Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары І нұсқа Оқу мақсаты: 5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
5.4.2.1эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі
берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп, шағын диалогке қатыса алады;
эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады;
мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі, жалғау түрлерін дұрыс жалғай алады.
Тыңдалым. Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар. 1. Абай қай шығармасына ән шығарған? а) «Болыс болдым мінеки»
ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
б) «Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Интернатта оқып жүр»
2. Абай неше жасында орыс тілін үйрене бастады? а) 5 жасында
ә) 9 жасында
б) 13 жасында
в) 3 жасында
3. Абай қазақ халқын ... болуға шақырды. а) көңілді
ә) надан
б) мәдениетті
в) малды
4. Абайдың әкесі қандай адам болған? а) күлегеш
ә) қатал
б) жұмсақ
в) ақын
5. Абайға аңыз әңгімелерді кім айтқан? а) Досы Ербол
ә) Әкесі Құнанбай
б) шешесі Ұлжан
в) көршілері
Оқылым. Мәтінді оқы. Төменде берілген тест тапсырмаларын орындаңыз. Аты аңызға айналған британдық Итон метебі – саясат пен мәдениет әлеміне аяқ басар рұқсат қағазы десе де болады. Білесіз бе, мектептің негізі 1440 жылы қаланған екен. Алғашқыда мұнда 70 қана шәкірт өз білімдерін жетілдіретін болған. Ол кездері мектеп өте суық және тар бөлмелерде сабақтар өтетін және темірдей қатал тәртіп пен таңертеңгі алтыда басталатын сабақтар шәкірттер үшін өте ауыр еді.
Араға 500 жыл салған мектептің бүгінгі жағдайы өте жақсы! Итонда қазіргі таңда мыңнан аса шәкірт өз білімдерін шыңдауда. Ал «тәртіпке бағынған – құл болмайды»деген ұстанымды берік ұстанатын мектеп ұжымы баяғы қатаң тәртіпті әлі жалғастыруда. Әлемге ең қатал мектеп деген атпен танымал.
Сабақтар әрбір оқушыға жекеше өтіледі және таңнан кешке дейін жалғасады. Итон мектебінен небір танымал жазушылар мен өнер қайраткерлері және саясаттанушылар түлеп ұшқан. Спорт саласындағы жетістіктері де көңілден шығады.
Мектептің ең негізгі ерекшелігі: мұнда тек ұлдар ғана білім алады.
1.Мектептің басқа мектептерден ерекшелігі
А) тек ұлдар білім алады
Ә) тек қыздар білім алады
Б) ұлдар мен қыздар білім алады
2.Мектептің негізі қай жылы қаланды?
А) 1140жылы
Ә) 1440жылы
Б) 1144жылы
3. Әлемге қалай танымал болған?
А) ең үлкен мектеп деген атпен танымал.
Ә) көрікті мектеп деген атпен танымал.
Б) ең қатал мектеп деген атпен танымал.
4. «Итон» мектебінің ұстанымын тап.
А) «тәртіпке бағынған оқушы – адам болады»
Ә) «тәртіпке бағынған дұрыс»
Б) «тәртіпке бағынған – құл болмайды»»
5. Мәтінде берілген мектептің атауын тап.
А) «Итон» мектебі
Ә) «Ито» мектебі
Б) «Итон» колледжі
Жазылым.