Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау



Дата27.09.2023
өлшемі3,37 Mb.
#110500
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Ж. Артықбаев


Академик Е.А. Бөкетов атындағы университет

Филология факультеті “Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау” білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенті Ахметова Айна Жарқынқызы.


Фольклорлық іс-тәжірибе
Жамбыл Артықбаев туған ауылым Бұқар Жырау ауданы,Жаңақала ауылынан шыққан жерлесім,тарихшы,оқытушы,доцент,профессор. Жамбыл Омарұлының тарих саласына сіңірген еңбегі өте мол. Ол кісінің жеке тұлғасына шолу жасап өттім.
Жамбыл Омарұлы Артықбаев (20.8.1959 жылы туған, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Жаңақала ауылы) – тарих ғылымдарының докторы (1997), профессор (2001).
Қарағанды мемлекет университетінің тарих факультетін (1984) және Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтының аспирантурасын бітірген. Қарағанды мемлекет университетінің тарих факультетінде оқытушы, доцент, декан, профессоры (1984–2001). 1997 жылдан осында кафедра және лаборатория меңгерушісі. Павлодар мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (2003–08), 2008 жылы Астана қаласындағы Мемлекет тарихы ғылым-зерттеу институты директорының орынбасары болып қызмет атқарды. «ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылым еңбектері 15–19 ғасырлардағы қазақ қоғамының этноәлеумет мәселелерін зерттеуге арналған.
Артықбаев Қазақстан тарихы мәселелерін қарастыратын бірқатар кітаптар мен оқулықтардың («Этносоциальная структура казахов Северо-Центрального Казахстана во второй половине 19 в.», 1989; «История Казахстана в 19 в.», 1992; «Бухар жырау. Двенадцать историй», 1994; «Этносоциальная структура казахского общества в 18 в.», 1997; «Казахское общество в 19 в.: традиции и инновации», 1993; «История Казахстана», 1999; «Сарыарка – колыбель степной цивилизации», 1999; «Этнология и этнография», 2001; «Казахское общество: традиции и инновации», 2003) авторы.


Жамбыл Артықбаевті танып білу үшін ол кісінің сұхбатын көрген болатынмын. Сол сұхбатта тілші мынадай сұрақ қояды:
- Жамбыл аға, сіздің толып жатқан кітаптарыңыз бар екенін білеміз. Оның ішінде тарих, археология, этнография, топонимия, әдет-ғұрып заңдары тағы басқа тақырыптарға арналған ғылыми монографиялар, оқулықтар, көркем шығармалар бар, тіпті драматургия саласына да араластыңыз. Сізді оқырманға ғылымның қай саласының маманы деп таныстырсақ? 
Осы сұраққа Жамбыл Артықбаев былай деп жауап берген болатын:
-Тарихшы деп таныстырған жөн. Шын мә­нінде, мен археологияны да, этно­гра­фия­ны да, ғылымның басқа түрлерін де та­рихтың қол балалары есебінде, өткен за­ман­ның қойнауынан, халықтың жа­ды­нан, тілінен, әдет-ғұрып заңдарынан, жер-су атау­ларынан т.б. керек деректі алуға пай­да­ланамын. Маркстің бір сөзі бар еді, ұмыт­пасам, «дүниеде бір ғана ғылым бар, ол - тарих» деген, мен сол ғұламаның сөзі­не қосыламын.
Т

өменде Жамбыл Омарұлының біраз еңбектері берілген:




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет