«ИБАШ ЖАНБОЛАТОВА АТЫНДАҒЫ №15 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША 5-11 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН КҮНТІЗБЕЛІК -ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 192-қосымша Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер: Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
"Қазақ тілі" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану; 2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу; 3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
2-тарау. "Қазақ тілі" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. Қазақ тілі" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат
1) 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.