Сабаққа өзіндік талдау жасау



Дата28.03.2023
өлшемі25,14 Kb.
#76678
түріСабақ
Байланысты:
Баука өзіндік талдау



«Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Бекишев Бауыржан Ерназарович


Сабаққа өзіндік талдау жасау

Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, «Мұғалім-мектеп жүрегі» деп Ы.Алтынсарин айтқандай мектептің басты тұлғасы, «жүрегі» – мұғалім. Мұғалім жүрегі қалай соқса мектептегі білім мен тәрбие берудегі ізденіс те оқушыларға беретін білім сапасы да солай болмақ..


Мен 5-7 сыныптарға дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп келемін. Оқушылардың сабаққа деген талпыныстары, қызығушылықтары жақсы. Жауапкершіліктері мол.
Сабақты бастамас бұрын Ұйымдастыру кезеңіне назар аударамын: Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, мотивациялау мақсатында «Жүректен-жүрекке» тренингін жүргіздім және құрал-жабдықтар мен көрнекіліктердің дайындығын қарастырдым.Қызығушылығын ояту, сабақ тақырыбын ашу мақсатында этнопедагогиканы қолдандым. Оқушыларды сабақтағы жетістік критерийлерімен таныстырдым.
Жаңа әдістерді пайдалану арқылы жоспарланған сабақтарымда оқушылардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін, сабақта не білгілері келетіндерін ғана анықтап қоймай, қалай, қандай жолмен білгілері келетіндерін, сынып деңгейін, сыныптың қажеттілігін анықтап алдым.
Қазіргі заман талаптарына сай шымырда шыныққан азамат тәрбиелеу талабы қойылып отыр. Адам денесінің жетілуі-оның денсаулығы. «Егер дені сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек»,-деген Әл-Фараби. Бұл талапты орындауда ақыл ой ұшқырлығы мен еңбекке қабілеттілігін тәрбиелеуде, жеке тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің мәні зор.
Дене тәбиесінің мақсаты оқушы жастарды жан-жақты дамытып, тәрбиелеу, білім беру және сауықтыру болып табылғандықтан дене тшынықтыру сабақтарында жеке тұлғаны қалыптасыру үшін мынадай әдіс тәсілдерді қолдандым. 
1.Қимыл ойындары.
2.Ой спорттары.
3.Дене жаттығулары.
Қимыл ойындары дене тәрбиесі пәнінің оқу құралы болып табылады. Қимыл ойындарына баскетбол, волейбол, гандбол, футбол тағы осындай ойын түрлері жатады. Бұл ойынды кез -келген дені сау ер бала мен, қыз баланың аса қызығушылықпен ойнады.
Бұл ойындарды ойнай отырып, көптеген дене жетістіктеріне жетуге болады. Денені қалыпты сақтап, артық салмақты қуалау, бойдың еркін өсуі, сезім мүшелерінің қалыпты дамуы, адам ағзасының қалыптасуы, сонымен қатар денені ептілікке, жылдамдыққа, қырағылыққа, икемділікке баули отырып, салауатты өмір салтын құра алатындай жетістіктерге септігін тигізері сөзсіз. Бұл қимыл ойындарын ойнап, дені сау бала дене қасиеттерін дамытып, денесі жарымжан балалардың түзеліп кетуі әбден мүмкін. 
Ал, ой спорты дегеніміз-ол дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары. Бұл ойындар көбінесе мектептен тыс дене тәрбиесі секцияларында жүргіздім. Бұл ойындардың да оқушыларыма тиер жақсы әсерлері мол. Бұл ойындарды ойнап жалпы ми қабатын демалдырып ақыл-ес кеңейіп, шатаспауға, ойлануға жылдам әрі дұрыс шешім шығаруға сенімділікке тәрбиелеуде маңызы мол. Дене жаттығулары дегеніміз-ол жалпы дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын белтемірге тартылу, орыннан ұзындыққа секіру, шалқалап жатып денені көтеру, жалпы президенттік сынамалар да дене жаттығулары аталуына саналады. Таңғы жаттығулардың тиімділігі жоғары, ұйқыны ашып, адамды сергітіп, еңбекке деген қүштарлық пен таңғы асқа деген даярлық деуге болады. Жалпы дене жаттығулары адам денесінің бұлшық еттерін жетілдіріп, дамытып оқушы жастарға денсаулығын дамытуда секіруге, жүгіруге сондай-ақ әр алуан дене жаттығуларын орындауда керегі мол. Қимыл ойындары мен дене жаттығуларын оқушылардын денсаулығына, жасына,жынысына,дене қабілетінің мүмкіншіліктеріне қарай жаттықтырған жөн. Әрбір жаттығуды мұғалім өзі жасап көрсетіп оқушыларға жетік меңгере алғанынша түсіндіргені жөн жене әрбір жаттығуды өз ережесіне сай орындап отыруға әдеттендіруді міндетке қою.Оқушылардың дене дайындығы, қимыл-қозғалыстарды меңгеру дәрежелері біркелкі еместігімен қатар қызығуы мен білім денгейлері әр түрлі болып келеді. Оқушылар санының аздығына байланысты дене жаттығуларын, ойындарды ұйымдастырудағы өзіндік ерекшеліктері бар. Ойын барысындағы қимыл қозғалыстарының үнемі бақылауын қажет етеді.
Мектептегі іс-тәжірибемнен байқағаным, оқушылар үшін бағалаудың маңызы зор екендігі мұғалімдерге арналған нұсқаулықта берілген анықтамада: «бағалау - одан арғы білім алу үшін шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин» десе, латын тілінен аударғанда жақын отыру деген мағынаны береді екен,яғни бір адам басқа бір адамның не айтып не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында болып табылады делінген. Менің ойымша дұп-дұрыс берілген анықтама екен. Яғни балалар бірін-бірі өзара, топтық бағалауда бірінің іс-әрекетін қадағалап отырды .Осыған дейін сыныпта мен тек қана 5-6 оқушыны бағалаған болсам, ал қазір бір сабағымда сыныпты өзін-өзі бағалау арқылы түгел бағалап, топтар бірін-бірі өзара бағалайды. Сыныптағы тұйық, көп сөйлемейтін оқушылар да белсенділік танытатындай діәрежеге қол жеткіздік. Ең бірінші сабақтарымда өзін-өзі бағалау, өзара бағалау тәсілдерін қолданған кезде оқушылардың арасынан жалған көтерме баға қою байқалды. Бірақта бағалау шынайы болу керек екендігі айтылып, ескерткеннен кейін нәтижесін бере бастады. Ал құнды пікірлерді қол шапалақтаулар бойынша, немесе «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Тамаша» деген ынталандыру сөздері бойынша бағаладым. Осы жерде байқағаным үлкен сыныптың оқушылары болса да жылы сөздің өзі қанат бітіргендей болады.
Таңдалып алынған көрнекілік құралдар проблемалық оқыту талаптарына сай болды. Қолданылған әдістер және жұмыс түрлері сабақ міндеттеріне сай болды, дұрыс үйлестірілді.
Келесі сабақтарда оқушылардың білімінің маңызды даму деңгейі мен кезекті даму аумағын есепке алуым қажет. Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеттерді нақтылай түсуім қажет.
Қазіргі сабақтарыма енгізген жаңалығым өте көп болды. Бұрынғы уақыттарда дәстүрлі сабақ кезінде оқушыларға тек қана дайын білім беріліп, оқушылар тыңдаушы болып, ал біз, яғни мұғалімдер сабақтағы уақыттың басым бөлігін өзіміз жаңа сабақ жайлы ақпарат беруге пайдаланатын болсақ қазір оқушының өзінің ізденуіне көп мүмкіндіктер бере алатын болдым.
Сабақтарымда жаңа тәсілдерді қолданып, оқушыға өз бетінше білім алу, ізденіс жұмыстарын жүргізу, сыни тұрғыда ойланып, пікірлерін еркін жеткізе білуге қолымнан келгенше дағдыландырдым деген қорытындыға келдім. Білімімді жетілдіргеннен кейін мен сабақты түрлі формада ұйымдастыра білуді, оқушыларды критерий арқылы бағалауды, айналаға сыни көзқараспен қарауды және оқушыға еркіндік бере отырып, пікірлерін тыңдай білуді және өз іс-әрекеттерімді сыни тұрғыда бағалауға үйрендім.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет