Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елеусізова Б. Т


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Н.Исаева



бет2/3
Дата22.12.2023
өлшемі18,75 Kb.
#142877
түріҚұрамы
1   2   3
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Н.Исаева 6 «Д», 7«Ә», 8 «Ә», 8 «Г», 9 «Ә» сыныптарында сабақ жүргізеді. Жоғарғы сынып оқушыларының диктант, жазба жұмыс дәптерлері, сынып жұмысына арналған дәптерлері талапқа сай, ал 5 «Б» сыныбында Абдрахман Алдияр, Жолдасбек Саян, Қайратұлы Айбол
Сенбай Уәлиолланың жазу ажары нашар, сынып жұмысы мен үй жұмыстарын дұрыс орындамайды. Дәптерінің сыртының толтырылуы нашар, жазу коллеграфиясы нормаға сай емес, ұқыпсыз, дәптерін тексеру мүмкін емес, түсініксіз.
Пән мұғалімі осы аталған оқушылармен жазу коллеграфиясы бойынша үнемі жұмыстар жүргізіп отырады. Мұғалімінің дәптерді тексеруі, қатеге көңіл бөлуі талапқа сай.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Е.Дюсембинова 7 «А», 8 «А», 8 «Б», 8 «Д» сыныптарына сабақ жүргізеді. Жалпылама алғанда мұғалімнің дәптер тексеру жиілігі ұқыпты. Ал кейбір оқушылардың дәптерлері толық емес, жазу коллеграфиясы нашар. Атап айтсақ, 7 «А» сыныбындағы Сегізбай Батыр, 8 «Б» сыныбындағы Мұсағали Омар, 8 «А» сыныбындағы Нұрланұлы Әбілмансұр. Бұл оқушылардың жұмыс дәптерлері ұқыпсыз жазылған, жазу ажары нашар, талапқа сай емес.
Пән мұғалімі оқушылардың көркем жазу, қатемен жұмыс түрлерімен үнемі жұмыс жүргізіп отырады. Сондай-ақ дәптер тексеру жиілігі, бағаның қойылуы нормаға сай.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Н.Сарсенбаева 5 «Ә», 9«Г», 7 «Б», 10 «Ә», 11 «А» сыныптарында сабақ жүргізеді. Оқушылардың №1,2 дәптерлері бар, толық. Диктант, жазба жұмыс дәптерлері толтырылған, қапталған. 5 «Ә» сыныбында Адилгазинов Жанибектің және Онарбек Ернурдың дәптерлерінің сырты дұрыс толтырылмаған, сынып және үй жұмыстарын үнемі дұрыс орындамайды. Пән мұғалімі жазу коллеграфиясы нашар оқушылармен үнемі жұмыс жүргізіп отырады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джетписбаева С.К 5 «Д», 5 «А», 9 «Д» сыныптарына сабақ жүргізеді. Сынып оқушыларының жазба, диктант жұмыс дәптерлері толығымен толтырылған, қапталған. 5 «Д» сыныбында Ерқасым Алдияр, Мұхтар Байбосынның каллиграфиясы нашар, жазба жұмыстарында бірнеше қате жібереді. Сынып жұмыстарын тақтадан көшіру барысында да бірнеше қате жіберіп, өте түсініксіз жазады. Осы аталған оқушылармен пән мұғалімі үнемі жұмыс жүргізіп отырады. Дәптерді тексеру жиілігі талапқа сай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет