«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым Транскрипт
«Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы бола отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруге, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы түрлерінің тең жартысы өндірілуі тиіс», – делінген. Қазіргі кезде Қазақстанда Күн, жел, су энергияларын пайдалану жоғары деңгейде емес. Мамандардың есебі бойынша, елімізде баламалы энергия көздерінен өндірілетін энергия жалпы энергияның 1 пайызы ғана екен. Еліміздің жер қойнауы мұнай мен көмірге, басқа да пайдалы қазбаларға бай болғандықтан, біз энергия тапшылығын көріп отырған жоқпыз. Бірақ жер қойнауындағы қазбаларымызды шексіз деп айтуға болмайды. Оның экологиялық зардаптары – жеке мәселе... (Ескерту: кідіріс жасалып, оқушы бірінші сұраққа жауап беруі керек).
Профессор Ә.Жамалов күн энергиясын пайдалануға байланысты зерттеу жұмысына жарты ғасырға жуық өмірін арнады. Ташкент қаласында жұмыс істеп жүргенінде ол баламалы энергия көзін өндіру ісін бастады. Мәскеу қаласының мамандарымен бірігіп, 1000 шаршы метрлік Күн энергетикалық қондырғысын жасады. Осы қондырғымен екі қабатты ғимаратты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етті. Кейін Алматы қаласына келгеннен кейін де зерттеу жұмысын жалғастырды. Ол Үлкен Алматы каналын салу құрылысы кезінде күн энергиясын пайдаланып, тәулігіне 100-ге жуық адамды ыстық сумен қамтамасыз етті. Өкінішке орай, сол кезде жер қойнауындағы пайдалы қазбалар әлі де жеткілікті болғандықтан, баламалы энергия көздерін пайдалану қажет болмай қалды.
Ал 2013-2015 жылдары ол зерттеу жұмыстарының грантын жеңіп алды, сөйтіп шағын су электр стансасын іске қосты. Аталған қондырғы EXPO – 2017 халықаралық көрмесінде шетелдік мамандар тарапынан өз бағасын алды.
Ол кісі аталған қондырғыны болашақта жел турбинасымен, күн панелімен біріктіріп, әмбебап баламалы энергия көзін жасауды жоспарлап отыр.
Мәтіндегі мәселе бойынша ғалымдардың мақсаты қандай болуы мүмкін?
баламалы энергияны күнделікті өмірге енгізу
зауыттарға ауа тазартқыш фильтрлер орнату
қоқыстарды қайта өңдейтін зауыттар салу
балама энергияны зерттеуге грант жариялау
[1]
Бос орындарға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
«Қазақстан – 2050» стратегиясында ______________________өндіру мақсаты қойылады.
[1]
Жер қойнауымыз ________________________ бай болғандықтан, біз энергия тапшылығын көріп отырған жоқпыз.
[1]
Профессор ғылыми-зерттеу грантын жеңіп, нәтижесінде _______________________ іске қосты
[1]
Сіздің ойыңызша, Стратегияда көрсетілген мақсат 2050 жылға қарай толық жүзеге асады ма? Неге?
[1]
________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________
Оқылым
А мәтіні – халық жазушысы Ә. Кекілбаевтың Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына байланысты салтанаттағы сөзі; Ә мәтіні – Қожахметтің «Алаштың асылдары» өлеңінен үзінді.
Достарыңызбен бөлісу: |