Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі мен әдебиеті
СӨЖ
Пәннің атауы: «Мектептегі жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі»
Тақырыбы: «Менің университеттегі бір жылым» тақырыбында шағын әңгіме жазу (850-1000 сөз)
Орындаған:Әлімғожа Дастан
(ҚТӘ 2-курс ДОТ)
Тексерген: Рахметова Райгул.
Алматы, 2022
«Менің университеттегі бір жылым» Мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттегі 2021 жылы екінші мамандыққа түстім. Екінші мамандық тандауда қатты ойландым. Бір білгенім, менің мамандығым тек тілмен байланысты болу керек екеннің түсіндім. Бұл мамандығым менің болашақ өміріңнің мәні де сәні болуы тиіс, себебі менің ертең күн көріс көзім. Сондықтан, оны таңдар алдында ақылға салдым. Мамандық таңдау кезінде аздап өзгеріс болды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын таңдадым. Себебі қазір осы мамандық иесі болуға екінің-біреуі жете бермейді. Оқып жүргеніме бір жылдан асты.
Енді мен сіздерге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттегі бір жыл өмірім туралы әңгімелегім келеді. Қайтадан студенттік кезең, жаңа достар. Мен айтар едім, «Мектеп — біз үшін өмірідің алғашқы баспалдағы болса, университет біздің болашаққа басқан алғашқы қадамымыз». Әрине бәрі өз қолымызда. Бірақ универге алғаш келген сәт мектептегіден әлдеқаида өзгеше, екі есе қобалжу болды. Екінші мүмкіндік мен үшін деп айтсам қателеспеймін.
Бұл университет мені жаңа ортамен табыстырды. Немесе универ арқылы мен жаңа орта, жаңа достар таптым десемде болады. Екінші жоғарығы білім болған сонба, группаластарымыздың жас айырмашылығымыз ар қалай. Бірақ бұл біздерге оқуға деген әсерін тигізбеді. Керісінше бір-бірімізге арқа сүйер болып ақылымызды айтып, көмек қолын беріп отырдық. Сабағымыздың басым бөлігі қашықтықтан оқыту болды. Тек сессия уақытында ғана университетте болады. Пандемия да бізге біраз әсерін тизігді десек те болады.
Негізі групаластарымның барлығы екінші жоғары білім алуды мақсат еткен азаматтар. Олар оқуын оқу үшін жұмыс істеуге мәжбүр. Менде ақылы бөлімде оқимын және оқуымды төлеу үшін жұмыс істеймін. Бірақ бұл маған кері әсері тигізбейді.
Университет жайлы айтатын болсам, университет қабырғасында жан – жақты, біліктілігі жоғары, қазақтың керемет ақын – жазушыларының алдын көрген, сол ұлы кісілерден дәріс алған оқушы-профессорлар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, доценттер қызмет атқарады.
Бұл университеттің ерекшелігі және өзіме қатты ұнағаны – студенттерге өте көп жағдай жасалған. Оған қоса барлығы да әр студенттің қауіпсіздігі үшін байне камералармен жабдықталған. Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған.
Мысалы, интернет орталығы, мұражай, тамақтандыру комбинаты, студенттерге қызмет көрсету орталығы, компьютерлік техникалық жабдықтар, WI-FI сымсыз интернет желісі, спорттық кешен сынды орталықтар орналасқан.
Биыл оқып жатқанымызға екінші жыл. Осы орайда, ҚазҰПУ-ға қашанда қарыздармыз әрі айтар алғысымыз мол. Себебі адам өміріндегі университет кезеңдері көңілден кетпес, қаперден өшпес жарқын естеліктерге толы, қызықты жылдар. Ол кездер еш уақытта ұмытылмақ емес. «Университет» деген кезде біздің көз алдымызға алдымен асыл ұстаздарымыз әрі олардың берген тәлім-тәрбиелері һәм курстастарымыз елестейтіні де содан. Ал енді ұстаздарымызға айтар алғысымыз айрықша.