Құрастырған: Силам Бибигуль , қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, зерттеуші-педагог №24 орта мектебі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні Т2, 8-сынып
ІІ тоқсан
ТЖБ
Оқушының аты-жөні:__________________________________________
Сынып ______________
Айы, күні ___________
Оқу мақсаты :
8.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылы-мын анықтау, кейіпкердің іс- әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру.
8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;
Оқылым
Мәтінді оқыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Оқылым
Еламан теңізге тартты. Түнде жел тұрған ба, таяуда жауға үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты. Сонан бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, маңындағы кісілерді байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір туралы, өзі жөнінде ойлайды. Теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден ерте айырылды. Әкесімен бірге туған ағасы – Есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. Баласыз, жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі жанашырдан – немере іні – Рай. Бірақ ол жас. Өзі сияқты о да әке-шешеден жастай жетім қалды. Қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр. Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Күтпеген жерден қайын атасы
есіне түсіп кетті. Тікбақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз. Отбасына да мазасыз. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге айналдырып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - деп хабар жіберіпті.
1. Балықпен тіршілік етіп жатқан балықшылардың күнделікті күйбең тіршілігі қай жерде өтуде?
А) Балқаш көлінің жағасында
В) Арал теңізі жағасында
С) Каспий теңізі жағасында
Д) Қарасор көлінің жағасында
[1]
2. Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін анықтаңыз.
Ш/Ж
Тұжырымды сөйлемдер
|
Шын/жалған
|
Еламан теңіз жағасында жүріп, тікбақай қайынатасын кездестірді.
|
|
Рай қазір қарт әжесімен бірге өмір сүреді.
|
|
[1]
3. Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.
Мұз ояды ______________________________________ [1]
4. Мәтіннің 1-абзацында қандай мәселе көтеріледі? 1 сөйлеммен жауап беріңіз.
_____________________________________________________________________________ [1]
5. Әңгімедегі кейіпкердің іс-әрекетіне баға беріңіз.
Кейіпкер
|
Іс-әрекеті
|
Бағалаңыз
|
Еламан
|
|
|
[1]
Достарыңызбен бөлісу: |