Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы пәнінен №1 аралық бақылау тапсырмалары



бет3/3
Дата14.10.2023
өлшемі26,32 Kb.
#114721
1   2   3
Байланысты:
тестке

Қаға гөр қамсыз жүрген шақтарымнан,
Орынсыз, оқыс кеткен мақтанудан.

  1. қаға гөр

  2. қамсыз

  3. жүрген

  4. орынсыз

  5. мақтанудан

23. Қатыстық грамматикалық мағыналы сөзді көрсетіңіз.


Басыма берме бақыт үйіп-төгіп,
Жерірмін емін-еркін сүйіп көріп.

  1. басыма

  2. берме

  3. бақыт

  4. үйіп-төгіп

  5. жерірмін

24. Қатыстық грамматикалық мағынаны білдірген сөздерді көрсетіңіз.
Көңілсізсің, көңілің қаяулы ма?
Түнерген аспандайсың жай алдында.

  1. көңілсізсің

  2. көңілің

  3. қаяулы ма?

  4. түнерген

  5. аспандайсың

25. Қатыстық грамматикалық мағыналы сөзді табыңыз.


Құлағымның түбінен кетпей қойды,
Құрбыларым сендердің дыбыстарың…

  1. құлағымның

  2. түбінен

  3. кетпей қойды

  4. құрбыларым

  5. дыбыстарың

26. Грамматикалық мағына жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай неше түрге бөлінеді?



  1. 5

  2. 4

  3. 7

  4. 3

  5. 2

27. Қалта сағат, мосы ағаш, жібек орамал қандай тәсіл арқылы берілген?



  1. семантикалық тәсіл

  2. аналитикалық тәсіл

  3. синтетикалық тәсіл

  4. грамматикалық тәсіл

  5. лексикалық тәсіл

28. Нольдік форма арқылы берілген категориялық грамматикалық мағыналы мысалды көрсетіңіз.



  1. өнердің кілті

  2. балдай тәтті

  3. саған бердім

  4. бұлбұлдың дауысындай

  5. ғылым таппай

29. Бұл жерде қандай ұғым туралы айтылып тұр?


“…Бір жағынан сөздің сөйлеу процесінде түрлену жүйесінің тұлғалық көрсеткіш болып есептелсе, екінші жағынан грамматикалық мағынаны білдірудің жолы болып табылады”.

  1. грамматикалық категория

  2. грамматикалық мағына

  3. морфема

  4. аффикс

  5. грамматикалық форма

30. Тіл біліміндегі грамматикалық ұғымдардың маңыздылығы неде?



  1. тілдің фонетикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда;

  2. тілдің лексикалық құрылысын танып, оның ерекшеліктерін айқындауда;

  3. тілдің грамматикалық құрылымын танып, ерекшелігін тануда;

  4. сөздің сөзжасамдық қасиетін танып, ерекшелігін тануда;

  5. тілдің жалпы сипатын айқындауда.

31. Сөз әрі лексикалық жүйенің, әрі грамматикалық жүйенің единицасы ретінде қарастырылатын екі жақты құбылыс. Осыған сай сөз мағынасының түрлерін көрсетіңіз.

  1. жалпылық және даралық

  2. лексикалық және грамматикалық

  3. қатыстық және категориялық

  4. лексико-грамматикалық және таза грамматикалық

  5. семантикалық және синтаксистік

32. Категориялық грамматикалық мағына дегеніміз не?



  1. лексикалық мағынасының жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағына;

  2. аналитикалық қатыстық тәсілдер арқылы берілетін мағына;

  3. белгілі бір грамматикалық форма арқылы берілетін мағына;

  4. басқа сөздермен байланысқа түсу барысында пайда болатын мағына;

  5. орын тәртібі арқылы берілетін мағына;

33. Грамматикалық формаға тән анықтаманы көрсетіңіз.



  1. белгілі бір топтағы сөздердің, қосымшалар, грамматикалық тұлғалар арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі;

  2. белгілі бір топтағы сөздердің қандай да бір мағынаға ие болуы;

  3. сөздердің жалпы грамматикалық мағынасы;

  4. сөздердің категориялық грамматикалық мағынасы;

  5. дұрыс жауабы жоқ.

34. Профессор А. Ысқақовтың грамматикалық категорияға берген анықтамасын көрсетіңіз.



  1. тілдегі лингвистикалық единицалардың, яки оның бір тобының грамматикалық амал-тәсілдері арқылы берілетін жалпы сипаттамаларының бірі;

  2. бірыңғай мағыналы грамматикалық формалар қатарының бір- біріне қарама-қайшы жүйесі;

  3. өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы қасиетте бола алатын бірнеше тектес, мәндес грамматикалық мағыналардың жиынтығы;

  4. тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына;

  5. дұрыс жауабы жоқ;

35. Грамматикалық категория болу үшін кемінде неше грамматикалық мағына болу керек?

  1. бір ғана;

  2. кемінде екеу;

  3. мағынаның керегі жоқ;

  4. лексикалық мағына мен грамматикалық мағына;

  5. дұрыс жауабы жоқ;

36. “Грамматикалық категорияның өрісі біркелкі бола бермей, кейбір категориялар тым жалпы, өрісті болса, ал кейбір категориялардың өрісі тым тар, тіпті жалқы бола береді” – деген қай ғалымның пікірі?



  1. А.Ысқақов

  2. С. Исаев

  3. Қ.Жұбанов

  4. А. Қалыбаева

  5. Н. Оралбаева

37. Грамматикалық категориялары бар сөз таптарын көрсетіңіз



  1. зат есім, сын есім, етістік

  2. сан есім, зат есім, одағай

  3. сан есім, шылау, есімдік

  4. шылау, одағай,модаль сөз

  5. есімдік, үстеу, еліктеуіш

38. Қазіргі қазақ тілінің неше сөз табына грамматикалық категория тән?



  1. 1

  2. 3

  3. 4

  4. 5

  5. 7

39. Өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы қасиетте бола алатын бірнеше тектес, мәндес грамматикалық мағынаның жиынтығын, бірлігін қалай атаймыз?



  1. лексикалық мағына

  2. жалпы грамматикалық мағына

  3. категориялық мағына

  4. грамматикалық форма

  5. грамматикалық категория

40. ... – лексика-грамматикалық категория.

  1. көптік

  2. септік

  3. шырай

  4. шақ

  5. рай


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет