Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы



бет4/4
Дата19.06.2022
өлшемі93,15 Kb.
#37053
1   2   3   4
Байланысты:
курстық жұмыс тұрлаусыз мүше

Семантикалық карта

Тілдік бағдар

Сұрақтары

Мысалдар

Толықтауыш







Анықтауыш







Пысықтауыш









5-кесте.Семантикалық карта

3.2. Тұрлаусыз мүшелерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану


Оқытудың жаңа технологиясы ic - әрекеттердiң жоспарланған нәтижесіне жеткізудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның бұрынғы белгілі дәстүрлі технологиясынан айрықша ерекшелігі мынадай: оқушының белсенділігінің болуы; мұғалім мен шәкірттің өзара қарым-қатынасындағы жауапкершіліктің міндеттілігі дәстүрде. Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Қазіргі технологияда миға шабуыл, дебат, модель проект жасау, қорғату, оқу мен жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі пайдаланып келеді. Соның ішінде, әсіресе, негiзге Эльконин, Давыдовтардың
ұсынып жүрген дамыта оқыту концепциясын алуға болады. Жан-жақты дамыта отырып басының, жеке дүниетанымының, ойлауды дамыту,темптi
оқытуға негізделеді.
Қазіргі кезде жаңаша оқыту технологиясына сай
қайталау сабағында деңгейлік тапсырманы орындату арқылы толықтау жұмыстарын жүргізіліп жүр. Қазақ тілін оқытуда деңгейлік тапсырмалар маңызды орын алады. Деңгейлік тапсырмаларда әр деңгейдің алатын орны бар. Әр деңгейде орындалатын тапсырмалар түрлі талап-тілектерді қамтиды.
Деңгейлік тапсырмаларға қатысты талаптар, бірншіден, әр деңгейде берілетін білім көлемін белгілеу қажет. Екіншіден, берілетін білім көлеміне қатысты әр деңгейде орындалатын тапсырмаларды іріктеп, таңдап алу үшін қажет. Бұл талаптар әр деңгейдегі (оқушының ізденімпаздылық, алгоритмдік, ізденімпаздық, шығармашылық) тапсырмалардың қандай болуы керек, қандай мақсатта берілуі керектігі анықталады, сондықтан деңгейлік тапсырмалар талаптарының мәні зор. Әр деңгейдің талабын қамтитын түрлі тапсырмалар арқылы оқушының білім деңгейін анықтауға болады.
Әр деңгейдің тапсырмаларына қойылатын талаптардың бір-бірінен айырмашылығы бар. Бірінші деңгей мен екінші деңгейде орындалатын тапсырмалар бір-біріне ұқсамайды. Деңгейден деңгейге өткен сайын тапсырмаларға қойылатын талаптар да артып, тапсырма мазмұны біртіндеп күрделене түседі. Мысалы, І деңгей «Танып ал» деп аталады. Бұл деңгейде барлық оқушының орындауына мүмкіндігі бар тапсырма беріледі.
ІІ деңгей. «Шешім тап». Мұнда орындалатын жұмыс алғашқысынан күрделірек.
ІІІ деңгей. «Ойлан». Сен қалай ойлайсың? Неге? Мұнда оқушының тоқталатын бір ой-пікірі болуы керек. Тек жазу ғана емес, талдау, дәлелдеу. Тапсырма күрделі. Пікір,ұсыныс енгізе білуі тиіс.
ІҮ деңгейдегі тапсырма шығармашылықпен айналысатын оқушыларға арналады. Қазіргі күні дамыта оқыту технологиясына сай қолданылып жүрген осындай деңгейлік тапсырмаларды пайдалану арқылы сабақ өткізуге болады. Ол сабақта тұрлаусыз мүшелер бойынша алған теориялық білімдер практикалық тұрғыда тексеріледі,кеңейтіледі. Теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландырып, өз бетінше шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету көзделеді. Сабақты осындай дәрежеде өткізу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға болады.

ІҮ. Қорытынды


Жоғарыда айтылған, жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе, қазақ тілін оқытуда тұрлаусыз мүшелердің теорияқ негізі қаланса да, оны оқыту әдістемесінің соңғы жылдары қалыптасып келе жатқанын айтып кетеміз. Себебі сөйлем мүшелерімен жұмыс жүргізу әдістемесі қазақ тілін оқытудың барлық кезеңдерінде де сөз болып келгенімен, арнайы жеке түрде сөз болмады. Тұрлаусыз мүшелермен жұмыс түрлерінің жүйесі де жасалмады. Бүгінгі мен ұсынып отырған жұмыс үлгілері осы үлкен тақырыптың тек бір бөлшегін ғана қамтитын болар. Бұл тақырыптың өзін аша алсам, мақсатыма жеттім деп білемін. Барлық жазылғандардан мынадай ой түйдім:

  • Қазақ тілі сабақтарында сөйлем мүшелерін ұтымды оқыту оқушылардың сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастырады, жазу сауаттылығын арттырады;

  • оқушылар сөйлем мүшелеріне, тұрлаусыз мүшелерге қатысты термин сөздердің мағынасын түсінеді, сөйлемге синтаксистік талдау жасай білуге үйренеді;

  • қазақ тілінің синтаксис саласы бойынша өткен теориялық материалдарды жақсы меңгеруге өз септігін тигізеді.

Мектептерiмiзде оқытылатын тұрлаулы мүшелердiн окушыларға бiлiм, тәрбие берудегі маңызы зор. Тұрлаулы мүшелер бастауыш сыныптан танылып, тереңдетіліп оқытылады. Соның нәтижесінде оқушылар өздерiнiң тiлден алған білімiн толықтырады, жазу, сөйлеу тілін дамытады, дұрыс оқуға үйреніп, ұғу қабілеттілігін жетілдіреді. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің негiзгi қаңқасы болғандыктан, оларды терендетiп оқыткан жөн. Бастауыш сыныптан бастап жалпы тұрлаусыз мүшелер туралы білім алып, жоғарғы сыныпта олардың түрлерiмен, тыныс белгiлерiмен толық танысады. Әсіресе, тұрлаусыз мүшелердiң тыныс белгiлерiн оқушыларға жақсы меңгерткен жөн. Терең бiлiмiнiң аркасында жазу стильдері жақсарып, сөйлемдерді дұрыс құруға, тыныс белгілерін дұрыс қоюға машықтанады. Сөйлемдегі ой әр уақытта бастауыш пен баяндауыш арқылы білінеді. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі ойдың ұйытқысы, таянышы, тірегі. Бастауыш пен баяндауышы жоқ сөйлемдер кейде сөйлем болудан калады. Сонымен қатар, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш сөйлем мүшелерін жалпыламай айтпай, әр түрлі әдіс-тәсілдермен терен түсіндірген жөн. Қорыта келгенде, тұрлаусы мүшелерді оқушыларға жалпы білім беруде олардың ақыл-ойын дамытып, дұрыс сөйлей білуге және сауатты жазуға үйрену жағынан маңызы ерекше зор. Сондықтан синтаксисті оқытуға iрi ғалымдар, белгiлi педагогтар және мектеп мұғалімдері ерекше мән бередi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1995.
2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. 1996 жыл
3. Әміров Р. С. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997 жыл.
4. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы, 2001 жыл
5. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997.
6. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1991.
7. Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерi. Алматы, 1991.
8. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. А., 1992.
9. Касымова Т., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А., 2000ж.
10. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы.А., Мектеп 1998 ж.
11. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары - А. 2001
12. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы. 1966.
13.Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. 2-том. Алматы, 2003ж.
14. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. Алматы, Ана тілі,1992.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет