Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы пәнінен №1 аралық бақылау тапсырмалары



бет1/3
Дата14.10.2023
өлшемі26,32 Kb.
#114721
  1   2   3
Байланысты:
тестке


Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ
Педагогикалық институт
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы пәнінен
1 аралық бақылау тапсырмалары:

1.Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасын қалай ажыратасыз? Осы мағыналардың қайсысы бірінші мағына болып табылатынын дәлелдеңіз.


2. Ғалымдардың көзқарастарын келтіре отыра грамматикалық мағынаның табиғатын танытыңыз және түрлерін нақты мысалдар негізінде саралаңыз.
3.Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-біріне тәуелді ме? Дәлелдеңіз. Грамматикалық форманың екі түрлі қызметін саралаңыз.
4. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория ұғымдарын қалай байланыстырасыз? Осы аталған ұғымдар бізге не үшін қажет? Өз сөзіңізбен дәлелдеңіз.
5. Қосымшалар тақырыбының лексика-грамматикалық, таза грамматикалық және аралас грамматикалық категориялармен байланысын түсіндіріп беріңіз, нақты мысал арқылы көрсетіңіз.
6. Негізгі грамматикалық ұғымдардың сөздерді таптастыру принципіне қатысы бар ма? Болса дәлелдеңіз.
7. Өзіңіз таңдап алған бір құрмалас сөйлемге кешенді морфологиялық талдау жасаңыз. Талдау сіздерге берілген үлгіге сай жасалсын.
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы пәніне арналған тест сұрақтары
1. Грамматикалық құрылыс тілдің қай саласында қаралады?

  1. фонетика

  2. орфография

  3. лексикология

  4. грамматика

  5. семасиология

2. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы қалай аталады?



  1. лексикалық мағына

  2. реестрлік мағына

  3. аналитикалық тәсіл

  4. форма тудырушы қосымша

  5. грамматикалық құрылыс

3. Қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдарға не жатады?



  1. лексикалық мағына

  2. семантикалық тәсіл

  3. тұрақты тіркес

  4. грамматикалық мағына, форма, категория

  5. лексикалық мағына, категория, шылау

4. Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін, я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынаны А. Ысқақов қалай атайды?



  1. лексикалық мағына

  2. реестрлік мағына

  3. грамматикалық мағына

  4. нақты ұғымдық мағына

  5. тұрақты мағына

5. Грамматикалық мағына – сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлінбей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады деген қай ғалым?



  1. А. Ысқақов

  2. И. Маманов

  3. С. Исаев

  4. М. Оразов

  5. Қ. Молғаждаров

6. Жалпы грамматикалық мағына қалай беріледі?



  1. форма арқылы

  2. сөз түрлендіретін қосымша арқылы

  3. нольдік тұлға арқылы

  4. сөздердің шылаумен тіркесуі арқылы

  5. ішкі семантиканың абстракциялануы арқылы

7. Жалпы грамматикалық мағына сөз топтарының қандай сипаты болып табылады?



  1. семантикалық

  2. синтетикалық

  3. морфологиялық

  4. нақты ұғымдық

  5. аналитикалық

8. Қабырғасы қайысып қарт әженің,


Қалай тұрам, көзіне жас алғанда деген өлең шумағындағы жалпы грамматикалық мағыналы сөзді табыңыз.

  1. қабырғасы

  2. қайысып

  3. қалай

  4. тұрам

  5. жас

9. Жалпы грамматикалық мағыналы сөзді көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет