«Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында эссе жазыңыз
Айтылым.
Отан,туған жер туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.
ІІІ нұсқа
Оқу мақсаты:
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
5.4.2.1эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі
берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп, шағын диалогке қатыса алады;
эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады;
мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі, жалғау түрлерін дұрыс жалғай алады.
Тыңдалым
Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.
1. Абай кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударған?
а) Достоевский, Куприн
ә) Крылов, Лермонтов
б) Пушкин, Есенин
в) Тютчев, Бунин
2. Абай кім?
а) қазақ халқының ұлы ғалымы
ә) қазақ халқының тарихшысы
б) қазақ халқының жазба әдебиетін қалаушы
в) қазақ халқының этнографы
3. Мәтін бойынша, Абай: «Орыс тілі – ... », - дейді.
а) дүниенің рахаты
ә) дүниенің сыры
б) дүниенің кілті
в) дүниенің алтыны
4. Абай шығармалары қашан басылып шықты?
а) 1904 жылы
ә) 1909 жылы
б) 1924 жылы
в) 1945 жылы
5. Абайдың шын аты кім?
а) Мұхамедқанафия
ә) Алауадин
б) ИбраҺим
в) Телқара
Оқылым.
Мәтінді оқы.Берілген тест тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі-бата. Бата ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра. Халқымыздың бата-тілегін бейнелейтін шешендік сөздердің алуан нұсқалары бар.
«Жаңбырмен жер көгерер,батамен ер көгерер» -деп бата туралы айтылған сөздің өзі батаның зор мағынасын білдіреді. Батада ақ ниет, тілек,сәттілік тілеу,береке,ынтымақ, адал еңбек етуге шақыру туралы айтылады.
Батаны ақсақал қария немесе беделді адамдар береді. Бала Жамбыл атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. Жас Дина да ұлы күйші Құрманғазыдан бата алғанын білеміз.Бата-ұлттық дәстүріміз. Ол ұрпақтан - ұрпаққа жалғасатын асыл мұрасы.
Достарыңызбен бөлісу: |