Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Темиркулова Мадина



Дата21.12.2023
өлшемі75,63 Kb.
#142319

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Темиркулова Мадина
Менің соңғы оқыған кітабым
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы
Жазушы «Ақбілек» романында- қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен ақ әскерлер әрекеті көрініс табады. Роман шынайы өмірден алынған оқиғалардан құрылған. Романда ескі ортадағы таптық тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Ақбілектің басынан өткен оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылының өмір шындығын, адамдардың қилы тағдырын кең бейнелейді. Сол кезеңдегі әлеуметтік теңсіздік пен қазақ әйелінің трагедиялық тағдыры суреттелген роман.
Шығарма Алтай өңірі, Марқакөл, Күршім маңайының тамаша табиғаты мен сол Алтайдың ару қыздарын айтуға тіл жетпейді деп басталуының өзінде бір ерекшелік бар сияқты. Шығарманың басты кейіпкері – Ақбілек қамқор әке мен мейірімді ананың алдында ерке өскен қыз тағдыры. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі сай нағыз қазақ қызы . Бірақ, бұл алаңсыз жастық өмірін түстері суық, ойлары теріс, сол ауылдың Мұқаш деген адамымен бірге орыстың төрт атты әскерлері бұзған еді. Олар бейбіт ауыл мен елдің тынышытығын алды. Бай, дәулетті Мамырбайдың отбасының ойранын түсіріп, орны толмас өкінішке қалдырды. Оның бәйбішесін атып, «жас бүлдіршіні, жалғыз қызы- Ақбілекті» ойбайлатып алып кетеді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын, ешкімнің басына салмасын. Дәл осы сәттен бастап, Ақбілектің өмірінің астан-кестені шығады. Бұл – бай қызының ес білгелі кездеспеген кедергісі, түсі суық жат адамдардың әрекеттеріне алғаш тап болуы еді. Орыс әскерлерінен қатты қорықты. Оның жанын түсінетін ешкім болмады Ақбілек қанша қашуға әрекет жасаса да, оны көзден таса етпей отырған әскерлер жол бермеді. Азап–қорлыққа, жантүршігерлік толы өмір енді басталды. Бұрын еркек атаулыға қарсы келмек тұрмақ, тікелей қарамаған, он екі жастағы он гүлінен бір гүлі ашылмаған- Ақбілек енді содырлы топтың ортасына түсті. Отбасынан алыстап, байлығын тонатып, жанын шүберекке түйген, тілі, діні бөлек орыс, ақ солдаттары Ақбілекті жабылып қорламақ та болады. Осы кезде оны қара мұртты офицер құтқарып қалып, оны озінің әйелі етеді. Бірақ Ақбілек ертеңгі күнге деген сенімін жоғалтпады. Біраз күннен соң Ақбілек тәні кірлеп, жаны жүдеп көшкен орыстың жұртында жалғыз қалады. Жалғыздығына өкінген жоқ. Орыстың оғынан өлгенше, құлызыған далада тентіреп өлгенін артық көрді. Жасағаннан орыстардан құтылғанына шүкіршілік білдірді. Бұдан соң біз Ақбілекті қосын қоршаған аш қасқырлардың қамауында қалғанын көреміз. Осы кезде Ақбілек тез ес жиып, деру от басындағы тезекті, шөпшекті тұтатып жағып жібереді. Ақбілек от тәңірге сиынып, таң атқанша маздатып от жағып жаны аман қалады. Бірақ ауылына келген соң ел арасындағы өсек-аяң, әкесінің өзінен қашқақтап жүруі, бұрынғы ғашығы Бекболаттың сырт айналуы жан жарасын одан сайын қоздырады. Ауылдағы Ұрқия атты жеңгесі Ақбілекке тілеулес болып, оның қиындыққа төтеп беруіне көмекші болды. Ақбілектің ұлын аман алып қалған да осы жеңгесі.
Ел көзіне көріне алмай күлкі болған Ақбілекті ағасы қалаға әкетіп, білім алуына, адам қатарына қосылуына көп септігін тигізеді. Балташ есімді оқыған, көзі ашық жар тауып, бақытты өмірге қадам басады. Ең негізгісі, ол ертеңгі күнге сенімін жоғалтпады, жақсы, қайырымды жандарға жолығармын деген үміті ақталды. Ақбілек» романы – халқымыздың өткен өмірі мен тарихын, қазақ қызы мен әйелінің тағдырын кең көлемде суреттеген өнегелі шығарма.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Темиркулова М.С

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет