Тақырып Алгоритмдеу негіздерін оқыту барысында алгоритмдік тілді және атқарушылар жүйесін пайдалану. Зертханалық сабақтың жоспары



Дата15.11.2023
өлшемі79,5 Kb.
#123918
түріСабақ

Тақырып 9. Алгоритмдеу негіздерін оқыту барысында алгоритмдік тілді және атқарушылар жүйесін пайдалану.
Зертханалық сабақтың жоспары:

  1. Алгоритмдеу негіздерін оқыту барысында алгоритмдік тілді және атқарушылар жүйесін пайдалану.
  1. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:


  • алгоритм;

  • алгоритмнің қасиеттері (түсініктілік, дәлдік, нәтижелік, дис- креттілік, жалпылық);

  • орындаушы,

  • ОБЖ (орындаушының бұйрықтар жүйесі), орындаушы ортасы;

  • шама – аты, типі, мәні;

  • алгоритмдік конструкциялар – сызықтық, тармақталу, цикл;

  • блок-схема;

  • алгоритмдік тіл;

  • алгоритмнің формальді орындалуы;

  • көмекші алгоритм.
  1. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:


  1. Информатика курсында алгоритмдеудің алатын орны мен мәнінің уақыт талабына сай қалай өзгерді?

  2. А.П.Ершовтың және т.б. оқулықтарында енгізілген негізгі ұғымдар, дидактикалық құралдар мен әдістемелік тәсілдердің қайсысы сақталды?

  3. Алгоритмдерді орындаушыларды «жағдайда» және «шамалармен» жұмыс істейтін орындаушылар деп бөлудің әдістемелік мағынасы неде?

  4. Алгоритм ұғымын толық түсініп меңгеру үшін оқушылармен қандай типті есептерді қарастыру қажет?

  5. Оқушылармен сабақта ( Баше ойыны тәрізді ) «алгоритмдік ойындар» ойнауға бола ма? Тағы қандай алгоритмдік ойындарды ұсынар едіңіз?

  6. Қандай негізгі ережелер алгоритмдеу мен бағдарламалауды құрылымдайтын әдістемені құрайды?

  7. Неліктен информатика сабақтарында блок-схемалардан бас тартуға болмайды және оларды қалай бейнелеу қажет?

  8. Шама және оның қасиеттері ұғымын қандай әдістемелік ретпен ашу қажет?

  9. «Айнымалы», «меншіктеу» ұғымдарын оқытқанда қандай әдістемелік проблемалар кездеседі? Оларды қалай шешуге болады?

  10. Алгоритмдеу және бағдарламалау бағытын оқыту кезінде оқушылар ойлаудың қандай өзіне тән стилі мен мінез ерекшеліктерін қабылдайды?
  1. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:


  1. Формальды орындаушы ұғымының мағынасы неде?

  2. Тікелей басқару режімінің программалық басқару режимінен айырмашылығы неде?

  3. Әрекеттердің кез-келген тізбегін алгоритм деуге бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз, мысал немесе қарсы мысал келтіріңіз.

  4. Кез келген есептің алгоритмін құруға болады деуге бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз, мысал немесе қарсы мысал келтіріңіз.

  5. Келесі түйінді сөздерден алгоритмнің анықтамасын құрастырыңыз. Түйінді сөздер: орындаушы, тізбек, түрлену, есептеуіш әрекет, процесс, нәтиже.

  6. Келтірілген әрекеттер тізбегін алгоритм деуге бола ма:

«Сонда бар, қайда барарымды білмеймін. Ананы әкел, не екенін білмеймін»? Жауапты алгоримнің қасиеттерін қолдана отырып негіздеңіз.
Келесі есептерді шешіңіз:

  1. Алгоритм фрагменті блок-схема түрінде берілген. Алгоритмнің орындалу нәтижесінде S айнымалысы қандай мәнді қабылдайтынын анықтаңыз.

  2. Берілген cos(x)=x теңдеуін шешу алгоритмін қақ бөлу әдісі бойынша блок-схема арқылы көрсетіңіз. Алгоритмді жазғанда келесі айнымалыларды қолданыңыз: A және B – іздестіру шекарасы, LK және PK – шешімнің кішірейтілген интервалының сәйкес сол және оң координаттары, E – дәлдік.

S:=1



n=1 to 3 S:=S*n

S шығару





  1. Өз орындаушыңызды ойлап табыңыз және оны мына схема бойынша бейнелеңіз: ортасы, орындаушының бұйрықтар жүйесі (бұйрықтар қалай беріледі, орындалады, «жасай алмаймын»). Нақты орындаушы үшін бірнеше есеп құрастырыңыз.

  2. A (x,y) нүктесінің берілген аймаққа жататынын анықтайтын алгоритм құрыңыз (5.8- сурет).

  3. Келесі шектеулерді ескере отырып, мына формула: у = (1 - х2 + 2,5х3 + х4)2 бойынша есептеу алгоритімін жазу керек: 1) тек қана қосу, алу және көбейту амалдарын қолданып; 2) әрбір өрнекте тек қана бір арифметикалық амал болуға тиіс.

5.8-сурет
Оқу материалындағы өзіңізге ұнаған ең жақсы күнделікті жоспардың мысалын келтіріңіз (өзіңіз дайындаңыз немес оқу бағдарламасын таңдаңыз):



Сабақ № :

Сабақтың тақырыбы:













  1. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін даярлаңыз.

Осы алгоритмдеу және бағдарламалау бағыты бойынша қорытынды жұмыстың мысалын келтіріңіз (кез-келген формада бақылау, өз бетінше жұмыс, тест т.б..). Қорытынды жұмыс бір сабақ көлемінде өткізіледі және баға критерийі болуы тиіс.

Әдебиеттер:


  1. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. — Минск: Вышэйшая школа, 1998.

  2. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.

  3. Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. – М.: Академия, 2001. – 624 с.

  4. Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. – Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с

  5. Хуторской А.В. Современная дидактика. – СПб.: Питер, 2001.– 544с.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет