та алмай қойдым. Көпшілігі Кнесарыдан қашып кете алмай жүрген адамға ұқсайды. Шынардың жүзіне қаны ойнап шыға келді. Ол шешендік бидің өзі сөзі емес, өңі айналған ел қазынасы кенін қараңғы жұрт аңдай алмай қалған екен.
№2-жаттығу.
Жаттығудан дара, күрделі сөздерді тауып, тұлғасына қарай талдау жасаңыз.
Олар өздері атап отырып, Әйгерімнің осы жаз бойы Біржаннан үйренген бар әндерін кезек-кезек айтқызды. Алыс жайлауға, Құнанбай ауылдары жеткен өріске бұл өлкенің елі жете алмай қалды. Үй іші Абай айтқан жаңалықтарды қызыға тыңдап, көңілденіп қап еді. Тоғжан да білезік толы аппақ, жұмыр білегін табаққа қарай сирек созады. Ол Абайға таңдана қарап, бірталайға дейін көз алмады (М.Ә).
2-жаттығу. Берілген күрделі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз. Күрделі сөздердің қалай жасалғанын түсіндіріңіз. Мысалы, ығы-жығы, азық-түлік, нан-пан, түнеугүні, алаңғасар, сәресі, қаба сақалды, мөлдір қара көзді, медпункт, көзқарас.
Достарыңызбен бөлісу: |