Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары І нұсқа


«Мектептегі үйірмелердің пайдасы» тақырыбында эссе жазыңыз. Сын есімдерді қолданыңыз. (60-70 сөз)



бет2/47
Дата09.10.2024
өлшемі427,27 Kb.
#147398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
5-сынып емтихан (1)

«Мектептегі үйірмелердің пайдасы» тақырыбында эссе жазыңыз. Сын есімдерді қолданыңыз. (60-70 сөз)
Төменде ұсынылған тірек сөздерді қолданыңыз:
қазақша күрес, қолөнер, драма, бос уақыт, көрме, қабілетті ұштау.


Айтылым.

Итон мектебі мен өзіңіздің мектебіңізді салыстырыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтыңыз.


ІІ нұсқа
Оқу мақсаты:
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
5.4.2.1эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі

  • берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп, шағын диалогке қатыса алады;

  • эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады;

  • мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі, жалғау түрлерін дұрыс жалғай алады.

Тыңдалым.
Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.
1. Абай неше жасында орыс тілін үйрене бастады?
а) 5 жасында
ә) 9 жасында
б) 13 жасында
в) 3 жасында
2. Абай қазақ халқын ... болуға шақырды.
а) көңілді
ә) надан
б) мәдениетті
в) малды
3. Абайдың әкесі қандай адам болған?
а) күлегеш
ә) қатал
б) жұмсақ
в) ақын
4. Абайға аңыз әңгімелерді кім айтқан?
а) Досы Ербол
ә) Әкесі Құнанбай
б) шешесі Ұлжан
в) көршілері
5. Абай қай шығармасына ән шығарған?
а) «Болыс болдым мінеки»
ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
б) «Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Интернатта оқып жүр»
Оқылым.
Мәтінді оқы.Берілген тест тапсырмаларды орындаңыз.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан - ірі мемлекеттердің бірі. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстанның жері кең байтақ. Шекарасы батысында Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия Республикасымен шектеседі.
Қазақстанның жер қойнауы толған байлық. Қарағандыда көмір, Өскеменде мырыш, Балқашта мыс, Маңғыстауда мұнай өндіріледі. Еліміздің табиғаты да ерекше, климаты континентальді.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы16 желтоқсанда алды. Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш болып АҚШ мойындады? Біз Отанымызды сүйеміз, мақтаныш етеміз.

  1. Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды?

А) 1993жылы
Ә) 1991жылы
Б) 1992жылы
2. Қай ел Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш болып мойындады?
А)АҚШ
Ә) Қытай
Б) Ұлыбритания
3.Біздің елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады ?
А) жүз отыздан астам
Ә) жүз отыз ұлт өкілі
Б) жүз жиырмадан астам
4. Маңғыстауда не өндіріледі?
А) көмір
Ә) мұнай
Б) мырыш
5. Қарағанды қаласында не өндіріледі?
А) көмір
Ә) мырыш
Б) мұнай
Жазылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет