«Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандықтары бойынша қашықтан оқыту жүйесінде оқитын студенттерге арналған «Қазіргі қазақ тілі: морфология»



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата07.02.2017
өлшемі0,8 Mb.
#3594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Дəріс - 4.   
Тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары жүйесі. 
Сөзді таптастыру принцптері.  
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары. 
Тіл  білімінде  ерте  кезден  бастап  сөздерді  атаушы  немесе  негізгі  сөздер,  көмекші 
сөздер жəне одағай сөздер деп əр түрлі топтарға бөлу дағдысы қалыптасқан. 
Сөз таптарын анықтау əрі тілдің құрылымының, əрі сөздің құрылымының теориялық 
та,  практикалық  та  мəселелерін  терең,  жете  зерттеу  үшін  өте  керек.  Сондықтан  сөздерді 

лексика-грамматикалық сыр-сипатын айқындау грамматиканың ең негізгі мəселесі болып 
табылады. 
Атаушы  сөздер  қатарына  заттар  мен  құбылыстардың,  сапа  белгілердің,  іс-əрекеттің 
атаулары  болатын  толық  лексикалық  мағынасы  бар  сөздер  жатады.  Атаушы  сөздер, 
өздеріне  тəн  дербес  мағыналары  болатындықтан,  адамның  қатынас  құралына  негізгі 
арқау,  яғни  тіреу  есебінде  қызмет  етеді.  Сондықтан  оларды  кейде  негізгі  сөздер  деп  те 
атайды. 
Көмекші  сөздерде  атаушы  сөздердегідей  дербестік  болмайды.  Лексикалық 
мағыналарының  əлсіреп  күңгірттенуі  жəне  ондай  мағынаның  грамматикалық  мағынамен 
ұласып  кетуі,  сөйлемде  дербес  мүше  бола  алмауы  көмекші  сөздерді  сипаттайтын  жəне 
оларды атаушы сөздерден ажырататын белгілер болып табылады. Тіл білімінің тарихында 
сөз таптарының табиғаты туралы əр түрлі көзқарастар мен байымдаулар бар. Олардың бірі 
бойынша,  сөз  таптары  лексика-грамматикалық  категория  болып  саналса,  екіншісі 
бойынша  сөз  таптары  формальдыграмматикалық  категория,  ал  үшінші  бір  көзқарас 
бойынша, сөз таптары сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады. 
Сөз таптарының табиғатын толық тану үшін əрқайсысына жеке-жеке тоқталып өткен 
дұрыс. 
Енді  осы  пікірлердің  əрқайсысына  тоқталып  өтейік.  Сөз  таптарын  лексика-
грамматикалық  категорияға  жатқызатындар  сөздер  өзіне  тəн  белгілері,  атап  айтқанда, 
семантикалық,  морфологиялық,  синтаксистік  белгілері  бойынша  топталып,  соған  сəйкес 
белгілі бі сөз табына телінеді деп түсіндіреді. 
Бұл  пікірді  көпшілік  белгілі  ғалымдар  мақұлдайды.  Мысалы:  орыс  тілінің  көрнекті 
маманы  А.А.  Шахматовтың  пікірі  бойынша,  əрбір  сөз  табы  сөздің  негізгі  лексикалық 
мағынасы 
мен 
оған 
қосымша 
грамматикалық 
ұғымдардың, 
граммматикалық 
категориялардың  жиынтығынан  құралады.  Зат  есімдерге  заттың  атауы  мағынасы  жəне 
жекеше-көпшелік,  септік,  тəуелдік  мағыналары  тəн.  Ал,  етістіктерге  қимылдың  атауы 
болатын лексикалық мағына мен грамматикалық мағына болып саналатын болымсыздық, 
етіс, шақ, жақ т.б. мағыналар тəн болып келеді. 
Орыс тіл білімінде сөз таптарын формальды-грамматикалық категория деп санайтын 
пікірді  қуаттайтын  ғалымдар  қатарында  акад.  В.В.Виноградов  та  бар.  Бұл  ғалымдардың 
осы пікірі сайып келгенде И.А.Бодуен де Куртенэ мен Л.В.Щербаның сөз таптары туралы 
көзқарасына барып тіреледі. 
Акад. И.И.Мещанинов та сөз табын сөздердің мағыналары мен формаларының өзара 
ұштасуы деп қарайды. Осы пікірді Н.С.Поспелов та қолданды. 
Сөз  таптарын  грамматикалық  категория  деп  қарайтын  ғалымдар  да  бар.  Олардың 
қатарына  О.П.Суникті,  А.А.Реформатскииді  жатқыызуға  болады.  Суник  сөз  таптарын 
ажыратуда  негізге  алынатын  белгі  лексикалық  мағына  емес,  əр  сөз  табына  тəн  жалпы 
грамматикалық мағына деп санайды. Оның пікірінше, заттылық зат есімге тəн, оны басқа 
сөз  таптарынан  ажырататын  басты,  жалпы  грамматикалық  мағына  болып  саналады.  Ал 
жалпы  грамматикалық  мағына  сол  сөз  табының  лексикалық  мағыналарында  да, 
синтаксистік қызметінде де көрінеді дейді. 
Осындай пікір А.А.Реформатскийдің еңбектерінде де көрініс табады. 
Біздің байқауымызша, сөз таптарын лексика-грамматикалық категория деп санайтын 
пікір, ғылыми жағынан құнды сияқты көрінеді. 
Сонымен, сөз таптарын бір-бірінен тек грамматикалық ерекшеліктері жағынан емес, 
сондай-ақ  лексикалық  мағынасы  жағынан  ерекшеліктерін  ескере  отырып  ажырату  керек 
деген бір топ ғалымдардың /басым көпшілігінің/ пікірін дұрыс деп есептеуге болады. 
Орыс  пікірдің  негізінде,  қазақ  тіліндегі  сөзқдерді  топтастырудың  принциптеері 
туралы мəселеге көшуге болады. Тілдегі барлық сөздерді атаушы сөздер, көмекші сөздер 
жəне одағай сөздер деп бөлуде бір-біріне таяныш болатын тірек- семантикалық белгі. Осы 
семантиккалық белгі сол сөздерді одан əрі іштей топтастыруға да бірден-бір сенімді тірек 
болады. 

Тілдегі барлық сөздерді топтастырғанда мынадай екі принципті басшылыққа аламыз: 
1.  Барлық  топтастыратын  сөздер  сөздік  құрамға  енеді.  Қай  сөз  табына  енсе  де, 
сөздердің лексикалық жағы ескерілуі керек. Ал, сөздің лексикалық жағын ескеру деген сөз 
олардың семантикалық жақтарын еске алу дегенмен бірдей. Сондықтан, əрбір сөз табына 
енетін сөз лексика-семантикалық тұрғыдан қарастырылуы тиіс. 
2.  Сөздерді  грамматикалық  жағынан  топтастыру,  олардың  түрлену,  өзгеру  жүйесін, 
сөздердің  тіркесу  мүмкіншіліктерін,  сөйлемдегі  синтаксистік  қызметін,  тағы  басқа  осы 
сияқты  мəселелерді  анықтау  тəрізді  міндетке  бағытталу  керек.  Бұл  принциптер  тікелей 
грамматикада  қарастырылатын  мəселелер.  Ендеше,  қандай  болмасын  сөздің,  сөз  табына 
топтастырылғанда, грамматикалық жақтары ескерілуі керек. 
Міне,  сөздерді  топтастыру  принциптері  дегеніміз-  осылар.  Яғни,  тілдегі  сөздер  сөз 
табына  топтастырылғанда  екі  белгісіне  қарай  басшылыққа  алынып  айырылады:  лексика-
семантикалық жағы жəне грамматикалық /морфологиялық жəне синтаксистік/ жағы. 
Осы  принциптен  сөз  табы  деген  ұғым  лексика-грамматикалық  деген  қосарланған 
компоненттердің жиынтығы деген түсінікке алып келеді. 
СӨЗ  ТАБЫ  деп  жалпы  лексика-грамматикалық  сипаттары  мен  белгілері  бəріне 
бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз. 
Қазқ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатынасын анықтау процесінде осы үш 
белгіні  бəрін  іздеп  /яғни,  лексика-сематикалық,  морфологиялық  жəне  синтаксистік/,  осы 
жоғарыдағы  принципке  үнемі  сүйенудің  қажеті  жоқ.  Себебі,  кейбір  сөздерден  осы  үш 
белгінің бəрі бірдей табыла бермейді. Сондықтан, осы екі принциптің немесе үш белгінің 
бірін ғана басшылыққа алып, өзгелерін көмекші принцип ретінде, тіпті кейде қолдануға да 
болады. 
Мысалы,  одағай  сөздерді  анықтауда  оның  морфологиялық  белгісін  іздеудің  тіпті 
қажеті  жоқ  сияқты.  Немесе  көмекші  сөздерді  соның  ішінде  шылауларды  анықтауда 
олардың  семантикасын,  сөзбен,  сөйлеммен  тіркесу  ерекшеліктерін  ған  негізге  алып, 
морфологиялық  белгісін  іздеудің  қажеті  жоқ  секілді.  Ал,  кейде  екі  белгінің  бірін  ғана 
басшылыққа  алу,  яғни  таңдау  кезі  де  келіп  қалатын  уақыты    болды.Мысалы,  тілімізде 
омоним  сөздер  көп  кездесіп  отыратыны  кім-кімге  де  белгілі  жəй.  Ондай  кезде  сөзді 
анықтайтын басты белгі оның мағынасы, яғни семантикасы болмақ. 
Мысалы,  Қаратаудың  басынан  көш  келеді,  көшкен  сайын  бір  тайлақ  бос  келеді. 
Тойға  барсаң  тойып  бар,  деген  халық  арасына  кең  тараған  екі  сөйлемді  алайық.  Осы 
сөйлемдерде  бір-бірімен  омонимдес  көш-көшкен,  тойға-тойып  сияқты  сөздер  бар. 
Əрқайсысы əр сөз табына жатады. Оны біз өте оңай ажырата аламыз. Себебі, əр сөз тек өзі 
жататын сөз табының грамматикалық категориясын қабылдап, түрленіп тұр. 
Екінші мысал, Бөлмеге жарық түсті. Ол жарық бөлме. Түйеге ауыр тең буылған.Тең 
құрбының алды бол. Осы сөйлемдердегі тең, жарық сөздері бірде зат есім, енді бірде сын 
есім болып тұр. Оны біз мағынасынан, əсіресе семантикалық белгісінен ажырата аламыз. 
Үшінші мысал, 1. Хасеннің басынан қалпағы ұшып түсті. 
   
 
    2. Қаратаудың басынан көш келеді. 
   
 
    3. Жұмысты басынан осылай ұйымдастыруы керек еді. 
Осы  сөйлемдерде  үш  басынан  деген  сөз  бар.  Бір  жағынан,  олардың  арасында  мағына 
байланысы  бар  секілді.  Тереңірек  анализ  жасап  көрелік.  1-  сөйлемде  басынан  сөзі  өзінің 
тура  мағынасында  қолданылып  тұр.  2-сөйлемде  мағынасы  солғылданып,  дербес  сөйлем 
мүшесі  болмай,  күрделі  мүшенің  сыңары  болып  тұр.  Яғни,  осы  сөйлемдегі  басынан  сөзі 
зат  есімнен  көмекші  есімге  айналған.  Ал,  3-сөйлемдегі  осы  сөз  лексикалық  мағынасы 
жағынан, қызметі жағынан да өзгеріп, тіпті басқа сөз табына,                   
 
Дəріс-5. 
Тақырыбы: Зат есімнің категориялары. 
 Зат есімнің категориялары жəне ерекшеліктері. 
Септік категориясы оның ерекшелігі Тəуелдік жəне көптік категориялары.  

Қазақ  тілінде  көптік  категориясы  жəне  көптік  жалғау  категориясы  деген  ұғымдар 
бар. Ол ұғымдар бір-бірімен тең емес. Көптік категориясы деген жалпы да, көптік жалғау 
категориясы деген ұғым жалқы болып келеді. 
Қазақ тілінде көптік категориясы үш түрлі тəсіл арқылы беріледі. Ал көптік жалғау 
категориясы    осы  көптік  категориясының  берілуінің  бір  жолы  ғана.  Яғни,  көптік  жалғау 
категориясы көптік категориясының құрамына кіреді. 
Көптік  категориясы  үш  түрлі  тəсілмен  беріледі:  лексикалық  тəсіл  арқылы, 
синтетикалық тəсіл арқылы (морфологиялық), аналитикалық тəсіл арқылы (синтаксистік). 
1.  Лексикалық  тəсіл.  Кейбір  сөздер  ешқандай  қосымшасыз,  жеке  тұрып-ақ,  өзінің 
мағынасымен  көптік  ұғымды  білдіре  алады.  Мысалы:  тұз,  ұн,  сүт,  шөп,  арпа,  бидай, 
алданыш,  ізгілік,  тары,  ақыл,  достық,  қуаныш,  жалқаулық  т.б.  Яғни,  сөздің  лексикалық 
мағынасы арқылы көптік ұғымның берілуін лексикалық тəсіл деп атайды. 
2.Аналитикалық  тəсіл.  Зат  есімдер  сан  есімдердің  есептік,  болжалдық  түрімен, 
сондай-ақ көп, аз, əлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар секілді сөздермен тіркесіп келіп те 
көптік ұғымда беріле алады. Мысалы: көп адам, екі адам, бірнеше адам, қыруар адам т.б. 
Көптік  ұғым  сөздердің  қосарлануы  арқылы  да  беріледі.  Мысалы:  бала-шаға,  кемпі-
шал,  жігіт-жеоең  т.б.  Бұл  тəсіл  көптік  ұғымнан  гөрі  жинақтауу,  жалпылау,  топтау 
ұғымдарын береді. 
3.Синтетикалық  тəсіл.  Көптік  ұғым  қазіргі  қазақ  тілінде  морфологиялық  тəсіл 
арқылы  жиі  беріледі.  Көптік  мағынасын  беретін  қосымшалардың  қазақ  тілінде  үш  түрі 
кездеседі: 
1) –ыз, -із, -з формасы. 
2) –к,-қ формасы. 
3)-дар, -дер, -тар, -тер, -лар, -лер формасы. 
 
1. –ыз, -із, -з формасы туралы. Бұл форма тілімізде көне заманнан қалған сарқыншақ 
форма  ретінде,  бірен-саран  сөздерде  ғана  ұшырасады.  Мысалы:  біз,  сіз  деген  жіктеу 
есімдіктерінің  құрамында  –ағы,-з  формасы  көптік  мағынаны  беріп  тұрған  форма.  Ол 
форма  көнеленіп,  түбірдің  бөлінбейтін  бөлшегіне  айналған.  Бұл  форма  қазақ  тілінде  біз, 
сіз  көз,  егіз  деген  жіктеу  есімдіктерінің  құрамында  –ағы,  -з  формасы  көптік  мағынаны 
беріп  тұрған  форма.  Ол  форма  көнеленіп,  түбірдің  бөлінбейтін  бөлшегіне  айналған.  Бұл 
форма қазақ тілінде біз, сіз, көз, егіз деген сөздердің құрамында ғана кездеседі. Ғалымдар 
бұл  қосымшаны  екеу,  жұп  деген  түсінікті  беруде  пайдаланатын  форма  деп  есептейді. 
Көбінесе,  екеу  болып  келетін  заттардың  (дене  мүшелерінің)  аттарына  қосылып  берілген 
деп топшылайды. 
Қазақ  тілінде  бұл  формаға  омонимдес,  тəуелдік  жалғаудың  сыпайы  түрінің  2  жағы 
болып  келетін  форма  да  бар:  -ің,  -із,  -ың,  -ыз,  -ң-із,  -ң-ыз.  Алайда,  бұл  қосымшаның 
мағынасы да, қызметі де басқа. 
2.  –к,  -қ  формасы  туралы.  Етістіктің  ашық  райының  жедел  өткен  шағынан  кейін, 
бұйрық  райынан  кейін,  шартты  райынан  кейін  1  жақтың  көпше  түрінде  –К,-Қ  деген 
формалар жалғанады. Мысалы: айт-ты-қ, айт-ай-ық, айт-са-қ; кел-ді-к, кел-ейі-к, кел-се-к 
т.б. Бұл форма да ерте заманда көптік мағынаны білдірсе керек. 
3. –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формасы туралы. Қазақ тіл білімінде бұл форманы 
заңды  түрде  көптік  жалғаулары  деп  атайды.Бұл  форма  тілімізде,  негізінен  зат  есімдерге, 
есімдіктерге  жəне  субстантивтенген  басқа  да  сөз  таптарына,  етістіктің  жіктелетін 
формасының 2 жақтарына жалғанып, көптік мағынаны білдіреді. 
Көптік 
жалғауларының 
беретін 
семантикалық 
мағынасы 
да, 
атқаратын 
стилистикалық  қызметі де сан алуан. Солардың кейбіріне тоқталайық: 
1.  Зат  есімдерге  жалғанып  көптік  мағынасын  білдіреді.  Көптік  мағына  сандық 
ұғымды білдірмейді, əрі нақты болмайды. Тек жалпы түрде ғана  көптік ұғымды білдіреді. 
2.  Сын  есімдерге  ,  есімшелерге  жалғанған  кезде  сол  сөз  таптарын  зат  есімге 
айналдырады, əрі көптік мағынасын үстейді. Мыс: жақсылар, келгендер т.б. 

3.  Сан  есімдерге  жалғанған  кезде  мөлшер  не  болжал  мағынасын  береді.  Мыс:  Мен 
сағат  бестерде ораламын. 
4.  Көптік  жалғаулары  зат  есімдерге  жалғанып,  көптік  мағынасын  емес,  топтау, 
жинақтау мағынасын да бере алады. 
5.  Көптік  жалғаулары  сан  жағынан  бөлшектеп  көрсетуге  келмейтін  бір  текті 
нəрселердің жиынтығын білдіретін атауларға жалғанғанда олар заттың көптігін ғана емес, 
оның  түрінің,  сортының  да  əр  түрлі  екенін  білдіреді.  Мыс:  нандар,  тəттілер  т.б.  Көптік 
жалғаулары  көп  адамға  ортақ  бола  алатын  заттардың  атауларына  жалғанып,  сол  сөздің 
бірнеше адамға ортақтығын білдіреді. Мыс: Əкелерін қатты сағынды. 
6. Көптік жалғаулары орын, мекен атауларына жалғанып, сол сөзге «сол жақ»,  «сол 
маңдай» деген сияқты тұспалмау реңін жамайды. Мыс: Абай өз пəтерлерінен екі-үш көше 
ұзап кетіп еді. 
7.  Мезгіл  атауларына  жалғанып  та  тұспалдау,  шамалау  мағынасын  береді.  Мыс: 
Кешелер, ертеңдер, қыстың орталарында, марттың бастарында т.б. 
8. Көптік жалғауларын керек етпейтін, зат есімдер тобы жалқы есімдер. Бірақ, көптік 
жалғаулары жалқы есімдерге де жалғанып келе алады. Ондайда көптік жалғауы «сол кісі» 
жəне «басқалар» деген түсінікті береді. Мыс: Əкемдер үйге кірді. 
9. Көптік жалғаулары көмекші сөздер мен модель сөздерге де жалғанып келе алады. 
Ондай  кезде  к.ж-ры  бүтін  тіркестің  ең  соңғы  сөзіне  ғана  жалғанады.  Мыс:  Нұржан  мен 
Еркін сияқтылар көбейіп келеді. Көлігі барлар көше бастады. 
10.  Көптік  жалғаулары  даралап  санауға  болмайтын,  көптік  формада  жұмсалмайтын 
сөздерге  жалғанған  кезде,  ол  сөздер  өз  мағынасында  емес,  ауыспалы  мағынада 
қолданылады. Мыс: сақалдар, мұрттар, ішіктер, шаштар т.с.с. 
 
3.Көптік жалғауларының қолданылуының да өзіндік кейбір ерекшеліктері бар. Мыс: 
сөйлемнің біріңғай мүшелеріне көптік жалғаулары екі түрлі сипатта жалған алады. 
1. а) көптік жалғаулары біріңғай мүшелердің əрқайсысына түсірілмей жалғанады. Ол 
соңғы күндері көбінесе домбыра алып , мөлдір күйлер, сұлу əндер тартушы еді. (М.Ə) 
    б)  көптік  жалғаулары  біріңғай  мүшелердің  тек  ең  соңғысына  ғана  жалғанып, 
алдыңғыларына  жалғанбайды.  Мыс:  Тымақбайдың  артынан  Жүсіп,  Қадырберген, 
Жақыптар сөз алып сөйледі. (Б.М.) 
2.  Бастауыш  жіктеу  есімдігінің  2  жағының  анайы,  сыпайы  түрінің  көптік 
формасында  тұрса,  онда  баяндауыштар  да  көптік  формасын  қабылдап  қиысып  тұрады. 
Мыс: Сендер бүгін келіңдер т.б. 
3.  Бір  сөзге  бірнеше  жалғау  қабаттасып  жалғанған  кезде  түбірге  көптік  жалғаулары 
бірінші  болып  жалғанады.  Бірақ  кейбір  стилистикалық  мақсатта  қолдануда  көптік 
жалғауы  бірде  тəуелдік  жалғауынан  кейін,  бірде  алдында  келуі  мүмкін.  Ондайда  əр 
қолданыстың  өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Мыс:  апаларым  көптік  мағынасын  беріп  тұр 
да, апамдар-апам жəне басқалар деген ұғымды беріп тұр. 
Зат есімге тəн категориялардың бірі – тəуелділік. Тəуелділік категориясы деп белгілі 
бір заттың кімнің меншігі екендігін білдіретін грамматикалық категорияны айтамыз. 
 
Қазақ тілінде тəуелдік категориясы үш түрлі тəсіл арқылы беріледі: 
1.  Аналитикалық тəсіл арқылы, 
2.  Аралас тəсіл арқылы (морфология-синтаксис) 
     3. Синтетикалық тəсіл арқылы. 
 
Дəріс – 6.  
Тақырыбы: Зат есім.  
Зат есімнің лексика–грамматикалық топтары, ерекшеліктері.  
Зат есімнің морфологиялық сипаты.  
Зат есімнің жасалу жолдары.   

Тіл  білімінде  ерте  кезден  бастап  сөздерді  атаушы  немесе  негізгі  сөздер,  көмекші 
сөздер жəне одағай сөздер деп əр түрлі топтарға бөлу дағдысы қалыптасқан. 
Сөз таптарын анықтау əрі тілдің құрылымының, əрі сөздің құрылымының теориялық 
та,  практикалық  та  мəселелерін  терең,  жете  зерттеу  үшін  өте  керек.  Сондықтан  сөздерді 
лексика-грамматикалық сыр-сипатын айқындау грамматиканың ең негізгі мəселесі болып 
табылады. 
Атаушы  сөздер  қатарына  заттар  мен  құбылыстардың,  сапа  белгілердің,  іс-əрекеттің 
атаулары  болатын  толық  лексикалық  мағынасы  бар  сөздер  жатады.  Атаушы  сөздер, 
өздеріне  тəн  дербес  мағыналары  болатындықтан,  адамның  қатынас  құралына  негізгі 
арқау,  яғни  тіреу  есебінде  қызмет  етеді.  Сондықтан  оларды  кейде  негізгі  сөздер  деп  те 
атайды. 
Көмекші  сөздерде  атаушы  сөздердегідей  дербестік  болмайды.  Лексикалық 
мағыналарының  əлсіреп  күңгірттенуі  жəне  ондай  мағынаның  грамматикалық  мағынамен 
ұласып  кетуі,  сөйлемде  дербес  мүше  бола  алмауы  көмекші  сөздерді  сипаттайтын  жəне 
оларды атаушы сөздерден ажырататын белгілер болып табылады. Тіл білімінің тарихында 
сөз таптарының табиғаты туралы əр түрлі көзқарастар мен байымдаулар бар. Олардың бірі 
бойынша,  сөз  таптары  лексика-грамматикалық  категория  болып  саналса,  екіншісі 
бойынша  сөз  таптары  формальдыграмматикалық  категория,  ал  үшінші  бір  көзқарас 
бойынша, сөз таптары сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады. 
Сөз таптарының табиғатын толық тану үшін əрқайсысына жеке-жеке тоқталып өткен 
дұрыс. 
Енді  осы  пікірлердің  əрқайсысына  тоқталып  өтейік.  Сөз  таптарын  лексика-
грамматикалық  категорияға  жатқызатындар  сөздер  өзіне  тəн  белгілері,  атап  айтқанда, 
семантикалық,  морфологиялық,  синтаксистік  белгілері  бойынша  топталып,  соған  сəйкес 
белгілі бі сөз табына телінеді деп түсіндіреді. 
Бұл  пікірді  көпшілік  белгілі  ғалымдар  мақұлдайды.  Мысалы:  орыс  тілінің  көрнекті 
маманы  А.А.  Шахматовтың  пікірі  бойынша,  əрбір  сөз  табы  сөздің  негізгі  лексикалық 
мағынасы 
мен 
оған 
қосымша 
грамматикалық 
ұғымдардың, 
граммматикалық 
категориялардың  жиынтығынан  құралады.  Зат  есімдерге  заттың  атауы  мағынасы  жəне 
жекеше-көпшелік,  септік,  тəуелдік  мағыналары  тəн.  Ал,  етістіктерге  қимылдың  атауы 
болатын лексикалық мағына мен грамматикалық мағына болып саналатын болымсыздық, 
етіс, шақ, жақ т.б. мағыналар тəн болып келеді. 
Орыс тіл білімінде сөз таптарын формальды-грамматикалық категория деп санайтын 
пікірді  қуаттайтын  ғалымдар  қатарында  акад.  В.В.Виноградов  та  бар.  Бұл  ғалымдардың 
осы пікірі сайып келгенде И.А.Бодуен де Куртенэ мен Л.В.Щербаның сөз таптары туралы 
көзқарасына барып тіреледі. 
Акад. И.И.Мещанинов та сөз табын сөздердің мағыналары мен формаларының өзара 
ұштасуы деп қарайды. Осы пікірді Н.С.Поспелов та қолданды. 
Сөз  таптарын  грамматикалық  категория  деп  қарайтын  ғалымдар  да  бар.  Олардың 
қатарына  О.П.Суникті,  А.А.Реформатскииді  жатқыызуға  болады.  Суник  сөз  таптарын 
ажыратуда  негізге  алынатын  белгі  лексикалық  мағына  емес,  əр  сөз  табына  тəн  жалпы 
грамматикалық мағына деп санайды. Оның пікірінше, заттылық зат есімге тəн, оны басқа 
сөз  таптарынан  ажырататын  басты,  жалпы  грамматикалық  мағына  болып  саналады.  Ал 
жалпы  грамматикалық  мағына  сол  сөз  табының  лексикалық  мағыналарында  да, 
синтаксистік қызметінде де көрінеді дейді. 
Осындай пікір А.А.Реформатскийдің еңбектерінде де көрініс табады. 
Біздің байқауымызша, сөз таптарын лексика-грамматикалық категория деп санайтын 
пікір, ғылыми жағынан құнды сияқты көрінеді. 
Сонымен, сөз таптарын бір-бірінен тек грамматикалық ерекшеліктері жағынан емес, 
сондай-ақ  лексикалық  мағынасы  жағынан  ерекшеліктерін  ескере  отырып  ажырату  керек 
деген бір топ ғалымдардың /басым көпшілігінің/ пікірін дұрыс деп есептеуге болады. 

Орыс  пікірдің  негізінде,  қазақ  тіліндегі  сөзқдерді  топтастырудың  принциптеері 
туралы мəселеге көшуге болады. Тілдегі барлық сөздерді атаушы сөздер, көмекші сөздер 
жəне одағай сөздер деп бөлуде бір-біріне таяныш болатын тірек- семантикалық белгі. Осы 
семантиккалық белгі сол сөздерді одан əрі іштей топтастыруға да бірден-бір сенімді тірек 
болады. 
Тілдегі барлық сөздерді топтастырғанда мынадай екі принципті басшылыққа аламыз: 
1.  Барлық  топтастыратын  сөздер  сөздік  құрамға  енеді.  Қай  сөз  табына  енсе  де, 
сөздердің лексикалық жағы ескерілуі керек. Ал, сөздің лексикалық жағын ескеру деген сөз 
олардың семантикалық жақтарын еске алу дегенмен бірдей. Сондықтан, əрбір сөз табына 
енетін сөз лексика-семантикалық тұрғыдан қарастырылуы тиіс. 
2.  Сөздерді  грамматикалық  жағынан  топтастыру,  олардың  түрлену,  өзгеру  жүйесін, 
сөздердің  тіркесу  мүмкіншіліктерін,  сөйлемдегі  синтаксистік  қызметін,  тағы  басқа  осы 
сияқты  мəселелерді  анықтау  тəрізді  міндетке  бағытталу  керек.  Бұл  принциптер  тікелей 
грамматикада  қарастырылатын  мəселелер.  Ендеше,  қандай  болмасын  сөздің,  сөз  табына 
топтастырылғанда, грамматикалық жақтары ескерілуі керек. 
Міне,  сөздерді  топтастыру  принциптері  дегеніміз-  осылар.  Яғни,  тілдегі  сөздер  сөз 
табына  топтастырылғанда  екі  белгісіне  қарай  басшылыққа  алынып  айырылады:  лексика-
семантикалық жағы жəне грамматикалық /морфологиялық жəне синтаксистік/ жағы. 
Осы  принциптен  сөз  табы  деген  ұғым  лексика-грамматикалық  деген  қосарланған 
компоненттердің жиынтығы деген түсінікке алып келеді. 
СӨЗ  ТАБЫ  деп  жалпы  лексика-грамматикалық  сипаттары  мен  белгілері  бəріне 
бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз. 
Қазқ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатынасын анықтау процесінде осы үш 
белгіні  бəрін  іздеп  /яғни,  лексика-сематикалық,  морфологиялық  жəне  синтаксистік/,  осы 
жоғарыдағы  принципке  үнемі  сүйенудің  қажеті  жоқ.  Себебі,  кейбір  сөздерден  осы  үш 
белгінің бəрі бірдей табыла бермейді. Сондықтан, осы екі принциптің немесе үш белгінің 
бірін ғана басшылыққа алып, өзгелерін көмекші принцип ретінде, тіпті кейде қолдануға да 
болады. 
Мысалы,  одағай  сөздерді  анықтауда  оның  морфологиялық  белгісін  іздеудің  тіпті 
қажеті  жоқ  сияқты.  Немесе  көмекші  сөздерді  соның  ішінде  шылауларды  анықтауда 
олардың  семантикасын,  сөзбен,  сөйлеммен  тіркесу  ерекшеліктерін  ған  негізге  алып, 
морфологиялық  белгісін  іздеудің  қажеті  жоқ  секілді.  Ал,  кейде  екі  белгінің  бірін  ғана 
басшылыққа  алу,  яғни  таңдау  кезі  де  келіп  қалатын  уақыты    болды.Мысалы,  тілімізде 
омоним  сөздер  көп  кездесіп  отыратыны  кім-кімге  де  белгілі  жəй.  Ондай  кезде  сөзді 
анықтайтын басты белгі оның мағынасы, яғни семантикасы болмақ. 
Мысалы,  Қаратаудың  басынан  көш  келеді,  көшкен  сайын  бір  тайлақ  бос  келеді. 
Тойға  барсаң  тойып  бар,  деген  халық  арасына  кең  тараған  екі  сөйлемді  алайық.  Осы 
сөйлемдерде  бір-бірімен  омонимдес  көш-көшкен,  тойға-тойып  сияқты  сөздер  бар. 
Əрқайсысы əр сөз табына жатады. Оны біз өте оңай ажырата аламыз. Себебі, əр сөз тек өзі 
жататын сөз табының грамматикалық категориясын қабылдап, түрленіп тұр. 
Екінші мысал, Бөлмеге жарық түсті. Ол жарық бөлме. Түйеге ауыр тең буылған.Тең 
құрбының алды бол. Осы сөйлемдердегі тең, жарық сөздері бірде зат есім, енді бірде сын 
есім болып тұр. Оны біз мағынасынан, əсіресе семантикалық белгісінен ажырата аламыз. 
Үшінші мысал, 1. Хасеннің басынан қалпағы ұшып түсті. 
   
 
    2. Қаратаудың басынан көш келеді. 
   
 
    3. Жұмысты басынан осылай ұйымдастыруы керек еді. 
Осы  сөйлемдерде  үш  басынан  деген  сөз  бар.  Бір  жағынан,  олардың  арасында  мағына 
байланысы  бар  секілді.  Тереңірек  анализ  жасап  көрелік.  1-  сөйлемде  басынан  сөзі  өзінің 
тура  мағынасында  қолданылып  тұр.  2-сөйлемде  мағынасы  солғылданып,  дербес  сөйлем 
мүшесі  болмай,  күрделі  мүшенің  сыңары  болып  тұр.  Яғни,  осы  сөйлемдегі  басынан  сөзі 
зат  есімнен  көмекші  есімге  айналған.  Ал,  3-сөйлемдегі  осы  сөз  лексикалық  мағынасы 
жағынан, қызметі жағынан да өзгеріп, тіпті басқа сөз табына,                   


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет