1. Құмырсқа қандай қателік жасады?
а) достарын сатып кетті
ә) ескі достарымен бірге болды
б) үйінен алысқа кетіп қалды
в) жазда дән жинамады
2. Мәтінде қандай антонимдер бар?
а) қоңыз, ара
ә) жаңа, ескі
б) көмек, жұмыс
в) сұрау, айту
3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Нағыз дос дұшпан болмас
ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
б) Күлме досыңа, келер басыңа.
в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.
4. Нағыз дос қандай сөздерді айтпайды?
а) Бірге көтерген жүк жеңіл.
ә) Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын!
б) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз?
в) Жолдасын тастаған жолда қалар.
5 «құмырсқа» сөзін қай топқа қосуға болады?
а) құстар
ә) балықтар
б) жәндіктер
в) аңдар
Жазылым. «Дос» туралы мақал-мәтелдер жазыңыз.
Айтылым.«Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөзбен келісесің бе? Өз ойыңды ортаға салыңыз.
VІІІ нұсқа
Оқу мақсаты:
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
5.4.2.1эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі
берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп, шағын диалогке қатыса алады;
эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады;
мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі, жалғау түрлерін дұрыс жалғай алады.
Тыңдалым.
Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.
1. Мәтін бойынша, Абай: «Орыс тілі – ... », - дейді.
а) дүниенің рахаты
ә) дүниенің сыры
б) дүниенің кілті
в) дүниенің алтыны
Достарыңызбен бөлісу: |