Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы



бет3/4
Дата19.06.2022
өлшемі93,15 Kb.
#37053
1   2   3   4
Байланысты:
курстық жұмыс тұрлаусыз мүше

1-кесте. Анықтауыш болатын сөз таптары

Зат есім

Анама көмектестім. Кітапқа қара.

Есімдік

Бұл сөз оған әсер етті. Бізге кел. Ешкімнен сұрама.

Сын есім

Жақсыдан үйрен. Білімдіге дүние жарық.

Сан есім

Бестен үшті алса, екі қалады.

Етістік

Үйге баруға қол тимей жүр. Сұрағанға бер.



2-кесте. Толықтауыш болатын сөз таптары

Үстеу

Кеше күн суық болды.

Есім сөз

Ол сабақты жақсы оқиды.

Еліктеу сөз

Бұл сөзіме Шара кеңк-кеңк күлді. Ол жалт қарады.

Көсемше

Шешесі мейірлене қарады.

Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердегі сөз

Сабақтан шыққан соң жұмысқа кетті. Ол дәріс оқуға арнайы Алматыдан келді.



3-кесте. Пысықтауыш болатын сөз таптары


Мұндай жұмыстар оқушылардың белсенділігін арттырады, жаңа материалды өздігінен іздене отырып, түсіне білуіне қозғау салады. Оқушыларға мынадай жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын орындатқан дұрыс:
1)Ойын әдісін қолдана отырып, мынадай жаттығу жұмысын беруге болады:
«Кім жүйрік?» ойыны. Берілген кесте бойынша өз ойларыңнан мысалдар ойлап табыңдар. Кестені ең бірінші толтырған оқушы жүйрік атанады.



Дара анықтауыш

Күрделі анықтауыш

Үйірлі анықтауыш












4-кесте


2)Мәтінмен жұмыс әдісіне мынадай тапсырманы беруге болады:


Мәтіннен анықтауыштарды тауып, қай сөз табынан болғанын түсіндіріңдер. Оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.


Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсiмдiк
түрінен тұрады. Басқа көрші елдермен салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймактардың көптiгi, топырақ пен климат әсер етеді. Сондай-ақ Қазакстанның едәуiр бөлiгi геологиялык тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңiз астынан неоген дәуiрiнде ғана босаған. Үстірт пен Бетпақдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердiң өсiмдiк жамылғысы әлi толық қалыптасып үлгермеген. Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады.
Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 шакырымға созылып жатқанҚазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл
өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл, торанты тоғайлары кездеседі.
Қазақстан дүниежүзі бойынша орманы аз елдердiң қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11,4 милион гектар жерiн ғана ормандар алып жатыр.
Қазақстандагы қазiргi өсiмдiктер түрлерi қылқанжапырақты ормандар, ұсақжапырақты орман-тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің біржылдық өсімдіктері болып бөлінеді.
3) Блум таксономиясының талдау деңгейіне байланысты немесе өздік жұмыс кезінде мынадай жаттығу жұмысын беруге болады:
«Тілдік бағдар» айдарындағы ережелердің өзіне тән ерекшелігін, қызметін, маңызын талда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет