«Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану» «Lesson study»



бет1/3
Дата14.10.2023
өлшемі22,03 Kb.
#113781
түріСабақ
  1   2   3

«Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану»
«Lesson study» 5 «В» сыныбында жүргізілді. Топ жетекшісі тарих пәні мұғалімі А.Смагулова және мүшелері: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Мақұлбекова, тарих пәні мұғалімі Ж.Мукашева, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Бекбулатова.
Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімде пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.
Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. (Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. Астана,2012) 
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.
Lesson Study зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.

  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.

  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.

  • Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.

  • Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

  • Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.

  • Оқушының оқуы жақсарады.

  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.

  • Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.



Бірінші Lesson Study- ды жоспарлау


Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын Мақұлбекова Д (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Мукашева Ж (тарих пәні мұғалімі), Бекбулатова А (ағылшын тілі пәні мұғалімі) сияқты мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбы бойынша 5 «В» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 17 оқушы. 8 ер бала, 9 қыз бала. Сыныпта оқу озаты-2, оқу екпіндісі - 9. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші –65 % құрайды. Сыныптың білім деңгейі мен сыныптың белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі орташа. Сондықтан осы сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алғандағы мақсатымыз - диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.
Aлексaндер (2004) оқытудaғы әңгiмелесу – қaрым-қaтынaс жaсaудың бiрсaрынды үдерiсi емес, керiсiнше, идеялaр екiжaқты бaғыттa жүредi және осының негiзiнде оқушының бiлiм aлу үдерiсi aлғa жылжиды десе, Мерсер (2000) бiлiмдi бiрлесiп aлудa немесе "пiкiр aлмaсу" бaрысындa оқушылaр тең құқылы серiктестер болып тaбылaды деп тұжырымдaйды.
Сонымен қатар біз осы Lesson Study-де « Диалогтік оқытуды жүзеге асыру бағытында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» деген тақырыптағы әдістемені жетілдіруді мақсат етіп алдық. Бұл әдістемені алған мақсатымыз оқушылардың топтық жұмыстағы іс-әрекеттерін зерттеу және диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Lesson Study тәсілінің ережесі бойынша 5 «В» сыныбынан бақылау жүргізуге үш оқушы іріктеп алынған. Олардың деңгейлері әртүрлі Салпеков Олжас - оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, Арыстанбек Сезім - оқу үлгерімінің деңгейі орта, Сарыбай Нұрәлі- оқу үлгерімінің деңгейі төмен оқушылар.
Бірінші сабақ: «Ағылшын тілі» Пән мұғалімі: А.Бекбулатова Тақырыбы : «Music»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет