Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


Курстық жұмыстың өзектілігі



бет2/4
Дата19.06.2022
өлшемі93,15 Kb.
#37053
1   2   3   4
Байланысты:
курстық жұмыс тұрлаусыз мүше

Курстық жұмыстың өзектілігі: қазақ тілі пәні оқушыларды жазбаша сауатты етіп шығаруды және осы тiлде еркiн де жатық сөйлеуге үйретуді мақсат етеді. Тiлден жүйелi бiлiм беру оқушылардың дүниетанымын, пайымдауын жетiлдiруге, өзге пәндердi жақсы меңгеруге негіз болатындығы ғылым мен тәжірибеде айқындалған мәселе. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарта түсу қазiргi кезеңдегi өмiрдiң өз талабы, өзектi iсi болып отыр.
Қазақ тiлiнiң асыл мұрасы - сөз байлығы, шебер сөйлеудiң озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тiлi мұғалiмiнiң алдында көптеген мiндеттер тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат берiлiп тереңдетiлiп оқытылады. Оларды оқытуда көзделетiн мақсат берiлген тақырыпты дұрыс меңгеретін окушылардың бiлiмiн, ой-өрiсiн дамыту. Солардың iшiндегi тұрлаусыз мүшелердi оқытуға тоқталып өтсек. Мектептерiмiзде оқытылатын қазақ тiлi синтаксисының окушыларға білім-тәрбие берудегі маңызы ерекше. Тұрлаусыз мүшелердi оқыта отырып, оқушыларды сөйлем құрауға үйретіп, ойын толық жеткізуге машықтандырады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі - тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жолдарын айқындап көрсету. Сөйлем мүшелері синтаксистің күрделі мәселелерінің бірі. Синтаксистік талдау жасауда негізгі рөлді атқаратын мүшелер – сөйлем мүшелері, соның ішінде тұрлаусыз мүшелер. Сондықтан да «Бүгінгі күні тұрлаусыз сөйлем мүшелерін оқытуда қандай әдіс-тәсілдер қолданылып жүр? «Олар оқытуда тиімді ме?» деген сұрақтар өздігінен туындайтыны сөзсіз. Міне, осы сұрақтарға жауап іздеу курстық жұмыстың өзектілігі болмақ.

ІІ тарау. Сөйлем мүшелері – синтаксистің зерттеу объектісі


2.1 Тұрлаусыз мүшелердің зерттелуі


Жалпы түркологиялық және қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлем мүшелерінің әрқайсысы арнайы зерттеу обьектісі ретінде қаралып келді. Көп жағдайларда тұрлаулы мүшелерге назар көбірек аударылды.


Түркі тілдерінде бірқатар ғалымдар тұрлаусыз мүшелерді нысанға алып, өз еңбектерінде карастырып отырды. Белгілі ғалым М.А.Казам-Бек өз еңбегінде: «Все слова выражающая второстепенные идеи, в каждом языке разделяются на три главная отделения: определительный, качественная и обстоятельственная»,- деп тұрлаусыз мүшелерді бөледі. В.И.Вербицскийдің редакторлығымен жарык көрген «Грамматика Алтайского языка» еңбегінде тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш және толықтауыш деп жіктейді. Сондай-ақ көрнекті тюрколог ғалымдар Н.К.Баскаков, И.Я.Батманов, В.Н.Богородицский, П.Дыренкова, А.П.Поцелуевский, Г.Д.Санжеев жэне тағы басқалары толықтауыш пен анықтауышқа ғана көңіл бөледі де, пысықтауышты мүлде елеусіз қалдырады. Ғалым И.Я.Батманов “Краткое введение в изучение языка” деген еңбегінде пысықтауышты толықтауыш аясында берсе, В.А.Богородицский пысықтауышты анықтауыштың ішінара түрлері етіп көрсетеді. М.З.Закиев те сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөліп, тұрлаусыз мүшелерді конкретизирующий член, пояснительный член жэне модальный член деп үшке бөледі.
Қазак тілінде тұрлаусыз мүшелер жайында көптеген еңбектердің жарыққа шығуына сәйкес қазак ғалымдарының үлесі зор деп айтуға болады. Сөйлем мүшелеріне ғылыми талдау жасаған ғалымдардың ішінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Х.Басымов,
Ә.Ермеков, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, М.Томанов, Р.Әмір, Т.Сайрамбаевтар кұнды пікір білдірді. Олардың кейбіреулері сөйлем мүшелерінің ғылыми жүйеленуіне назар аударса, басқа ғалымдар олардың жасалу жағына басым көңіл бөлген. Сөйлем мүшелеріне байланысты, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне катысты казак тіл біліміндегі алғашкы толық, жан-жакты деректерді А.Байтұрсынов еңбектерінен аламыз. Ұлы ғалым тұрлаусыз мүшелер, олардың түрлері, әр мүшенің грамматикалық белгілері мен орналасу тәртібі, қай сөз таптарынан болатындығын XX ғасырдың басында-ақ сипаттап кеткен. Қазак тіл білімінде шоқтығы биік тұратын А.Байтұрсыновтың мейілінше ықшамды, сондай-ак ұғымға да, тілге де жеңіл бұл тұжырымдары ешбір өзгеріссіз күні бүгінге дейін синтаксис жайында жазылған барлык еңбектерде колданылып келеді (14,282). Профессор Қ.Жұбанов тұрлаусыз мүшелерді біріктіріп, оларға айқындауыш деген жалпы атау береді. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты еңбегінде: «Сөйтіп, жаңа грамматикаларда анықтауыш, толықтауыш делінген категориялар мағынасына қарай жіктеуден туған емес, сөздердің бір-бірімен байланысу амалына, екінші сөзбен айтканда, сыртқы белгісіне қарай ғана жіктелгеннен туған топтар»,- дей отырып (31,211), тұрлаусыз мүшелерді айқындауыш деп атайды. Айқындауышты жалғаулы толықтауыш, жалғаусыз аныктауыш деп екіге бөледі. Ал пысықтауышты ескермейді. Олардың бұлайша жіктелуін төменде былай түсіндіреді: «Біз мағынасына қарай айкындауыш деп бір бөліп алып, онан кейін, сол айкындауышты формасына карай тағы да, тарау-тарауға айырып отырмыз. Формасына карай алынған тарау-тараудың әрқайсысын оның ар жағында мағынасына карай тағы да жік-жікке айырып отырмыз. Сөйтіп, біздің топтарымыз тілдің баспалдақтап өсетіндігіне лайык түрде сатылы топтастыру болып отыр (31,205). Бұл жерде Қ.Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін анықтауда тұлғалық принципті басшылыққа алады.
Отызыншы жылдары С.Аманжоловтың сөйлем мүшелеріне байланысты мақалалары мен «Қазак тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектерде автор сөйлем мүшелерінің тек жасалу жағына ғана емес, олардың калыптасу мәселелеріне де біршама назар аударды. Тұрлаусыз мүшелерді аньқтауыш деп атайды. Бір ғана аныктауыш мүшелердің аясына оның түрлері деп толыктауыштың да, пысықтауыштың да жекелеме түрлерін жинақтап береді. Тек толықтауыш, пысықтауыш деген терминдерді колданбайды. Кейіннен 1939 жылғы және одан кейінгі шыккан еңбектерінде де тұрлаусыз мүшелерді Ахмет Байтұрсынов ұсынған мүшелермен жалғастырғандығын көруге болады (14 ,80).
Сөйлем мүшелерінің кейбір түрлеріне қатысты С.Жиенбаев, Х.Басымов, Ә.Ермеков, Ш.Сарыбаев сынды ғалымдарымыз 30-40 жылдары аралығында бірталай еңбектер қалдырды. Олар бұл зерттеулерінде сөйлем мүшелерінің теориялық мәселелерімен қатар, әдістемелік жағына да назар аударды. Солардың ішінде Ш.Сарыбаев «Халық мұғалімі» журналында жарық көрген «Пысықтауыш пен пысықтауыш мәселесіне» деген мақаласында: «Біздің кейбір грамматикалық терминдеріміз мағыналық жағынан олқы болғанмен, сол грамматикалық категорияның аз да болса форма жағын білдіреді. Сонда біз талассыз толықтауыш болып жүрген және талассыз пысықтауыш болып жүрген мүшелерді өз атымен атаймыз да, ал біресе толыктауыш, біресе пысықтауыш делініп таласқа түсіп жүрген мүшелерді сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрған септік жалғауларының атымен барыстык мүше, шығыстық мүше, көмектес мүше дейтін боламыз»,- дейді. Ш.Сарыбаевтың сөйлем мүшелерін бұлай топтау туралы ұсынысына кезінде бірқатар ғалымдар қарсы шықкан болатын. Шынымен де автордың ұсынған терминдері қолайсыз әрі шұбалаңқы және мағынаны нақ, дәл бере алмайды.
М.Балақаев “Қазіргі казак тілінің” синтаксистік окулығында: «Сөздер сөз тіркесінің құрамына ену аркылы сөйлем кұраудың материалы болады да, бастауыштык-баяндауыштық (тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық (тұрлаусыз) катынаста жұмсалады»,- деп нақты көрсетеді (.7).Сондай-ақ тұрлаусыз мүшелер жайлы профессор М.Томанов 1967 жылғы академиялық грамматикада жазды (62,95). Алайда олар өте ықшам, қысқа берілген. Р.Әмір «Жай сөйлем синтаксисі» еңбегінде тұрлаусыз сөйлем мүшелерін анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп саралап, әркайсысының сұрауларын, ережелерін, мағыналык және кұрамдық түрлерін береді (10,36). Сөз етіп отырған тақырыпта М.Сергалиев, Ш.Бектұровпен бірігіп жазған еңбекте арнайы сөз козғаса, О.Күлкенова да бұл мәселе жөнінде өзіндік пікірлер бере білді. Бұл мәселе М.Серғалиев, А.Айғабылов,
О.Күлкеновалардың журналистика факультеттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында да (1991) сөз болды.
Тұрлаусыз мүшелер, олардың теориялық мәселелері бойынша Т.Сайрамбаев біраз еңбектенді. Автор «Есім пысықтауыш», «Сөйлем мүшелерінің теориялық мәселелері» бағдарламасында, Р.Өмірбековамен бірігіп жазған «Анықтауыш, оның кейбір жасалу жолдары» деген зерттеулерінде сөйлемнің түрлаусыз мүшелері, оларға қатысты түрлі мәселелерді айта келіп, олардың жасалуын бірнеше топқа бөліп көрсетеді ( 49,7).
Әр тұрлаусыз мүшені, оның түрлерін жеке өз алдына дербес карау енді колға алына бастады. Оған З.Күзекованың «Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыш», Г.Есжанованың «Қазіргі қазақ тіліндегі тура толықтауыш» , Г.Жылқыбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі етістік пысықтауыш», Ж.Көпбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі мөлшер пысықтауыш» т.б. диссертациялық жұмыстарды атауға болады.
Жалпы түркология және қазақ тiл бiлiмiнде, ең алдымен тұрлаусыз мүшелердi аумақ-көлемi олардың бiр-бiрiмен ұқсастықтары мен айырмашылықтары, жасалу жолындағы өзiндiк ерекшеліктері туралы түрліше көзқарастар бар.
Жалпы сөйлем мүшелерiнiң лингвистикалық атауларының қалыптасуы туралы Қ. Мұсабаев былай дейді: «Бұл бес сөйлем мүшесiнiң атауларының түп төркiнi баста, баянда, анықта, толықта, пысықта бұйрық райлы етістіктер. Сол бұйрық райлы етістіктерге -уыш жұрнағының қосылуы арқылы ендi олар бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш деген грамматикалық терминге ауысқан [22,1116.].
А.Байтұрсынов өзінің еңбегінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы былай дейді: «Сөйлеудің асыл мағынасы  біреуге білдірейін деген ойын айту. Айтушының мақсаты  тыңдаушыға ойын түгел түсіндіру. Ойын түсіндіру үшін соған керек сөздерді алу қажет. Бір сөзді ойын анықтау үшін алса, екнші сөзді ойын толықтыру үшін алады, үшінші сөзді ойын пысықтау үшін алады. Сондықтан сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: 1) анықтауыш мүше; 2) толықтауыш мүше; 3) пысықтауыш сөздер болып үшке бөлінеді» деді.
Тұрлаусыз мүшелердің сөйлем мүшесi ретiнде өзiндiк қалыптасу дәуiрi бар. Алдымен толықтауыш қалыптасқан болу керек. Мұның өзі жалпы сөз таптарының шығуымен де тығыз байланысты. Пысықтауыш сөйлем мүшесiнiң қалыптасуы үстеу сөз табына тікелей байланысты. Ал үстеулер кейiнгi кезде калыптасқандығы көптеген әдебиеттерде аталып жүргенi белгiлi. Сол сияқты пысықтауыш кызметiнде жұмсалатын басқа да сөз таптары яғни, сын есiм, сан есімдердiң етiстiкпен тiркесiп пысықтауыш қызметінде жұмсалуы да кейiнгi дамудың жемiсi. Тұрлаулы сөйлем мүшелерiне карағанда, тұрлаусыз сөйлем мүшелері өзара тиянақсыздық формасында жұмсалу ыңғайына қарай бiрыңғай болып келеді. Дегенмен
олардың өзара бір-бірімен ұқсастығы болуымен қатар, алшақ жақтары да бар.
Мысалы, қабыса байланыскан пысықтауыштар формасы жағынан қабыса байланысқан анықтауышқа, ал меңгеріле байланысқан пысықтауыш толықтауышқа формальдық жағынан ұқсас болады. Алайда олардың әрқайсысы мағыналық ерекшелігіне қарай бiр-бiрiнен бөлiнiп, жiктеліп отырады. Тұрлаусыз мүшелер өзара формальдық жағынан ұксас болғанымен, әркайсысы жеке-жеке сөйлем мүшелерi болып табылады. Сондықтан да әркайсысының сөйлемде өзіндік қызметі, өзіндік орындары бар. Бастауыш сөйлемдегі ойдың иесі болуымен, баяндауыш сөйлемді тиянақтауымен ерекшеленсе, тұрлаусыз мүшелер де iштей ерекшеленіп отырады.

2.2 Тұрлаусыз мүшелердің орын тәртібі




Сөйлем құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы — сөйлем мүшелерін дұрыс орналастыру. Өз орнында тұрмаған сөз оқушыға оғаш көрініп тұрады немесе сөйлем мағынасы өзгеріліп кетеді. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сөйлеушінің ықтиярындағы нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдіқ өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Сөйлем құрағанда, соларды ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтуда үлкен мән бар. Дұрыс қүралған сөйлемнің түсінігі де дұрыс, кісіге етер әсері де өзгеше болады. Әдеби тілде қалыптасқан сөйлем құрылысын бұзып, оның басын аяғына келтіріп жазу, әрине, шеберлікке жатпайды. Кейбіреулер солай екенін сезбей ме, әлде сөйлемнің аяғын аспаннан келтіріп айтуды қызық көре ме, әйтеуір қалай болса, солай жаза береді. Мысалы: Шіркін, тың жер … Біз төсіне келгелі өтті, міне, он жыл да … «Ашушаң, долы апрельдің мінезі емес, бірақ, бұл. Қателескен ұлының жазасы алған анадан(Ә. Қалмырзаев). Кейде сөйлемдегі сөздерді өз орнына қойып айтпағандықтан, өрескел қателер кетіп жатады. Мысалы: Ұзын мүйізді немістің қызыл сиыры жайылып жүр.Мұнда ұзын мүйізді деген анықтауыш өз орнында тұрмай сөйлемнің басына шығып кеткендіктен, “ұзын мүйізді неміс” болып тұр. Дұрысы — немістің ұзын мүйізді қызыл сиыры жайылып жүр. Сол сияқты мына сөйлемдөрде де анықтауыштар өз орындарын-да тұрмағандықтан, басқа сөздерді анықтап теріс ұғым тудырып тұр: Көп тараған қазақтың халық музыкасынан концерт береміз (Радио, 28.1.1961). Дұрысы — Қазақтың жұртқа көп тараған халык, музыкасынан концерт береміз. Орындағанда үлкен шеберлікті керек ететін Рахманиновтық фортепьянолық пьесалары … (Ра-дио, 14.ХІ.1961). Дұрысы — Рахманиновтың орындағанда үлкен шеберлікті керек ететін фортепьянолық пьесалары … Л. Н. Толстой айтқандай, сөз суреткерлерінің шеберлігі “бірден-бір керекті сөзді тауып қолданып, оны дұрыс орналастыра білуде”. Сөйлем құрауда сөзді дұрыс орналастыруды шеберлік деп тану үшін де, сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап жазу үшін де бұл жайында қазақ әдеби тілінің ережелерін білу керек. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалпы алғанда, тұрақты, орыс тіліндегідей еркін емес, жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Ауызекі сөзде, көркем әдебиетте сөйлем мүшелері-нің бұл орын тәртібі, әрдайым жоғарыда айтқандай болып келе бермейді, инверсия жасалып (орын ауысып) та орналаса береді. Бірақ осылай етудің стильдік мәні болады. Мысалы, грамматикаларда “анықтауыш анықтайтын сөзінен соң тұрмайды” десе, Ғ. Мүсірепов “Қазақ солдатында”: “Осындай да табан бола ма екен қырық тесік” деп анықтауышты (қырық тесік) анықтайтын сөзінен (табан) кейін қойған. Дәл осы арада автордың бұлай етуі өте орынды. Ол солай ету арқылы Бораштың тілім-тілім жаралы аяғын көріп Шегеннің таңданғанын, сол айтқан сөздерінің интонациялық өңі қалай екенін білдірген. Сол сияқты, Қолыңды тарт дегенді, айтушының ашулана, көтеріңкі дауыспен айтқанын білдіру үшін М. Әуезов: «Тарт қолыңды!» деп жазған. Бұл да — өте дұрыс жасалған инверсия. Сөздердің айтылу әуенін, ой екпінінің қай сөзге түсетінін білді-ру үшін, жазушы Ғ. Мұстафин де (басқалар да) өз шығармаларында сөйлемдегі сөздердің орын тәрібін өзгертіп қолданады. Әсіресе “Қарағанды” романында ондай инверсиялар көп. Бірақ олардың азын-аулағы болмаса, көпшілігі-ақ жоғарғыдай белгілі мақсатқа лайық басқа сөздермен орын ауыспай, қалай болса, солай жазыла салған сияқты. Мысал келтірейік. … Сергей Петрович ойымен осылайша болып келе жатты да, отыра қалды бір тасқа. Талдырмаш, ақ құба жігіт алып- ұшқан жүрегінің әуенімен асығыс шықты үйден. Алысқа жіберді көзін, Мейрам… атынан түсіп жаяу келді бұларға… Ганеев экспедициясы келіпті бұл араға. Атырапқа жіберді көзін. Бұл тәрізділер диалог ретінде айтылған сөйлемдер болса, бірсәрі ғой,— автордың атынан айтылған сөйлемдер. Автор әдейі сөйлемнің ортасында, аяқ шенін-де тұруға тиісті сөздерді онын, аяқ жағына қоя берген. Тіпті орын ауыстырура болмайтын тұрақты фразалық тіркестердің де (мысалы, көзін алысқа жіберді) орын тәртібін өзгертіп жазған. Бірақ солай ету қазақ тілінің синтаксистік заңын бұзбай ма, сөйлемді солай құрауда не көркемдік, не стильдік өң бола ма? Сөйлеу тілінде, ел аузында айтылғанның бәрі әдеби норма бола бермейді. Онда (ауызекі сөйлеу тілінде) сөйлем мүшелері ауысып айтыла береді. Ал әдебиетте тілдік биік нысана болу керек қой. Сол нысанамыз әдеби норма болса, оны жөні жоқ бұза бермесек керек. Сөйлем мүшелерін қалай болса солай орналастыру жазушының өз еркіндегі нәрсе емес. Сөйлемнің бастауышын қай жерге қойып айту кісінің, субъективті көзқарасымен емес, тілдің белгілі бір нормасымен, заңдылығымен байланысты. Сондықтан сол заңды жете білмесе де, тілдің табиғатынан тыс, құлаққа жат естілетін үнін сезетін кісілер сөйлем мүшелерін дұрыс орналастырады. Бастауыштық жайылма сөйлемдегі қалыпты орны үш түрлі болады: 1. Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер баяндауышқа қатысты болса, бастауыш сөйлемнің басында тұрады. Мысалы, Жі-гіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Осындағы бастауыш — жігіттер, баяндауыш — кірісті. Сол екеуінің ортасындағы сөздер — тұрлаусыз мүшелер. Олар баяндауышқа қатысты: баяндауышты пысықтайды (білектерін сыбанып), баяндауышты толықтайды (жұмысқа). Ал осы қалыпты орнын өзгертіп, сөйлем мүшелерінін, орындарын ауыстырып айтуға да болады. Мысалы, Білектерін сы-банып жігіттер жұмысқа кірісті, білектерін сыбанып жұмысқа жі-гіттер кірісті. Бұлар қай уақытта осылай айтылуы .мүмкін? Бас-тауышқа ой екпіні түсіп, оны басқа сөзден гөрі басым мағынада айту үшін осылай болуы мүмкін. Бұл — бір. 2. Сөйлемде бастауыштың да, баяндауыштың да маңында тұрлаусыз мүшелер болса, бастауыштың қалыпты орны сөйлемнің ортасы болады. Мысалы,Университетте оқып жүрген жігіттер бі-лектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Бұл сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып айтуға бола ма?— Болады, бірақ онша жатық болмайды. Дегенмен, былай десек: Білектерін сыбанып университетте оқып жүрген жігіттер жұмысқа кірісті. Мұнда білектерін сыбанып —оқып жүргенге қатысты болады, сөйлемнін мағынасы өзгеріледі. 3. Тұрлаусыз мүше (мүшелер) тек бастауыштың маңында болып, баяндауышқа қатыспайтын болса, онда бастауыш баяндауыштық дәл алдында тұрады. Мысалы, Университеттс оқып жүрген жігіттер көмектесті десек, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып айтуға көнбейді (өлеңді сөйлемнің жөні бір басқа). Осылардан нені аңғарамыз? 1) Бір мүшенің сөйлемдегі орны басқа мүшелердің сөйлемдегі орнына қарап белгіленеді. 2) Сөйлем мүшелерінің, қалыпты орнын өзгертіп айтуға болатын болса, солай еткенде, қалай да сөйлемнің бұрынғы мағынасына өзгеріс енеді. Сөйлем мағынасын осылай түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыс-тырып айтуды инверсия дейміз. Инверсия мақсатты болу керек. Олай етпей, сөйлеу тілінде кез-деседі екен деп немесе сөйлем құрылысы әр алуан болсын деп, сөйлемді шәлкес, теріс құруға болмайды. Бұл жөнінде де тілдің нәзіктігін ескеріңіз: анықтауыш, жалпы ереже бойынша, анықтайтын сөзінің дәл алдында тұрады. Егер бір заттың бірнеше, әр алуан анықтауышы болса, оның қайсысы бұрын, қайсысы соң тұру керек? Мұнда да тиянақты ереже бар: заттың түпкілікті, ең негізгі сапасын білдіретін анықтауыш сол заттың дәл қасында тұрады да, өзгелері одан бұрын орналасады. Мысалы, торы, ақсак, деген сындарды бие сөзінің анықтауыштары етіп айтқымыз келсе, ақсақ торы бие дейміз, керісінше,торы ақсақ бие демейміз. Себебі биенің, торылығы жусаң да кетпейтін түпкілікті, негізгі сапасы, ал ақсақтығы — қосымша, көлденең, міні, Осындайды тіл айырады. Сондықтан үш терезелі биік үй дегенді “биік үш терезелі үй” деуге, тәртіпті жуас бала демей, “жуас тәртіпті бала” деудін, жөні жоқ. Сонда да осындайды сезбеген кісі дұрыс-терісін талғамай жаза береді. Сөйлем құрау шеберлігінің бір ұшы инверсия жасай білуде жатқандықтан, әрбір сөйлем мүшесінщ бұл жайында қандай мүмкіншілігі бар екенін айтайық. Бастауыштың сөйлемдегі қалыпты орын тәртібі қалай болуға тиісті екені жоғарыда айтылды. Сол айтқанымыздай болмай, бас-тауыш кейде сөйлемнің ен. соқында тұратын да орайы болады: 1. Диалогты сөйлемге автордың, берген түсінігінде бастауыш сөйлемнің соңында да, диалогтың алдында да түра береді, мысалы: — Жастардың саяси тәрбиесіне партия алдында комсомол жа-уапты,— деді Әбдікәрім. — Самолет ұшуға әзір!— деді звено технигі Таися Вахрамиевна (X. Досп.). Аман ішіп отырған асын тастай сала -:Мынау эншіні көріп қалайықшы,— деп тұра жүгірді (¥. Мұс-тафин). Асан:. –Әкем көп жылдан бері колхоздың жылқысын бақты, –деді (С. Бақбергенов). Төл сөз бен автор сөзінің осылай орналасып, бастауыштың сөй-лемнің соңында не басында тұруы — оның. үйреншікті қалыпты орны. Мүндайға инверсия жасау үшін төл сөздің арасына автор сөзі қыстырылады: — Тоқта!— деді ол,— Үшқұмбезден кетерде,— мен не деп едім, есіңде ме? — Мен,— деді Асқар,— сені жақсы көремін. (С. Мұқанов). 2. Қынжыла, күйіне айтылған лепті, сұраулы сөйлемдердің бастауыштарын соңына шығарып айтуға болады: Келмей қойды бүгін ол! Айтып едім ғой сағанмен! (Айтпап па едім саған мен?!) Үміт-тен айрылса, не болар еді адам? (С. Мүканов). Хабарлы сөйлемдерде, осы тәрізді, бастауыштарға екпін түсіре, оларға ерекше мән бере айту үшін олардың орнын басқа мүшелермен ауыстырамыз. Толықтауыштардың сөйлемдегі қалыпты орны — баяндауыштың алды. Бұлардың да ол орнын басқа мүшелермен ‘ауыстыруға болады. Толықтауыштар бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде болмаса, хабарлы сөйлемде баяндауыштармен орын ауысып, баяндауыштың соңында келе бермейді: Келе жатыр ол үйден. Ол отыра кетті орындыққа. Қатты сағындым қарындасымды дегендей сөйлемдер әдебиетте кездеседі, бірақ оларда пәлендей стильдік қызмет жоқ. Бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде баяндауышты күшті екпінмен, көтеріңкі дауыспен айту үшін, сөйлемнің басына, ал толықтауыш, пысықтауыштарды одан кейін қоямыз. Ондайда баяндауышпен орын ауысқан толықтауыштар да бұрынғы мағынасында қалмайды: — Бар, осынымды айт дегендегі толықтауышты баяндауышпен орнын ауыстырып: Бар, айт осынымды! деуге болады. Алдыңғы сөйлем жай хабар ретінде айтылса, соңғы сөйлем ерекше ырғақты әуенмен күйіне сөйлеген кісінің сөзі болып ұғынылады. Ол айырмашылық толықтауыш пен баяндауыштың орын ауысуынан болып отыр. Ондайда толықтауыштардың да ерекше екпінмен басым мағынада айтылатынын мына мысалдардан көруге болады: — Не ақысы бар менде? Дұшпан сөзіне еріп дұшпан боламысың Нұржанға? Бердім атты! (С. Мұқанов). Қөрсетпе көз жасыңды! (М. Әуезов). Толықтауыштарға көбірек инверсия жасалатын сөйлем — диалогты сөйлем. Диалогты сұраулы сөйлемнің мазмұнына лайық оғаш берілетін жауап толықтауыштан басталса, онда оған инверсия жасалып, басқа сөздерден гөрі басым мағынада айтылған дағысы. — Кімді күтіп отырсың? — Амантайды күтіп отырмын. — Бұл ақшаны кімге берейін? — Рабиғаға бере гой. Анықтауыш, пысықтауыштар көбінесе басқа сөздермен қатар тұру арқылы байланысатындықтан, оларды әрі-бері жылжытуға болмайды, болса да, ондай мысал көп кездеспейді. Ал ілік жалғауы жалғанған анықтауыштар мен барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларындағы пысықтауыштарға толықтауыштардай инверсия жасауға болады. Сондай-ақ инверсия жасай беруге көнгіш пысықтауыш — мезгіл үстеулері мен көсемшелерден жасалған пысықтауыштар: 1. Үлкен кісісің ғой, апа, көпті көрген (С. Мұканов). Осындай да табан бола ма екен қырық тесік! (Ғ. Мүсірепов). Сақижан, жүр тезірек! (Ғ. Сланов). Бүгін, міне, қарасам, бір көш кетіп барады (Жамбыл). Тэңірі сұлулықтың, ақын Сара, үйректің сұңқарындай тудың дара (X. Жұмалиев). Ақырындап ат қозғалды (Б. Майлин). Кетерде Боржадай маған амандасқан жоқ, мен оған амандасқаным жоқ (С Мұқанов).Дұрысы— менімен амандасқан жоқ, мен онымен амандасқаным жоқ. Заттың түрін, түсін білдіретін бірыңғай анықтауыштардың орындарын өзгертіп айтуда мән болмайды. Сондықтан қайсысын бұрын койсам екен деп қиналмайсың. Мысалы: сары, көк, жасыл түс (жасыл, көк сары түс), күшті, қарулы, епті жігіт (қарулы, епті, күшті жігіт), түлкі тымақты, барқыт қамзолды, ақ сақалды кісі (ақ сақалды, түлкі тымақты, барқыт қамзолды кісі). Егер бірыңғай анықтауыш біркелкі болмай, түрлі-түрлі сапа болса және бір заттың маңында әр түрлі бірнеше анықтауышы болса, олардың ішіндегі заттың ең негізгі сыны болатыны басқа анықтауыштардан кейін, анықталатын сөздің қасында тұрады: Дередей үлкен жұп-жұмыр ақ тай — қысырдың тайы. Сары қыз әдемі сары келіншек болыпты. Жасында ат жақтылау, қыр мұрын-дылау сияқты еді, қазірдөңгелек көзді, май мұрындылау, ет-жеңді, толық әйел болуга бет алыпты (Ғ. Мұстафин). Оң жақ бұрышта ешбір сәнсіз, ретсіз үйіле салған үлкен пеш тұр … Үстінде ыждаһатты қолмен жиылған сұрғылт түсті, көнетоз-дау екі-үш көрпе, жастық (М. Әуезов). Сөзді дұрыс орналастырудың стильдік қызметі ерекше болатындықтан, соның жайын көбірек айттық. Бұдан сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу, орын ауысу тәртібі қалай болатынын аңғаруға болар. Одан сөйлемді тек осылай құр деген ұғым тумау керек. Тілдің бұл жайында да мүмкіншілігі мол. Соларды таңдай, талғай білу — үлкен өнер. Сөздің қит етсе, қисық кететін, дөп түссе, жымдаса кететін сырын сезгіш, білгіш болу керек.

ІІІ. Тұрлаусыз мүшелерді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жолдары


3.1 Тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жолдары және оны оқытуда кездесетін қиындықтар


Тұрлаусыз мүшелер тақырыбы бастауыш сынып, яғни 3-сыныптан бастап оқу жылының 2-тоқсанында «Сәулет өнері. Сәулет өнері туралы не білеміз?» бөлімі бойынша оқытылады. Кейін 8-сыныптың 3-тоқсанында «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» бөлімі бойынша оқытылады.


Тұрлаусыз сөйлем мүшелері сөйлем мүшесі ретінде ұғынуға оңай тәрізді, сөйлемнің ішінен тез тауып алатындай сезіледі. Шын мәнінде сөйлеудегі жіберілетін қателер, ұғымдағы түсініксіздік, жазудағы стильдік қателер мен тыныс белгілердің дұрыс қойылмауы осы тұрлаусыз мүшелерді ажырата алмаудан туындап жатады.
Мысалы, жаңадан тұрғызылып жатқан үй осы жылдың аяғына дейін тұрғындарға тапсырылады. Баяндауыш (не істейді?) – тапсырылады, бастауыш (не тапсырылады?) – үй, анықтауыш (қандай үй?) - жаңадан тұрғызылған, пысықтауыш (қашанға дейін?) – осы жылдың аяғына дейін, толықтауыш (кімдерге?) – тұрғындарға.
Анықтауыш негізінен сын есім сөз табынан болатындығын барлығымыз жақсы білеміз. Ал бұл сөйлемдегі жаңадан тұрғызылып жатқан сөз тіркесі сын есімнен емес, заттанған сын есімнен, етістіктен құралып тұр. Оқушыларға бұл тақырыпты меңгерткен кезде анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштың дара, күрделі, үйірлі түрлері бары ескеріледі. Ал оларды арнайы оқытқанда, оқушыларға бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігін таныту мақсаты көзделеді. Сондықтан да оқушыларға тұрлаусыз мүшелердің дара, күрделі, үйірлі түрлерінің анықтамасын айтып түсіндіру қиынға соқпайды.
Бірақ та шын мәнінде, оқушылардың түсінуіне қиындау тиетіні тұрлаусыз мүшелердің жасалу жолдары. Оны оқушыларға түсіндіру үшін көрнекілік әдісі арқылы мұғалім күрделі анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштың жасалу жолдары берілген кестені тақтаға іліп, әр сөйлемдегі анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштың құрамын және олардың қандай сөз таптарынан жасалғандығын айтуды талап еткен жөн:







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет